
Қазақстаннан шетелге жұмыс істеу үшін қалай кетуге болады: практикалық нұсқаулық
Шетелде жұмыс істеу – жалпы жағдайды өзгертудің, жақсы ақша табу мен әлемді өз көзіңізбен көрудің керемет нұсқасы. Қай жаққа баруға болатыны мен неден бастау керектігі жайында айтып береміз.
Елді таңдау: қайда барған оңай?
Қазақстандықтар арасында танымал бағыттардың ішінде келесілерді атап өтуге болады:
- Еуропа (Польша, Германия, Чехия): ақпараттық технологиялар мамандары, дәрігерлер, инженерлерге деген сұраныс аса жоғары. Әдетте компаниялар жұмыс визасын рәсімдеуге көмектеседі.
- БАЭ, Түркия – туризм, қаржы және қызмет көрсету салаларында кең мүмкіндіктер ұсынылған. Визаны рәсімдеу оңай.
- Оңтүстік Корея, Канада, АҚШ – көшу әлдеқайда қиынырақ, дегенмен Work & Travel бағдарламалары арқылы немесе жоғары деңгей мен сұранысқа ие мамандар үшін әбден мүмкін.
- Қытай: жақын, ағылшын тілін білетіндер үшін English teacher ретінде жұмыс істеуге қолайлы. Ойын-сауық индустриясының жұмысшыларына деген сұраныс артып отыр.
Егер әзірге тіл деңгейі төмен болса, relocation package секілді жұмыс орындарына назар аудара аласыз – мұндай жұмыс берушілер көшуіңізді толығымен ұйымдастырады.
Жұмыс іздеу: қайда және қалай?
Шетелде жұмысқа орналасу үшін келесі ресурстарды пайдалануға болады:
- LinkedIn, Glassdoor, Indeed – шетелдік компаниялар ұсынған бос орындары бар халықаралық платформалар.
- ХэдХантер.kz – кейде көшіп кету мүмкіндігі бар ұсыныстар жарияланады.
- Арнайы рекрутингтік агенттіктер – Еуропада жұмысқа орналасуға көмектеседі.
- WeChat, Telegram – Қытай, Корея бойынша тақырыптық хабарландырулары бар көптеген чаттар.
Сұхбатқа қалай дайындалу керек
Түйіндеме халықаралық форматта жасалуы қажет. Егер сіз адамдармен жұмыс істесеңіз, мәселен, Қытайда, онда сізден бейнежазба түсіріп жіберуді сұрайды – би, ағылшын тілі сабағы, ән.
Жұмыс берушіге көшуге деген мотивацияңызды қалай түсіндіретініңізді ойластырыңыз.
Құжаттарды рәсімдеу: визалар, келісім-шарттар, біліктілікті растау
Құжаттар дұрыс рәсімделмесе, көшу мүмкін емес. Не нәрсеге назар аударған жөн:
- Жұмыс визасы – ЕО-да білікті мамандар үшін Blue Card қолжетімді.
- Дипломды тексеру – дәрігерлер, инженерлер мен басқа да мамандарға білімін растау қажет болуы мүмкін.
- Еңбек шарты – шарттарды, әсіресе, көшу мен тұрғын үйге ақы төлеу мәселелерін мұқият зерттеген маңызды. Форс-мажор жағдайларды да назардан тыс қалдырмағаныңыз абзал: жұмыс беруші сізге төтенше жағдайда көмектесе ала ма?
Кеңес: кейбір елдер (мәселен, Польша) жұмыс іздеу үшін визаны ұсынады – елге келіп, осы жерден түрлі нұсқаларды іздей аласыз. Ол үшін «қаржылық көпшігіңіздің» бар болғаны жөн.
Жаңа елге көшу мен бейімделу
Келгенге дейін және одан кейін бірнеше маңызды қадамдарды орындаған маңызды:
- Тұрғын үй мәселесін шешіңіз – осы уақыт аралығында қайда тұратыныңызды нақты білгеніңіз жөн. Кейбір жұмыс берушілер мұндай жағдайларда пәтер жалдау ақысын төлеп отырады. Егер олай болмаса, жарнамалар бойынша пәтерді сіз жұмыс істейтін ауданнан алдын ала іздегеніңіз дұрыс.
- Банк шотын ашыңыз – онсыз жалақыңызды алу мүмкіндігі болмайды.
- Медициналық сақтандыруды рәсімдеңіз – көптеген елдерде бұл міндетті талап болып саналады.
Тез бейімделудің жолы
- Жергілікті тілдің базалық деңгейін меңгеріп алғаныңыз абзал.
- Отандастарыңызды әлеуметтік желілерден таба аласыз (Facebook желісіндегі экспарттар қауымдастықтары).
- Қателік жасаудан қорықпаңыз – бұл жолдан бәрі де өтеді.
Егер әзірге тілді меңгеруіңіз жеткілікті деңгейде болмаса, онлайн-аудармашы қосымшалары, мысалы, дүкенге барғаныңызда көмектеседі.
Қорытынды
Шетелге көшу – дайындықты қажет ететін маңызды қадам. Дегенмен, дұрыс әдіс-тәсілді қолдансаңыз, бұл сіздің алдыңыздан көптеген мүмкіндіктерді ашады. Егер сіз осы нұсқаны қарастырып жүрсеңіз, бос жұмыс орындарын зерттеп, сол елдің тілі бойынша біліміңізді күшейтуден бастаңыз.