Жұмыртқадан не жасауға болады: 10 ерекше әдіс пен дайындаудың түрлері

Сіз татып көрмеген немесе ұмыт болған 10 дәмді жұмыртқа тағамы

Тек омлет қана емес

Жұмыртқа, бір жағынан – өте үйреншікті және күнделікті өнім, ал екінші жағынан – таңқаларлық және ерекше болып келеді, әрі ол аспаздық пен тамақтануда ғана емес, сондай-ақ мәдениетте де айырықша орын алып отыр. Пәлсапаның негізгі сұрағы да нақ сонымен байланысты: «Бірінші пайда болған не – жұмыртқа ма, жоқ әлде тауық па?». Ежелгі заманнан бері жұмыртқа әртүрлі мәдениеттерде өмір, жандану және игіліктің нышаны ретінде қолданылып келген.


Жұмыртқа ақуыз, дәрумендер мен минералдарға бай өнім, әрі бұл оны дәмді ғана емес, сонымен бірге тамақтанудың өте-мөте пайдалы компоненті ететіні хақ. Бұл өнімде қарапайымдылық пен қолданудың ерекше алуан түрлілігі біріккен: классикалық омлеттер мен уыздықтан бастап суфле мен меренгалар секілді күрделі аспаздық шедеврлерге дейінгі тағамдар. Дегенмен осы бір «жұмыртқаның аспаздық әлеуетін» пайдаланып жүргендер кемде-кем, әдетте адамдардың көбі дәстүрлі пісірілген жұмыртқа, омлет және қуырылған жұмыртқамен шектеліп отырады. Алайда көкжиекті кеңейтетін уақыт келді. Осы мақалада сіздерге арнап жұмыртқадан жасалатын 10 айырықша рецепт жинадық. Сіздерге кәсіпқой маманның рецепттерін, сол секілді біздің оқырмандарымыз бөліскен сүйікті, әрі олардың пікірінше, жұмыртқаны дайындау тәсілдерінің ерекше нұсқаларын байқап көруді ұсынамыз.

 

Сонымен бес рецепттен тұратын алғашқы блокты басылымымыз үшін бас аспазшы Денис Ермолаев ұсынып отыр.

ДЕСЕРТТІК КОКОС ОМЛЕТІ

Десерттік кокос омлеті

Барлық ингредиенттерді блендердің көмегімен біркелкі күйге дейін көпіршітіп алып, термоқалыпқа құйыңыз. Су моншасында 20 минут 150-160 С градус шамасында пісіріңіз.

САРЫУЫЗ КРЕМІМЕН ТОЛТЫРЫЛҒАН ЖҰМЫРТҚА

Сарысы кремімен фаршталған жұмыртқалар

Жұмыртқаны 8-9 минуттай дайын болғанға дейін пісіру, салқындату, қабығынан тазартып алу, екі жартыға ұзынынан тілу, ақуыздың тұтастығын бұзбай сарыуызын алыңыз да, жұмыртқаның сарысын майонез және кетчуппен араластырып, өз қалауыңыз бойынша тұз қосыңыз, дайын кремді кондитерлік қапқа салыңыз да, жұмыртқаның жартыларына салып шығыңыз, үстіне аскөк сеуіп безендіріңіз.

КРЕМ-БРЮЛЕ

Крем-брюле

1. Жұмыртқаның сарыуызын 1,5 ас қасық қантпен араластырамыз.

 

2. Кілегейді қалған қант пен ваниль тұқымы немесе ванилинмен кәстрөлдің ішінде қыздырамыз. Қоспаны қайнатамыз. Қыздыру үдерісінің барысында қант толығымен еріп кетуі керек, ал кілегей ванильдің хош иісін сіңіріп алуы тиіс. Кілегейдің күйіп қалмауы үшін қоспаны үнемі араластырып тұрған маңызды.

 

3. Ыстық кілегейге саруызды жіңішке ағыншамен құямыз. Массаны бұлғауышпен белсенді түрде араластыру қажет.

