Вейптерге тыйымнан кейінгі баламалар: хиттерлер мен олардың темекімен салыстырғандағы артықшылықтары

Вейптерге тыйым салынғаннан кейін қазақстандық шылымқұмарлар зиянды қалай төмендете алады

Шылымқұмарлар үшін зиянды төмендетудің тәсілдері туралы егжей-тегжейлі айтып береміз

Вейптерге тыйым салынды, әрі маусымның 20 жұлдызынан бастап олар дүкен сөрелерінен ғайып болды. Темекі өнімдерінің ең бір зиянды түрі – шылымға қайта оралғысы келмейтін бұрынғы шылымқұмарларға заңды балама нұсқа – хиттерлерді қарастырған абзал.


ТҮТІННІҢ ОРНЫНА АЭРОЗОЛЬ БУЫ

Вейптер де, хиттерлер де (темекіні қыздыруға арналған жүйелер) никотинді жандырмай, оны қыздыруға ғана арналған технологияларды қолданып келеді, бұл дәстүрлі шылымды тартумен салыстырғанда бөлінетін зиянды химиялық заттектердің мөлшерін айтарлықтай төмендетеді. Жанған кезде темекі уытты шайыр мен басқа да канцерогенді заттектерді бөліп шығарады, ал вейптер мен хиттерлер өнімді белгілі бір температураға дейін қыздырады да, жануға дейін жеткізбейді, ал соңғысы темекі шегуден болатын аурулар мен өлім-жітімнің негізгі көзі болып келеді.

 

Олардың арасындағы негізгі айырмашылық тұтыну тәсілінде жатыр. Вейптерде адамның деммен бірге жұтатын аэрозольді түзетін арнайы буландырғышта никотині бар сұйықтықты қыздыруға арналған батареялар қолданылады. Вейптің негізі – пропиленгликоль және глицерин, олар қыздырылған кезде формальдегид пен басқа да альдегидтерге айналуы мүмкін, ал бұл ықтимал канцерогенді заттектер ретінде танылып отыр.

 

Бұл тұста техникалық қауіптер де баршылық, өйткені хиттерлерге қарағанда вейптердің өндірісін бақылау қатаң түрде жүргізілмейді. Аккумулятордың адамның қолында жарылып кеткен оқиғалары, сонымен қатар химиялық күйіктер мен сұйықтықтың ағып кетуіне байланысты терінің тітіркену жағдайлары да белгілі. Осының барлығы да электронды темекі мен вейптерге тыйым салудың себебіне айналған еді.

 

Хиттерлер болса – бұл нағыз темекі қосылған стиктерді салуға арналған ұстағыштан тұратын құрылғылар. Хиттер темекіні қыздырады – осыдан аэрозольдің буы пайда болады, ол қауіпсіз емес, дегенмен темекі түтінімен салыстыратын болсақ, оның құрамындағы зиянды заттектер 95% азырақ.

ТЕМЕКІ ҒАНА ЕМЕС

Вейптерге тыйым салынған соң қандай нұсқаға ауысу бойынша әркімнің өз таңдауы өзінде. Егер дәстүрлі темекіге ауысу тым кенет болып көрінсе, ал темекіден мүлдем бас тарту қолыңыздан келмесе, басқа баламаларды қарастыра отырып, зиянды төмендетуге болады.

 

Еуропаның кейбір елдерінде кеңінен таралған әдістердің бірі снюс болып келеді, бұл – жоғарғы ерін мен қызыл иектің арасына орналастырылатын ұсақталған әрі ылғалданған темекі. Бұл әдіс Швецияда ең көп таралған болып саналады, ал Қазақстанда снюсті ресми түрде сатып алуға болмайды. Сонымен бірге никотинді алмастыратын терапия да бар, мұнда никотиндік жабыстырғыштар, сағыз және мұз кәмпиттер ұсынылған.

 

Вейптерге тыйым салынғаннан кейінгі және шайналатын темекіге (снюс) бұрыннан бері бар тыйымнан соң ең кеңінен таралған балама – хиттерлер болып отыр. Өзінің атауы айтып тұрғандай, хиттер темекіні тікелей 300–350 градусқа дейін қыздырады да, бұл никотиннің бөлінуі үшін жеткілікті температура, содан кейін адам оны пайда болған бумен бірге жұтады. Жұмыс қағидаттары бірдей болып көрінетініне қарамастан, хиттерлер анағұрлым төмен температураларда жұмыс істейді, сондықтан мұндағы зиянды заттектердің концентрациясы, әдетте, дәстүрлі темекінің түтінімен салыстырғанда әлдеқайда төмен.

Аударған: Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 71 Average: 3.3]