Тісті түзетуге арналған элайнерлер: артықшылықтары, қарсы көрсетілімдері, Қазақстандағы бағасы

Элайнерлер: әдемі жымиысқа жеткізер заманауи жол

7 сұрақ

Элайнерлер дегеніміз не?

Брекетпен салыстырғанда элайнерлердің негізгі артықшылығы неде?

Элайнерлерді таққанда ыстық сусындарды ішуге бола ма?

Элайнерлер жинағын қаншалықты жиі алмастыру керек?

Элайнерлерді тәулігіне 22 сағат тақсаңыз, не болады?

Элайнерлерді таққанда тәтті сусындарды ішуге бола ма?

Элайнерлер болса, қандай тамақты жеуге болмайды?

Осыдан он жыл бұрын тісті түзету тек металл брекеттер және ортодонтқа ұзақ уақыт барып тұрумен байланыстырылатын еді. Бүгінде адамдардың көбі элайнерлердің пайдасына таңдау жасап жатады. Дегенмен олар баршаға бірдей жарамды бола бере ме, әрі элайнерлердің көмегімен қандай мәселелерді шешуге болады және қандай жағдайда олардың пайдасы тіптен жоқ? Бұл сұрақтардың жауабын тіс дәрігері Сергей Винокуров табуға көмектеседі.

Элайнерлер дегеніміз не

Элайнерлер – бұл тістерді тегістеу және тістемді түзету үшін қажет мөлдір алмалы-салмалы ортодонтиялық тіссауыт. Олар тура брекет секілді тісті бірте-бірте дұрыс қалыпқа орналастырады, дегенмен оған қоса жайлылық, эстетика мен ыңғайлылық сияқты маңызды артықшылықтарға ие болып келеді.

Олар қандай түйткілдерді шешеді

Элайнерлердің көмегімен келесі жайттарды реттеуге болады:

  • тістердің тығыз орналасуы;
  • тістер арасындағы саңылау;
  • тістердің бұрылуы;
  • тістердің доғада бұрыс орналасуы
  • шетке ығысқан, мезиалды, ашық және терең тістем.

Жақтың анатомиялық құрылысына байланысты туындайтын қаңқа ауытқулары бар болса, элайнерлердің тиімсіз екендігін түсінген маңызды. Мұндай жағдайда кешенді ем алған қажет, соның ішінде көбінесе хирург мамандарының қатысуы керек болуы мүмкін.

Элайнерлерді қашан қойған дұрыс

Ең қолайлысы, емдеу шараларын тұрақты тістем қалыптасқаннан кейін бастау – әдетте бұл жасөспірім кезде, яғни, шамамен 13-14 жаста оңтайлы болып саналады. Дегенмен жастың қандай да бір жоғары шекарасы жоқ деуге болады. Элайнерлермен емдеу 30, 40, 50 жас, әрі одан да жоғары жастағы ересек адамдарда сәтті жүзеге асырылады. Жалғыз ғана шектеу – тістердің, қызыл иек пен сүйек тінінің жалпы жағдайы: есейген шақта бұл факторлар анағұрлым маңызды рөлді атқаратыны хақ.

Элайнерлер қалай жасалады

Бәрі де 3D-сканерлеу немесе тістердің көшірмесін алудан басталады. Содан кейін тістемнің цифрлық үлгісі жасалады және емдеудің жеке жоспары құрылады. Жоспар келісілген соң 3D басып шығару арқылы әрбір кезеңге арналған элайнерлер дайындалады. Әрбір тіссауыт алдыңғысынан біршама ерекшеленеді, осылайша бұл тістердің жүйелі түрде орын ауыстыруын қамтамасыз етеді.

Оларды қанша уақыт тағу керек

Орта есеппен алғанда бір курс 12 айдан бастап 18 айға дейін жалғасады екен. Нақты ұзақтығы адамның жас шамасына, тістемнің ауытқушылықтары мен ағзасының жеке ерекшеліктеріне байланысты келеді. Жағдай неғұрлым күрделі болса, түзетуге арналған тіссауыттар да көбірек қажет болмақ. Айта кетсек, әдетте жасөспірімдерде емдеу айтарлықтай жылдам жүріп жатады, өйткені бұл жаста тіс әлдеқайда қозғалмалы болады және түзетуге жеңілірек беріледі.

Неліктен элайнерлербұл ыңғайлы

  • Көзге байқалмайды: мөлдір материал оларды тіптен көрінбейтіндей етеді. Бұл эстетикалық мәселені шешетіні шүбәсіз, себебі осыған дейін көптеген ересек емделушілер брекеттерді тағудан бас тартатын еді.
  • Алмалысалмалы: тамақ ішкенде және тісіңізді тазалаған кезде шеше салуға болады.
  • Жайлы: шырышты қабатты тырнап алмайды және брекеттер тәрізді ауырсынуды тудырмайды.
  • Минималды ыңғайсыздық: тіссауытты алмастырған кезде жеңіл қысымды сезінуге болады, дегенмен мұны брекеттерден болатын сезімдермен салыстыруға келмейтіні айқын. Кейбір емделушілер алғашқы күндері дикцияның бұзылуы мүмкін екендігін айтып отырады, яғни, тіліңізді шайнап сөйлегендей естіледі. Алайда бірнеше күннен кейін бәрі де қалпына келеді.

