ББҚ: пайдасы мен зияны. Қосымшаларды қабылдамас бұрын білу керек нәрселер

ББҚ: ағзаға көмек пе, әлде қымбат иллюзия ма?

10 сұрақ

ББҚ дегеніміз не?

Қоспа түріндегі B12 дәруменін негізінен кімге тағайындайды?

Жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдерге қандай дәруменді қабылдау ұсынылады?

Неліктен дәрігерлер ББҚ қоспаларына күмәнмен қарайды?

Артық мөршерлеу кезінде қандай дәрумен улағыштықты тудыруы мүмкін?

ББҚ мен дәрі-дәрмектер біріктірілсе, не болуы мүмкін?

Бас ауруы кезінде көбінесе қандай минералды тағайындайды?

Нутриенттердің негізгі көзі не болып келеді?

ББҚ қоспаларының қажеттілігін қандай талдаулар анықтайды?

Дәрігерлер ББҚ қабылдау кезінде нені басты нәрсе деп санайды?

Бүгінгі таңда биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) нарығы қарқынды түрде өсіп келеді. Жарнама «капсуладағы денсаулықты» сыйлауға уәде етеді, алайда дәрігерлер бұл жайтқа көбіне-көп күмәнмен қарайтыны рас. Жарқын құтылар ұзақ өмір мен денсаулықты нығайтуға уәде береді, дегенмен бәрі алғаш көрінгендей соншалықты қарапайым ба? Шынайы пайда қай жерде, әрі қауіптің қайда екендігін анықтауға диетолог-нутрициолог Алмагүл Ержекенова көмектеседі.

ББҚ дегеніміз не және олар дәріден несімен ерекшеленеді

ББҚ – бұл құрамында дәрумендер, минералдар, өсімдік сығындылары немесе басқа да белсенді заттектері бар өнімдер. Олардың негізгі мақсаты – ауруларды емдеу емес, ас үлесін толықтырып отыру. Дәрі-дәрмектермен салыстырғанда ББҚ міндетті клиникалық сынақтардан өтпейді және нарыққа шығарылмас бұрын бақылаушы органдардың тарапынан мақұлдануын талап етпейді. Дәрілер «нәтижесі дәлелденбегенше, қауіпті» деп саналады, ал ББҚ – керісінше: бұл тұста өндіруші қауіпсіздік пен сапа үшін өзі жауап береді. Бұл нарықтың тұтынушы үшін анағұрлым аз қорғалғандығын білдіреді.

Неге дәрігерлер сақ болуға шақырады

Медицина қызметкерлерінің күмәншілдігі бірқатар түйткілмен байланысты болып отыр: сапаны бақылаудың әлсіздігі мен ықтимал қосындылар қаупі, дәрі-дәрмекпен өзара әрекеттесу тәуекелі, нақты емдеуге баруды кейінге қалдыру мен аса жоғары маркетингтік уәделер. Американдық медициналық қауымдастық тікелей ескертеді: қоспалар «жеткілікті деңгейде зерттелмеген және қауіпті болуы ықтимал».

Қай уақытта ББҚ қабылдау орынды

Егер белгілі бір дәруменнің түрлі талдаулармен расталған нақты тапшылығы бар болса, сонда ғана ББҚ пайдалы болуы мүмкін. Мысалы:

  • B12 дәрумені – вегандар үшін;
  • D дәрумені – инсоляция төмен болған жағдайда (күннің аз болуы);
  • фолий қышқылы – жүктілікті жоспарлап жүрген әйелдер үшін;
  • мелатонин – ұйқы мен джетлагты түзету үшін.

Қалған жағдайлардың барлығында да қоспалар – бұл теңдестіріген тамақтанудың орнын алмастыру емес, бұл тек қосалқы құрал ғана болып есептеледі.

Қандай ББҚ түрлерінің тиімділігі дәлелденген

Бүгінде ғылыми тұрғыдан негізделген пайда тек қана шағын топтар үшін расталып отыр:

  • D дәрумені өлім қаупін төмендетеді және тапшылық кезінде иммунитетті нығайтады.
  • Омега-3 жүрек-қан тамырлары ауруларының салдарынан, әсіресе, жоғары қаупі бар адамдар арасында болатын өлім-жітім жағдайларын төмендетуге көмектеседі.
  • Магний адам ағзасының жүздеген үдерісінде негізгі рөлді атқарады, тапшылықтың орнын толтыру жалпы хал-жағдайды жақсартады.

ББҚ бақылаусыз қабылдау несімен қауіпті

Дәрумендер мен минералдарды, соның ішінде майда еритін (A, D, E, K) түрлерін мөлшерден тыс қабылдау уытты болуы мүмкін. Қоспалар дәрі-дәрмектермен өзара әрекеттесуі ықтимал, әрі жанама әсерлерге (D дәрумені – қанда кальцийдің артуы, магний – іш өту) әкеліп соқтырады және, тіпті, ауруханаға жатқызудың себебіне де айнала алады.

Сонымен бірге ББҚ айналасындағы дақпырттар да белгілі бір дәрежедегі қауіпке ие:

  1. «Табиғи, демек зиянсыз» – бұл дақпырт. Көптеген табиғи заттектер уытты болып келеді.
  2. «Неғұрлым көп болса, соғұрлым жақсы» – қауіпті қате. Артық мөлшерлеу бауыр мен бүйрекке соққы жасайды.
  3. «ББҚ бәрін де емдейді» – шын мәнісінде олар тек қана дұрыс тамақтану мен медицинаны толықтырып отырады.
Гастритке әкеліп соқтыратын 5 әдет
Терапевт-диетолог айтып береді Бала кезімізден-ақ бәріміз де аналарымыз бен әжелерімізден еститіндеріміз: «Тамақты құрғақтай жеме, бұл…
https://laikos.kz/kz/tamaq/5-privychek-gastrit/

Жеке тәсіл – пайданың кілті

Әрбір адамның ағзасы заттектерді әрқалай сіңіреді: бұл тұста генетика, денсаулық жағдайы, тамақтану әсер етеді. Сондықтан әлдебіреу үшін пайдалы болып келетін нәрсе, басқа біреу үшін пайдасы жоқ немесе, тіпті, қауіпті болып шығуы ды бек мүмкін. Дәрігерлер артық қоспаларды қабылдамау үшін дәрумендер мен минералдарға анализ тапсыруға кеңес береді. Дәрумендер мен минералдардың деңгейін анықтайтын кейбір талдаулар (D, B12, фолий қышқылы, магний) жетіспеушіліктерді айқындау мен қауіптерден аулақ болуға көмектеседі. Алайда ББҚ қабылдаудың нысаналылығын әрдайым талдаулар арқылы тексеруге бола бермейді. Мұндай жағдайларда дәрігер-диетологтың кеңестеріне жүгінген абзал. Тек дәрігер ғана негізделген әрі қауіпсіз қабылдауды тағайындай алады.

Қорытынды

ББҚ тек расталған тапшылық жағдайында ғана пайдалы, дегенмен бақылаусыз қабылдау кезінде оларды қауіпсіз деуге келмейді. Басты ереже – маркетингке сенбей, дәрігермен кеңесу. Денсаулық үшін әлі де ең сенімді «дәрі» бұл толыққанды тамақтану, қимыл-қозғалыс пен профилактикалық тексерулер болып қала бермек.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.