25-те инсульт алу. Бұл қорқынышты әңгімелер емес, бұл статистика - Лайқос

25-те инсульт алу. Бұл қорқынышты әңгімелер емес, бұл статистика

9 сұрақ

Инсульт дегеніміз не?

Инсульттің негізгі қауіп факторы қандай?

Белгілердің қайсысы көбінесе инсультке шалдыққанды көрсетеді?

Инсультке тап болған жағдайда ең алдымен не істеу керек?

Инсульт кезінде қандай мүше зақымдалады?

ЖСҚ тесті бойынша инсультті тануға не көмектеседі?

Инсульттен кейін сауығып кетуге бола ма?

Көбінесе инсультке қай жаста шалдығады?

Қандай қысым мидың қан тамырлары үшін қауіпті болып саналады?

Осыдан 30 жыл бұрын инсульт егде жастағы адамдардың ауруы болып саналған. Бүгінде дәрігерлер 45 жасқа дейінгі, кейде, тіпті, 25-30 жастағылардың да осы дертке шалдығатынын жиі тіркеп жатады. Неліктен тамырлы «апат» барған сайын жастар мен белсенді адамдарға жиі әсер ететін болған? Лайқос дәрігер-кардиолог және нутрициолог Екатерина Пушилинамен бірге мәселенің басын ашты.

Инсульт дегеніміз не

Инсульт – бұл мидағы қан айналымның кенет бұзылуы, осы тұста жасушалар оттегі мен қоректік заттектерді алуды тоқтатады. Ал қанағымсыз бірнеше минуттан кейін-ақ жүйке жасушалары өле бастайды. Бұл ең қауіпті жағдайлардың бірі: ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, инсульт – әлем бойынша өлім-жітім мен мүгедектік жағдайларының негізгі үш себебінің бірі.

Инсульттің классикалық белгілері – бұл беттің немесе қолдың кенет ұйып қалуы, сөйлеу қабілетінің бұзылуы, бастың айналуы мен координацияның жоғалуы, бастың жаңға батарлық ауруы және заттардың көзге қос көрінуі.

Жас адамдарда дерттің симптомдары негізінен бұлыңғыр түрде көрініс табады: оларды бас сақинасымен, үрейлі шабуылдар немесе уланып қалумен шатастырып алу оп-оңай. Бұл қауіпті, өйткені кешеуілдеудің әрбір минуты қайтарымсыз салдар тәуекелін арттыра түседі.

Инсульттің бірнеше түрі бар:

  • Ишемиялық – ең жиі кездесетіні (шамамен 80% жағдайда), тамырдың қан ұйығы немесе эмболмен тығындалып қалу кезінде пайда болады.
  • Геморрагиялық – тамыр жарылғанда және миға қан құйылғанда дамиды.
  • Транзиторлы ишемиялық шабуыл (ТИШ) – өздігінен өтетін, алайда қорқынышты алғашқы хабаршы қызметін атқаратын қан ағысының уақытша бұзылуы. ТИШ-ке шалдыққан әрбір үшінші адам бес жыл ішінде толыққанды инсультке ұшырайды.

Неліктен инсульт жастық шақта қауіптірек

30-40 жаста болатын инсульт өмірдің үйреншікті ырғағын бұзады: жұмыс, отбасы, белсенділік – бәрі де белгісіздік жағдайына тап болады. Жас адамдар үшін дербестігінен айырылу және инсультке қайтадан ұшырап қалу қорқынышы арқаға аяздай батады. Алайда көмек дер кезінде көрсетілсе, онда толық қалпына келу мүмкіндігі қарт адамдармен салыстырғанда әлдеқайда жоғары.

Неге инсульт жасарып барады

Бұл құбылыстың себептері кешенді болып келеді. Егер бұрын қимыл-қозғалысы аз өмір салты сирек кездесетін болса, бүгінде ол тура балалық шақтан басталады. Балалар телефондар мен ойындарына телміріп сағаттап отырады, анағұрлым азырақ қозғалады, нашар ұйықтайды, қалыпты саналатын биоырғақты жоғалтады – әрі ағза үнемі қауырт жағдайда өмір сүреді. Аз қозғалысты өмір салты қан айналымын нашарлатады, көктамырлық ағуды баяулатады және тромбтардың пайда болу қаупін арттырады.

Қазіргі заманғы адам ұдайы күйзеліс пен ақпараттық жүктеме тәртібінде өмір сүреді. Шегі жоқ жаңалықтар, жылдам ырғақ, хабарламалар ағыны – осының барлығы адреналин мен кортизол деңгейін жоғарылата түседі. Бұл гормондар тамырларды тарылтады да, жүректің соғуын жылдамдатады, әрі тамырлардың уақытында босаңсуына кедергі жасайды. Бірте-бірте тамырлы қабырға өзінің серпімділігін жоғалтады, сонымен бірге қысым мен қабыну қаупі артады.

Осыған адамдарды үнемі алаңдаушылық күйінде ұстайтын табысқа жету жарысын қосайық. Үлкен қаржылық тұрақтылыққа ие болған бұрынғы буындарға қарағанда қазіргі жас ересек адамдар «әрдайым байланыста» және «тоқтауға болмайды» тәртібінде өмір сүреді. Мұндай созылмалы қарбаластық жүрек-қан тамырлары жүйесіне зиянды әдеттерден кем түспейтін соққы жасайтыны рас.

