
Көзілдірік немесе линзалар: нені таңдау керек және көзге зиян келтірмеудің жолы
Бүгінде көзілдірік пен жанаспалы линзалар арасында таңдау жасау талғамға ғана байланысты жайт болып көрінеді – қайсысы ыңғайлырақ, соған қарай шешім қабылдаймыз. Алайда офтальмолог мамандары мынаған сенеді: бұл стильден гөрі денсаулықтың мәселесі болып отыр. Қателікке жол беру әшейін бастың ауруына ғана емес, сондай-ақ көру қабілетіне байланысты күрделі бұзылыстарға әкеліп соқтыруы әбден мүмкін. Бұл мәселенің басын ашуға Лайқосқа офтальмолог Артем Фарбитник көмектесті.
Таңдауды неден бастаған жөн?
Жауабы қысқа – офтольмологқа бару. Кез келген көзілдірік немесе линзалар – бұл аксессуар емес, бұл медициналық бұйым. Дәріханадан дайын көзілдірікті таңдап алу талпыныстары көздің жылдам шаршауына, ал көру қабілетінің нашарлауына апаруы ықтимал. Оптиканы таңдау – аса жауапты іс, әрі бұл тұста қателіктерге жол берілмеуі тиіс. Бірыңғай жағдай – ескі көзілдірік сынып қалғанда шұғыл түрде сатып алынған «уақытша» нұсқа ғана болуы ықтимал. Офтальмолог маманы ондаған факторларды ескереді: рефракцияның ерекшеліктері (жарық сәулесінің сынуы), осыған дейінгі көзілдірікті тағу тарихы, беттің пішіні, тіпті, жиектеменің қонымдылығы.
Көзілдірік: оң және теріс тұстары
Жалпы алғанда көзілдіріктің негізгі артықшылығы – қауіпсіздік. Ол көз бен қоршаған орта арасындағы тосқауыл ретінде жұмыс істейді, әрі механикалық зақымдар мен түрлі инфекциялар қауіптерін төмендетеді. Сонымен бірге көзілдірік күнделікті күтімді талап етпейді және іс жүзінде қиындықтарды тудырмайды.
Дегенмен оның кемшіліктері де жоқ емес: температура ауысқан кезде әйнектің булануы, шеткі көрудің шектеулі болуы мен линза және көздің арасындағы арақашықтықтың салдарынан кеңістіктің кішігірім бұрмалануы. Заманауи полимерлі линзалар осы түйткілдерді ішінара шешеді – олар анағұрлым жеңілірек, жіңішкелеу, беріктеу болып келеді және температураның ауытқуына әлдеқайда жылдамырақ бейімделеді.
Жанаспалы линзалар: оң және теріс тұстары
Ал жанаспалы линзаларға келер болсақ, олар шынайы көру сезімін береді – бетіңізде тұрған ешнәрсе кедергі келтірмейді, көру өрісіңіз барынша кең, ал қыста әйнектің булануымен күресудің керегі жоқ. Дәл осы себептен спортшылар мен белсенді өмір салтын ұстанатын адамдар линзаларды таңдайды. Кейбір жағдайларда олар, тіпті, көру қабілетінің нашарлауын тиімдірек баяулатады екен.
Кемшіліктері арасында – офтальмолог маманына тұрақты түрде қаралып тұру қажеттілігі, арнайы ерітінділер мен контейнерлерді, әрі ылғалдандыратын тамшыларды қолдану. Күтім ережелерінің бұзылуы қабыну, инфекциялар мен құрғақ көз синдромына әкеліп соқтыруы бек мүмкін. Сонымен бірге жалған жайлылық синдромы да қауіпті – бұл тұста көз ауырмайды, дегенмен микрожарықтар әлдеқашан пайда бола бастаған.

Ерекше сақтықты шылымқұмарлар танытуы тиіс. Темекі түтіні линзалардың бетіне басылып қалады да, осылайша олардың дымқылдануы нашарлайды және тітіркену мен қабыну жағдаяттарының қаупі арта түседі. Одан басқа темекі тарту көзжастық сұйықтықтың құрамын өзгерте отырып, зат алмасу үдерсін нашарлатады, соның салдарынан линзалар әлдеқайда жайсыз болады. 2018 жылдың ішінде ересек шылымқұмарлардың жартысынан көбі бір рет болса да, шылымды тастауға әрекет жасаған екен, алайда небәрі 8% ғана жарты жылдан бір жылға дейінгі уақыт аралығында темекісіз шыдап баққан.
