Тұмша мидың қартаюын қалай тездетеді? Алматыдағы қауіп пен қорғану жолдары

Лас ауа мен тұмша мидың қартаюын қалайша тездетеді

Біз «тұмша» деген сөзді естіген кезде әдетте жөтел, ентігу, өкпеге қатысты түйткілдер жайлы сөз етеміз. Алайда дәрігерлер келесі жайт туралы жиі ескертеді: ластанған ауа тыныс алу жүйесіне ғана емес, сондай-ақ миға да соққы жасайды. Ол зейінділікті төмендетеді, есте сақтау қабілетін нашарлатады және, тіпті, деменция қаупін арттыра алады. Алматыда бұл нағыз көкейкесті тақырып: қысқы мұнар қала пейзажының үйреншікті бөлшегіне айналғаны қашан. Лайқосқа мәселенің басын ашу мен өзіңізді қалай қорғауға болатынын анықтауға дәрігер-пульмонолог Бекдәулет Әкімниязова көмектесті.

Тұмша дегеніміз не

Тұмша – бұл қатты бөлшектерден (PM 2.5, PM 10, ультражіңішке), қара көміртектен, азот тотығынан, озон мен басқа да газдардан тұратын күрделі коктейль. Дәл осы PM 2.5, NO2 және күйе ең үлкен қауіпті төндіреді: олар өкпеге, қанағымға және, тіпті, миға терең еніп кетуге қабілетті болып келеді.

Алматыдағы көрсеткіштер

2024 жылы Алматыдағы PM 2.5 орташа жылдық концентрациясы 24,08 мкг/м³ құрған – бұл ДДСҰ нормасынан бес есеге жуық жоғары. Сондай-ақ азот диоксидінің деңгейі де төрт есе артық. Қыста жағдай тіптен нашарлай түсетіні хақ: мұндай ауамен тыныс алу – тура айына ондаған темекіні тартып шыққанмен тең. Ең көп зардап шегетіндер солтүстік-шығыс аудандарының (Жетісу, Түрксіб) тұрғындары болып саналады.

Қала тұрғындарының өзгерістерді сезінетіні таңқалдырмайды: сауалнамаға қатысқан адамдардың 57% соңғы жылдары ауаның айтарлықтай нашарлағанына сенімді. 2025 жылдың қаңтар айында ауа сапасының индексі (AQI) 256 белгісіне жеткен еді – бұл «өте нашар» деңгей.

Тұмша миға қалай зақым келтіреді

Ғалымдар бірнеше механизмді бөліп көрсетеді:

  • Оксидативті күйзеліс. Ауадағы ұсақ бөлшектер ағзаны шамадан тыс көп бос радикалдарды өндіруге мәжбүрлейді, ал бұл агрессивті молекулалар ми жасушаларын зақымдайды және олардың қартаюын жылдамдата түседі.
  • Қабыну. Ауаның ластануы иммунитетті белсендіреді де, ол апаттық режимде жұмыс істеп бастайды. Нәтижесінде нейрондар мен олардың арасындағы байланыстар зардап шегеді.
  • Тамыр бұзылыстары. Ластанған ауа қанағымын нашарлатады, тамырларды атеросклероз алдында әлсіз етеді және мидың микроинфарктқа тап болу қаупін арттырады.
  • Тікелей еніп кету. Ең ұсақ бөлшектер иіз сезу арқылы немесе қан мен жүйке тіні арасындағы зақымданған тосқауыл арқасында миға енуге қабілетті.

Дәлелденген жайттар

Lancet Planetary Health басылымының соңғы шолуында хабарланғандай, шамамен 30 млн адам арасында жүргізілген сауалнама нәтижесі PM 2.5 бөлшектерінің, азот диоксиді мен қара көміртектің ұзақ уақыт бойы әсер етуі деменция қаупінің артуымен тікелей байланысты екендігін көрсеткен.

АҚШ-тағы NIH зерттеуі келесі бір жайтты паш етті: 10 жыл ішінде жасы 50 асқан адамдардың 15% деменцияның дамуына шалдыққан екен, әрі басты қауіп факторы дәл осы ауаның ластануы болып есептеледі. Жүрек-қан тамырлары және басқа да созылмалы ауруларға тап болған адамдар ең көп зардап шеккендер болып шықты. Өрт салдарынан және ауылшаруашылық қызметінен болатын шығарындылар да ерекше қауіпті екен.

Алматының да тұрғындары осындай салдарды сезініп келеді: қатты тұмша болатын кезеңдерде бас ауруы, шаршағандық, ұйқысыздық пен зейін қоюдың төмендеуі секілді жайттар адамдардың көбі үшін үйреншікті нәрсеге айналғаны қашан. Бұл деменция болмағанымен, мидың бар мүмкіндігінің шегінде жұмыс істеп жатқаны туралы алаңдататын белгілер екені шүбәсіз.