Сондай-ақ, ең ақырында, постковидтік синдром дербес қауіп факторына айналған. COVID-19 вирусынан кейін көптеген жастарда қан ұйысу мен тромбоэмболиялар жиі байқалатын болған. Дәрігерлердің айтуынша, соңғы бес жыл ішінде жастар арасындағы инсульт алу жағдайлары күйзеліс, семіздік пен зиянды әдеттердің тіркесіміне байланысты өскен екен.

Басты себеп – заманауи өмір салты. Инсультке деген генетикалық бейімділік 45 жасқа дейінгі науқастардың 10-20% кездеседі, дегенмен дәл осы жайт шешуші фактор болып саналады.

Жүрек пен қан тамырлары үшін зиянды өнімдер
Сіз ас үлесіңіздің жүрек пен қан тамырлары денсаулығына қалай әсер ететіні туралы ойланып көрдіңіз бе?…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/zhurek-pen-qan-tamyrlary-ushin-ziyandy-onimder/

Ағзадағы тамырларымыз ата-аналарымыздың буыны мүлдем білмеген жүктемелерді күнделікті сезінеді: созылмалы стресс, көп отырып жұмыс істеу, ұйқының қанбауы, гаджеттер, фастфуд, энергетиктер, темекі тарту, алкоголь тұтыну мен қозғалыстың жетіспеушілігі. Ал осыған гипертонияны, семіздік пен қант диабетін қоссаңыз, неліктен инсульттің, тіпті, отыз жастағыларды да жиі зақымдайтыны түсінікті болмақ.

Жаман әдеттер инсультті қалай жылдамдатады?

Темекі тарту күретамырлардың тарылуын тудырады, қысымды жоғарылатады, тамырлардың қабырғаларын зақымдайды және атеросклерозды жеделдетеді. Бұл ишемиялық инсульт (қан ұйысу) үшін де, геморрагиялық инсульттің де (тамырдың жарылуы) пайда болуына жағдай жасайды.

Алкоголь күретамырлық қысымды күрт арттырады және миға қан құйылуын тудыруы мүмкін. Ол бауырды бұзады, қанның ұюына зақым келтіреді, ырғақсыздықты тудырады, В тобына жататын дәрумендердің тапшылығына әкеліп соқтырады, әрі тамырларды әлсіретеді.

Есірткі, әсіресе кокаин, амфетаминдер мен спайстар, тура бірнеше минуттың ішінде-ақ инсультті тудыруы әбден мүмкін: олар тамырларды күрт тарылтады және қысымды сыни мәндерге дейін арттыра алады.

Энергетиктер мен кофе жүрек соғу жиілігі мен қысымды жоғарылатады, алаңдаушылық деңгейі мен тамырлардың тарылуын күшейтеді.

Денсаулығыңыз үшін ең жақсы шешім – жаман әдеттерді өміріңізге тіптен кіргізбеу немесе олардан біржола құтылу. Алайда әзірге зиянды әдеттерден бас тартуға дайын болмасаңыз, қауіп-қатерді азайтуға болады. Шылым тартсаңыз, темекі санын азайтуға тырысыңыз немесе хиттерлерді қарастырып көріңіз. Олар темекінің жану үдерісі мен құрамында жеті мыңға жуық химиялық қосылысы бар зиянды түтіннің түзілуіне жол бермейді.

Алкогольге келер болсақ, бұл тұста қайтару нышанатын болдырмау мақсатында күшті сусындардан біртіндеп жеңіл сусындарға ауысуға болады, сонымен бірге моктейльдерге назар аударған абзал. Энергетиктер мен кофені немен алмастыруға болады? Табиғи балама нұсқалар – лимон қосылған жылы су, көк шай, матча, шөп тұнбалары немесе адамтамыр мен гуарана қосылған сусындарды байқап көріңіз. Олар жұмсақ түрде сергітеді, зейін қоюды жақсартады және қысым мен алаңдаушылық деңгейінің күрт құбылуын тудырмайды.

Инсульттің алдын алу

  • Қан қысымын, қант пен холестерин деңгейін бақылауда ұстаңыз.
  • Салмағыңызды қадағалаңыз және мүмкіндігінше жаман әдеттерден бас тартыңыз.
  • Күнделікті қимылдаңыз: серуендер, жүзу, йогамен айналысу немесе күн сайын 7-10 мың қадам жасау – бұл тамырлардың денсаулығы үшін минималды стандарт.
  • Ұйқыңызды қандырыңыз және стресті басқаруды үйреніңіз – ұйқының жеткіліксіздігі мен мазасыздық қысымға тікелей әсер етеді.
  • Чекаптардан өтіп отырыңыз және негізгі талдауларды тапсырыңыз. Алтын стандарт: коагулограмма, гомоцистеин, липидті профиль, ЭКГ, тамырлардың УДДГ зерттеуі.
  • Ұйықтар алдында гаджеттерді қолдануды шектеңіз (жатардан 2-3 сағат бұрын).
  • Тамырлар мен жүрекке артық жүктеме түсірмеу үшін энергетиктер мен шамадан тыс көп кофеиннен аулақ болыңыз.

Қорытынды

Қаперіңізде болсын: инсульт – бұл ұзақ мерзімді әдеттердің нәтижесі. Қазіргі замағы экология, күйзеліс пен қимыл-қозғалысы аз өмір салты бізді анағұрлым осал етеді, сондықтан тамырларға қамқорлық таныту алғашқы белгілерден әлдеқашан бұрын басталуы тиіс

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.