 

4. Десерттің негізін елеуішпен елейміз.

 

5. Десерттік негізді қызуға берік қалыптарға құямыз да, қалыптардың үстін фольгамен жауып қоямыз.

 

6. Қалыптарды ыстық су құйылған қаңылтыр табаға орналастырамыз. Мұндағы су деңгейі қалыптар биіктігінің жартысына дейін жетіп тұруы керек.

 

7. Десертті 40 минут 160 °С температура шамасында пісіреміз.

 

8. Кремді тоңазытқыштың ішінде кем дегенде 4 сағат салқындатамыз. Ал жалпы десертті түнге немесе оны таңертең пісірсеңіз, күні бойына тоңазытқышта қалдырған абзал.

9. Десертті тоңазытқыштан шығарамыз және үстіне қант себеміз. Қант ерігенше және карамелденгенше газ жанарғысымен күйдіріп шығамыз.

«ГОЛАНДЕЗ» ТҰЗДЫҒЫМЕН БЕРІЛЕТІН АВОКАДО ҚОСЫЛҒАН БЕНЕДИКТ ЖҰМЫРТҚАСЫ

Голланд соусымен авокадо қосылған жұмыртқа Бенедикт

Пісірер алдында жұмыртқаны кішкентай елекке салған жөн, осыдайша жұмыртқаның үштен бір сұйық бөлігі бөлінеді, бұл жұмыртқаны әлдеқайда тегіс және ұқыпты түрге келтіруге мүмкіндік береді.

 

Пашот жұмыртқасын пісіру: сотейник немесе кішкентай кәстрөлге су құямыз, тұс, сірке суын қосып, қайнатамыз, баяу қайнап тұруы үшін қыздыруды азайтамыз, су «шұңғысын» жасаймыз. «Шұңғыстың» айналуы жартысына дейін азайған кезде жұмыртқаны електен ыдыстың ортасына ақырын құямыз да, әрі қарай суды сәл айналдырып, жұмыртқаның айналуына мүмкіндік туғызамыз, осылайша 2 минут пісіреміз. Дайын жұмыртқаны судан аламыз да, сірке суының қалдықтарынан құтылу үшін таза ыстық суға саламыз, содан кейін оны қуырылған тост нанның үстіне қоямыз да, «Голандез» тұздығын құйып, қасына піскен авокадо тілімдерін қоямыз.

 

«Голандез» тұздығы үшін:

Жұмыртқаның сарыуызы – 5-6 дана

Сары май – 300 гр.

Тұз – 1-2 гр.

Лимон шырыны – 3-5 гр.

 

Сарыуызды су моншасында араластырыңыз да, лимон шырынының бірнеше тамшысын қосыңыз. Үнемі араластыра отырып, майлылығы кемінде 82,5% құрайтын еріген сары майды құйыңыз, әрі тұздық қоюланғанша дейін бұлғауыштың көмегімен шайқаңыз, не болмаса біркелкі қою кремге айналғанша дейін батпалы блендердің көмегімен де көпіршітуге болады.

ТУНЕЦ САЛЫНҒАН ЖҰМЫРТҚА

Тунец қосылған жұмыртқа фаршы

Жұмыртқаны 8-9 минуттай дайын болғанға дейін пісіру, салқындату, қабығынан тазартып алу, екі жартыға ұзынынан тілу, ақуыздың тұтастығын бұзбай сарыуызын алыңыз, жұмыртқаның сарысын майонезбен араластырыңыз. Шырынсыз тунецті шанышқының көмегімен езіп, жұмыртқаның сарыуызымен біріктіріңіз, біркелкі күйге дейін жақсылап араластырыңыз да, жұмыртқаның жартыларына салып шығыңыз, үстіне аскөк сеуіп безендіріңіз.

 

Жұмыртқадан жасалатын келесі 5 сүйікті рецептісін оқырмандарымыз ұсынып отыр.