Егер сіз әзірге бұл әдеттен толықтай бас тартуға дайын болмасаңыз, зиянды бірте-бірте төмендетуге тырысыңыз: темекінің санын қысқартыңыз, НАТ құралдарын (спрейлер, жабыстырғыштар мен сағыздар) байқап көріңіз немесе хиттерлерді қарастырыңыз. Олар құрамында канцерогендері, тұншықтырғыш газы мен шайыры бар түтінді бөліп шығармайды. Кейбір жағдайларда офтальмологтар арнайы линзаларды таңдаудың алдында темекі шегуден біржолата бас тартуды талап етеді, әйтпесе емдеу өз мағынасын жоғалтады және бұл емделуші үшін қауіпті болуы бек мүмкін.
Көзілдірік пен линзаларды кезектестіруге бола ма?
Иә, әрі бұл ең оңтайлы шешім болып келеді. Мәселен, 40 жастан асқан адамдар көбнесе күнделікті шаруаларды орындау үшін линзаларды, ал кітап оқу мақсатында көзілдірікті тағып жүреді. Көру қабілетінің күрделі бұзылыстары кезінде екеуін кезектестіріп тағу мінсіз нәтижеге қол жеткізуге септігін тигізеді – линзалар негізгі түзетуді қамтамасыз етсе, көзілдірік оны қылилық немесе бұрмалануға жол бермейтін элементтермен толықтырады.
Өмір салты мен денсаулық таңдауға қалай әсер етеді?
Көзілдірік пен линзалар арасындағы таңдау көптеген факторларға тәуелді болып келеді: көру қабілеті бұзылуыны дәрежесі, көздің пішіні, өмір салты. Спортшыларға көбіне-көп линзалар (су спорты түрлері) қолайлы болса, шаңданған немесе химиялық ортада жұмыс істейтін адамдарға көзілдрік таққан әлдеқайда қауіпсіз болып есептеледі. Әрбір жағдай жеке тәсілді талап етеді.
Компьютер алдында жұмыс істеген кезде адам көзді анағұрлым сирек ашып-жұмады да, бұл линзалардың құрғап кетуіне апарады. Сондықтан босаңсытушы линзалары бар, әрі фокустандыруды қолдайтын көзілдірік жақсырақ. Қант диабеті, құрғақ көз синдромы, конъюнктивиттер, блефариттер мен көздің басқа да қабынба ауруларына шалдыққанда жанаспалы линзаларды тағу ұсынылмайды. Оларды қолдану мүмкіндігін тек қана дәрігер анықтайды.
Жанаспалы линзалар мен көзілдірікке дұрыс күтім жасау
Жалпы жанаспалы линзалар күтімінің басты ережесі – олардың тек қана таза қолмен шешіп-тағу. Қолыңызды сабындап жуу және сүлгімен жақсылап сүртсеңіз жеткілікті, сонда көзге микробтардың түсуіне жол бермейсіз. Линзаларды сақтау үшін су немесе басқа сұйықтықтардың орнына тек қана арнайы ерітінділерді пайдаланыңыз – бұл олардың зарарсыздығы мен бұзылмай сақталуында маңызды рөл атқарады. Контейнерді тұрақты түрде жуып тұру және кем дегенде үш айда бір рет алмастыру қажет. Ондағы ерітіндіні, ескісінің үстіне қосып құймай, күн сайын жаңартып отыру керек. Сонымен бірге суық тиген кезде, конъюнктивит немесе басқа да жұқпаларға шалдыққанда тағуға болмайды – бұл қабынуды тудыруы ықтимал.
Көзілдірікке келер болсақ, мұндағы линзалардың бетін сырып алуы мүмкін киіміңізбен немесе қағаз орамалмен сүртпеңіз, тек қана арнайы микрофибра немесе жұмсақ майлықты пайдаланғаныңыз абзал. Тазалау үшін нақ осы көзілдірікке арналған спрей немесе ерітіндіні қолдануға болады, тұрмыстық жуу құралдары өзінен кейін үлдірді қалдырады және жабынды бүлдіреді. Көзілдірікті линзаларымен төмен қаратып қоймаңыз, оны қатты қаптаманың ішінде сақтаңыз және қызып кетуіне, мысалы, көлік панелінде қалдырып кетуге жол бермеңіз. Линзалардың өзін алар болсақ, олардың күйін қадағалап отыру мен тозып кету, зақымдалу немесе көру қабілетінің өзгеруі орын алса, дәрігердің тағайындауы бойынша уақытылы ауыстырған маңызды.
Қорытынды
Қайсысы жақсы – көзілдірік пе, әлде линзалар ма – деген сұрақтың әмбебап жауабы жоқ. Барлығы көздің анотомиясына, адамның өмір салты мен денсаулық жағдайына байланысты. Кейбіреулер үшін көзілдірік – ең жақсы таңдау болса, басқалары үшін жанаспалы линзалар күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналады. Дегенмен баршаға өзекті бір ереже бар: көру қабілетін түзететін кез келген құрал тек қана маман тарапынан таңдалуы тиіс.