Тыныс алу жүйесі қалай жұмыс істейді және темекі оған қалай әсер етеді
Адамдардың көбі өкпенің қатерлі ісігі туралы және темекі түтінінің қаншалықты зиянды екендігін біледі. Алайда жану…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/kak-rabotaet-dyhatelnaya-sistema-i-chto-s-nei-delaet-tabachnyi-dym/

Осал топқа жататындар

Жасы үлкен адамдар – ең жоғары қауіп аймағында тұр: тұмша деменцияның пайда болу ықтималдығын арттыра отырып, оның дамуын жылдамдатады. Егер адам жоғары қан қысымы, жүрек пен қан тамырларының ауруларына шалдыққан болса, жағдай одан сайын қауіпті бола түседі. Жастар мұның салдарын осыншама айқын сезіне қоймайды: негізінен шаршау мен зейін қоюдың төмендеуі байқалады, дегенмен ластанудың әсері жинақталады да, болашақта әлдеқайда ауыр зардаптарға әкеліп соқтыруы ықтимал.

Күшейткіш факторлар

Темекі тарту. Темекі түтіні қабынуды, тотығу стресін күшейте түседі де, өкпе мен тамырларға деген жүктемені үстемелейді. Ең жақсы сценарий – толықтай бас тарту. Алайда егер әзірге бұл қадамға бару мүмкін болмаса, кем дегенде, темекі санын қысқартқан немесе хиттерлер секілді балама нұсқаларды қарастырған абзал. Олар жану үдерісіне жол бермейді және дәстүрлі темекімен салыстырғанда тұншықтырғыш газ бен шайырды әлдеқайда аз шығарады.

Күйзеліс. Созылмалы алаңдаушылық өздігінен қабынуды қоздырады, зат алмасу үдерісін бұзады, тамырлардың қызметін нашарлата түседі. Күйзелістен толықтай аулақ болу мүмкін емес, дегенмен бұл тұста тыныс алу практикалары, спортпен айналысу, медитация және тұрақты ұйқы көмекке келеді.

Гипертония, қант диабеті, жүрек-қан тамырларының аурулары. Бұл жағдайлар деменцияның пайда болу қаупін арттыратыны белгілі, ал ластанған ауа жағдаятты одан бетер ушықтырып жібереді. Сондықтан қысымды, қант пен холестерин деңгейін бақылап отырған, сондай-ақ тағайындалған дәрі-дәрмектерді дер кезінде қабылдап отырған аса маңызды.

Аз қозғалу мен дұрыс тамақтанбау. Белсенділіктің жетіспеушілігі мен фастфудты шамадан тыс көп тұтыну ағзаның зақымдауларға төтеп беру қабілеттілігін төмендетеді. Қарапайым қадамдар – тұрақты түрде серуендеу, дене шынықтырумен айналысу, әрі ас үлесінде көкөністер мен жемістердің көбірек болғаны, ал өңделген өнімдердің азырақ болғаны жөн.

Әлеуметтік-экономикалық факторлар. Бұл жағдайда әсіресе табысы төмен және медицинаға деген қолжетімділігі шектеулі адамдар немесе анағұрлым ластанған аудандарда тұратындар қиналады, өйткені олардың қорғаныс үшін мүмкіндіктері айтарлықтай аз.

Не істеу керек?

  • Ауа сапасын қолданбалар мен дашбордтар арқылы қадағалап отыру.
  • Ластану деңгейі ерекше қатты болатын күндері үйде қалып, N95/FFP2 бетперделерін қолдану, әрі «таза сағат» кезінде бөлмелерді желдету.
  • Ауа тазартқыштарын қою, ылғалды тазалауды жиірек жүргізу.
  • Денсаулықты нығайту: антиоксиданттарға бай тамақтануды ұстану, физикалық белсенділік, қысымды қадағалау.
  • Көбірек жаяу жүру немесе қоғамдық көлікті пайдалану, аулалар мен көшелерді көгалдандыру.
  • Күретамырлық қысымды, жүрек денсаулығы мен ұйқыны бақылау.

Қорытынды

Алматы – бұл тұмшаның күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналған қала. Жақсы жаңалық жоқ емес: көп нәрсе қала тұрғындары мен биліктің бірлескен іс-әрекеттеріне байланысты болып отыр. Шығарындыларды азайту, таза технологияларға ауысу, сауатты ақпараттандыру мен жеке әдеттер қауіпті айтарлықтай төмендете алады. Мәселе тек бүгінде біздің немен тыныс алып отырғанымызда ғана емес, сонымен бірге ертеңгі күнгі денсаулығымыз бен ақыл-ой айқындылығының қандай болатынында жатыр.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.