 

Алматылық Ева есімді оқырманымыз туризм саласында жұмыс істейді екен, әрі ол «дұрыс тамақтану» тәртібін ұстанатындар үшін қантсыз және ұнсыз жасалатын мінсіз вафляларды дайындауды ұсынады.

ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАСАЛАТЫН ДТ-ВАФЛЯЛАРЫ

Диеталық жұмыртқа вафлилері

Жұмыртқаны сәл араластырып, бірте-бірте протеинді қосыңыз және суды құйыңыз. Қоспаны біркелкі күйге дейін шайқаңыз. Вафель қалыбына май жағыңыз және дайын болғанға дейін пісіріңіз.

ДАНХУАТАН: ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАСАЛҒАН ҚЫТАЙ КӨЖЕСІ

Даньхуатан: қытай жұмыртқа сорпасы

Алматылық студент Дананың отбасында жұмыртқадан жасалатын дәстүрлі қытай көжесін әзірлеуді жақсы көреді. Бір қызығы, дәстүрлі қазақ асханасын ұнататын отбасыға бұл рецептті келіншектің ағылшын жұбайы – Лондон тұрғыны әкелген болатын.

 

Сорпа, үгітілген зімбір және соя тұздығын кәстрөлде араластырыңыз, содан кейін қайнатыңыз. Кішкентай тостағанның ішінде жүгері крахмалы мен 2 ас қасық тауық сорпасын қосыңыз. Жүгері крахмалы толығымен ерігенше дейін араластырып тұрыңыз. Осы қоспаны ақырын ғана қайнап тұрған сорпаға құйыңыз да, сорпа қоюланғанша дейін үнемі араластырып тұрғаныңыз жөн. Отты азайтыңыз. Араластырылған жұмыртқаларды жіңішке ағыншамен құйыңыз, әрі сорпаны бір бағытта араластыра беріңіз, сонда жұмыртқа жұқа үлпекке айналады. Отты сөндіріңіз де, көк пиязды қосыңыз, өз қалауыңызша тұздаңыз және бұрыш себіңіз. Сорпаны бірден ұсынғаныңыз абзал.

«ПУРИН» ЖҰМЫРТҚАДАН ЖАСАЛҒАН ЖАПОНДЫҚ ПУДИНГ

Жапон жұмыртқа пудингі «Пурин»

Бұл тағамды әзірлеуді астаналық тұрғын, семсерлесу бойынша жаттықтырушы София ұсынады.

 

Шағын тұздық сауытта 50 грамм қант пен 20 мл суды қосыңыз, бірақ араластырмаңыз. Қант ери бастағанша орташа деңгейдегі отта қыздырыңыз. Карамельді көпіршіктер мен түстің қоңырлануы пайда болғанға дейін жеткізіңіз. Карамель қою қоңыр түсті болған кезде оттан түсіріп алып, соусты сұйылту үшін оған жылы судың екінші қасығын қосыңыз.

 

Карамельді соусты пудингті пісіруге арналған қалыптарға бірден құйып шығыңыз, әрі ол қалыптардың түбіне біркелкі құйылуы керек. Бірнеше минутқа қоя тұрыңыз.

 

Бөлек тұздық сауытта сүт пен қантты қыздырыңыз, бірақ қайнатпаңыз. Қант толығымен ерігенше дейін ғана жылытыңыз да, қоя тұрыңыз.

 

Жұмыртқаларды қосымша сарыуыз және қантпен араластырып, біркелкі үлпілдек массаға дейін жеткізіңіз. Жылы сүтті біртіндеп, жіңішке ағыншамен жұмыртқа қоспасына құйыңыз да, үнемі араластырып тұрыңыз. Қоспаны електен өткізіп, ванильді қосыңыз.

 

Жұмыртқа қоспасын карамелі бар қалыптарға құйып шығыңыз. Формалардың үстін фольгамен жабыңыз және оларды пісірмеге арналған терең қалыпқа орналастырыңыз. Қалыптардың жартысына дейін жететіндей етіп ыстық суды құйыңыз. 40-45 минут бойы 175-180 °С температура шамасында пісіріңіз. Пудингтің дайын екендігін қалыпты сәл сілкілеу арқылы тексеруге болады — пудинг пішінін ұстауы және сұйық болмауы тиіс.