Элайнерлер бір кезеңнің ішінде тісті шамамен 3 мм қарай ығыстырады, ал бұл жұмсақ әрі бірқалыпты түзетуді қамтамасыз етеді.

Элайнерлер қанша уақыт тағылады

Емдеу тиімді болуы үшін элайнерлерді күніне кем дегенде 22 сағат тағу керек. Оларды тек қана тамақтану кезінде және тістерді тазалау үшін шешуге болады. Әр тамақтанып болғаннан кейін тіссауыттың астында тіс өңезі мен бактериялардың жиналуына жол бермеу мақсатында тісті мұқият тазалау қажет. Элайнерлерді аз уақыт тағып жүру немесе нашар гигиена емдеуді бәсеңдетіп қана қоймай, сонымен бірге қызыл иек пен тіске байланысты мәселелерге әкеліп соқтыруы әбден мүмкін.

Элайнерлерге күтім жасау

Элайнерлерге күтім жасау өте оңай, дегенмен бұл тәртіпті қажет етеді. Оларды үнемі жуып отыру керек, қажет болса, щеткамен тазаланады. Дезинфекциялау мен жағымсыз иістерді кетіру үшін арнайы шайғыш құралдарды қолдануға болады. Ең бастысы, ыстық сұйықтықтарды пайдаланбау: жоғары температура пластикті деформациялауы ықтимал. Элайнерлерді тағып жүргенде судан басқа ешнәрсені ішуге немесе жеуге болмайды.

Сонымен бірге элайнерлерді тағып алып, темекі тарту ұсынылмайды. Мөлдір пластик темекі түтіні мен шайырды сіңіріп алады, осы тұста сарғыш реңк пен жағымсыз иіс пайда болады. Эстетикалық жағынан басқа, бұл ауыз қуысының микрофлорасын бұзады және тіс пен қызыл иектің денсаулығына теріс ықпал тигізуі мүмкін. Сондай-ақ ыстық түтін тіссауыттың материалын деформациялай алады, бұл тегістеу тиімділігін төмендете түседі. Сондықтан тісті элайнерлермен емдеген кезде темекі тарту – нағыз нашар идея екендігі сөзсіз.

Егер темекі шегуден біржолата бас тарту әзірге қиын болса, екі нұсқа баршылық: әрбір темекі тартудың алдында тіссауытты алып тастап, аузыңызды шайып, содан кейін ғана қайтадан тағу немесе балама нұсқалар – мысалы, хиттерлерді қарастыру. Олар темекіні жақпайды, оны тек қана қыздырады, осының арқасында түтін пайда болмайды. Алайда ең жақсы таңдау – тіс пен жалпы ағзаның денсаулығы үшін темекімен мәңгілікке қоштасу.

Элайнерлермен емдеуден кейін не болады

Емдеудің негізгі кезеңі аяқталғаннан кейін ортодонт маманы ретейнерлерді орнатуды ұсынуы бек мүмкін – бұл нәтижені сақтап қалуға көмектесетін арнайы бекіткіш конструкциялар. Кейбір жағдайларда олар бірнеше ай бойы, ал басқаларында үнемі тағылуы тиіс, әсіресе, тіс әуел бастан бұрынғы қалпына оралуға бейім болса.

Кейбір өндірушілер кепілдікті түзетуді ұсынады: яғни, егер белгілі бір уақыт аралығында нәтиженің кері қайтарылуы байқалса, онда емделушіге қосымша тіссауыттар тегін беріледі екен.

Қазақстанда элайнерлер қанша тұрады

Элайнерлердің бағасы нақты жағдайдың күрделілігіне, емдеудің ұзақтығы мен тіссауыттың брендіне байланысты. Орта есеппен алғанда құны 1,5 млн теңгеден басталады. Дәл соманы диагностикадан кейін нақтылауға болады. Олардың бағасы емдеудің барлық кезеңдерін– диагностикадан бастап ретейнерлердің жасалуына дейін қамтуы мүмкін.

Қорытынды

Элайнерлер жайлылық пен өмір салтына нұқсан келтірмей, тістемді байқатпай түзетуге мүмкіндік береді. Әлбетте, олар тәртіп сақтау мен мұқият болуды талап етеді: оларды тағудың режимін ұстану, тіссауытқа күтім жасау мен ауыз қуысының гигиенасын сақтау аса маңызды. Дегенмен мұның бәрі – сіздің ұзақ жылдар бойы мақтанышпен күлімсіреуіңізге болатындай, әдемі, сау әрі үйлесімді жымиысыңыз үшін ақылға қонымды баға.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.