
Төсекте қорқынышсыз әңгімелесудің жолы: секс туралы ашық әрі ұялмай сөйлесуді үйренеміз
Төсектегі үнсіздік – бұл, тіпті, бұрыннан қалыптасқан жұптар үшін де жиі кездесетін жағдаят. Күлкіге қалудан, «тым ерсі» немесе, керісінше, «салқын» болып көрінуден қорқу: «Бұл маған жарамайды» немесе «Басқаша байқап көргім келеді» деп ашық айту керек болған кезде бізді тоқтататын нәрсе. Алайда жыныстық қатынас турасында сөйлесе білу – жақындықты бұзады деп кім айтты? Бұл оны анағұрлым терең ете түседі. Лайқос көмектеседі.
Неліктен біз төсекте сөйлесуден қорқамыз
Бізді бала кезімізден «бұл туралы» сөйлесу әдепсіз деп үйреткен. Кейіннен бұған үрейлер де қосылды: «кенет мені біртүрлі деп ойлап қалса ше», «ал егер оны ренжітіп алсам ше», «кенет менен алыстаса ше».
Көпшілігіміз мұны ересектерше, яғни, байсалды түрде, ұялмай және шектен шығатын әзілдерге жол бермей, қалай істеуге болатынын көрген емеспіз. Ал төсектегі үнсіздік үйлесімділікті қоспайтыны айқын, ол, әрине, дау-жанжалдан құтқарады, алайда өзіңізбен деген байланысты да оңай жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Секс жайлы ашық сөйлесу дегеніміз не
Бұл тұста әңгіме үдеріс кезінде ұзаққа созылатын сөйлесу жайында емес, жалпы адалдық жайында – демек, сынға айналдырмай отырып, қалауларыңызды, шекараларыңыз бен артықшылық беретін жайттар туралы уақытында белгілеген маңызды.
Мысалы, «сен бәрін дұрыс жасап жатқан жоқсың» деуден гөрі «сенің былай істегеніңді ұнатамын» дегеніңіз әлдеқайда жақсырақ. Не болмаса «тиіспе маған» дегеннің орнына «мен қазір жай ғана жылулықты қалаймын» деп айтқаныңыз жөн.
Жыныстық қатынас туралы сөйлесу – бұл не, қайда және қалай болуы тиіс турасындағы нұсқаулық емес, бұл жақынырақ болуға шақыру.
Қорқынышты болса, қалай бастауға болады
Төсекте сөйлесу шынымен де қиын. Сондықтан мұны төсектен тыс бастаған абзал – серуендеу, таңғы ас, не болмаса хабарлама алмасу кезінде айтыңыз. Жұмсақ сөздерді байқап көруге болады:
- «Сенімен бір интимдік тақырыпты талқылағым келіп отыр – бола ма?»
- «Саған не нәрсе көбірек ұнайтынын, әрі ненің онша еместігін түсінгім келеді».
Әңгіме жыныстық қатынас жайында, әлде қарым-қатынастарыңыз туралы болсын, психологтар «мен-пікір» дегенді қолдануға кеңес береді: «сен мені ренжітесің/ауыртасың» деп айтпау керек, оның орнына «мен мынаны сеземін», «мен мынаны қалаймын», «мен дайын емеспін» дегеніңіз дұрыс. Бұл айыптау сезіміне жол бермейді.
Егер тікелей айтып бастау қорқынышты болса, мұны әзіл-қалжың немесе ойын арқылы жеткізуге болады. Өз әдіс-тәсілдеріңізде іздеңіз.
Батылдарға арналған эксперимент
Өзіңізді анағұрлым жақсы түсіну үшін шағын тәжірибе өткізуді ұсынамыз. Бір парақ алыңыз да, үш пунктты жазып шығыңыз:
- секс кезінде нені ұнатасыз;
- сізге не нәрсе қолайсыз;
- нені қалайтын едіңіз.
Бір пунктты таңдаңыз да, оны жұбыңызбен тыныш жағдайда талқылаңыз. Осы жаттығу жыныстық қатынас туралы әңгіме – бұл қандай да бір апат емес, бұл адалдыққа апаратын қадам екендігін көруге көмектеседі.
«Жоқ» деп айта білу мен кінәні сезбеу
Жақындықтан бас тарту, оның себебі қандай болмасын, – бұл өзңізге әрі серіктесіңізге деген құрметтің белгісі.
Жұмсақ, дегенмен нақты айтуға болады:
- «Мен шаршадым, бірақ сені құшақтағым келіп отыр».
- «Бүгін емес, ертеңге қалдырайықшы».
- «Бұл формат маған жарамайды, алайда мен басқаларға ашықпын».
«Жоқ» деген сөз байсалды және қамқорлықпен айтылған кезде ол шеттеткендей болып естілмейді.
Сөйлесу мүмкін болмағанда
Егер жұбыңыз күлсе, ашуланса, не болмаса қысым көрсете бастаса, бұл – нағыз дабыл белгісі. Салауатты қарым-қатынастарда секс туралы қорқынышсыз сөйлесе беруге болады. Ал егерде олай болмаса, демек, мәселе сөздерде емес, қауіпсіздікте жатыр. Кейде түсіндіруге тырысудан гөрі қолдауға жүгінген әлдеқайда дұрысырақ: психологқа, сексологқа немесе, ең болмағанда, айып тақпайтын құрбыңызға барыңыз.
Қорытынды
Төсекте сөйлесу – бұл, екеуіңіз онсыз да жақын сияқты көрінгенімен де, анағұрлым жақынырақ болудың тамаша тәсілі. Адалдық шынайы болмысыңызды паш етеді. Жыныстық қатынас жайында әңгімелесу – бұл қандай да бір түйткілдің бар екендігін мойындау емес, бұл кемелденудің белгісі. Бәлкім, бұл өміріңізде бұрын-соңды бомаған ең интимді әңгіме шығар.