 

Пудингті қатып қалған кезінде пештен шығарып алыңыз да, әрі бөлме температурасында шамамен бір сағаттай уақытқа суытуға қалдырыңыз, содан кейін кем дегенде 4 сағат немесе түні бойы тоңазытқышта ұстаңыз. Дастарханға ұсынар алдында өткір жіңішке пышақпен қалыптың қабырғалары бойынша өтіп шығыңыз, сонда пудингті оңай шығара аласыз. Қалыпты тәрелкеге аударыңыз және ақырын ғана сілкілеңіз, пудинг тәрелкеге түседі. Көпіршітілген кілегей және жидектермен безендіріп, үстелге қойыңыз.

КОРЕЙШЕ МАРИНАДТАЛҒАН ЖҰМЫРТҚАЛАР

Корей стиліндегі маринадталған жұмыртқалар

Бұл рецепт бойынша дайындауды Алматыдағы супермаркеттер желісінің әкімшісі Анна ұсынады. Ол сендіріп отырғандай, маринадталған жұмыртқа өз бетінше тіске басар ретінде де, сол секілді рамендермен бірге де ерекше дәмді болып келеді екен, әрі мұндай жұмыртқалар раменге қосымша дәмдер мен хош иістердің әр алуандығын сыйлайды. Сонымен бірге Анна бұл тағамның тоңазытқышта жақсы сақталатындығын атап көрсетті, сондықтан рецепттегі жұмыртқалардың санынан шошып кетпеңіз.

 

Жұмыртқаларды «қалташа» күйіне дейін пісіріңіз. Жұмыртқаны қабығынан оңай тазарту үшін оларды ауа саңылауы бар жерінде сәл тесуге болады. Ол үшін жұмыртқаны суға батырыңыз, әрі судың бетінде қалатын жерінде аталмыш ауа саңылауы орналасқан. Бұл жерді ине немесе бізбен тесуге болады.

 

Маринадты дайындаңыз. Ол үшін көк пиязды жұқа сақиналарға кесіңіз, чили бұрышы мен шалқан тәрізді пиязды майдалап тураңыз. Осының барлығын соя тұздығы, су және қантпен араластырыңыз, қант толығымен еріп кетуі керек. Осы маринадты жұмыртқаға құйыңыз және кем дегенде 6-8 сағатқа қалдырыңыз, ал бір тәулікке қалдырсаңыз тіптен жақсы болмақ. Аннаның пікірінше, негізгі дәмге жұмыртқа тек бір немесе екі тәуліктен кейін ғана қанығады. Жұмыртқаларды тура сол маринадымен тоңазытқышта сақтауға болады. Бір аптаның ішінде жеп қойғаныңыз абзал.

HOPPEL – POPPEL

Хоппель-Поппель

Жұмыртқадан жасалатын осы неміс тағамнан дәм татуды қазіргі уақытта Германияда тұрып жатқан әлеуметтік қызметкер, қазақстандық Анна есімді оқырманымыз ұсынады. Оның айтуынша, бұл тағамды балаларына неміс әжелері жиі әзірлеп береді, өйткені балақайлар оны әрдайым қуана жейді екен.

 

Қыздырылған табаға сары майды қойыңыз. Текшелеп туралған картоп пен шұжықты сәл қуырып алыңыз, өз қалауыңыз бойынша дәмдеуіштерді қосыңыз. Бөлек бір ыдысқа жұмыртқаларды жарып, араластырып алыңыз. Оны табаға құйыңыз да, қақпағын жауып қойыңыз, баяу отта шамамен 5-7 минуттай қуырыңыз. Дәмді және тойымды «шаруаның таңғы асы» дайын.

 

Аударған: Рита Сәрсенова

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]