
Никотиннің қатысы жоқ: онколог темекіден болатын обырдың басты себебін атады
Қатерлі ісікке шалдығудың 40% жуық жағдайдың алдын алуға болады. Ең қарапайым тәсілі — бұл, тіпті, спорт та емес, бұл бір ғана әдеттен бас тарту. Онколог маманы, Санкт-Петербордағы Петров ат. Онкология институтының трансляциялық онкология бағытын басқарушы Евгений Имянитов оның онкологиямен қалай байланысты екенін және одан құтылу қиынға соқса, не істеуге болатынын түсіндіреді.
Темекіде нақты не нәрсе онкологияның триггері болып келеді?
Темекідегі не нәрсе триггер дейсіз бе? Әрине, никотин. Адамдар темекіні никотиннен ләззатқа бөленетіні үшін тұтынады. Алайда біз онкологияның триггері не екені жайлы сөз қозғайтын болсақ, онда бұл жерде никотиннің тек қана жанама маңызы бар – яғни, осының салдарынан адамдар, өздері қаламаса да, канцерогендерді ағзаға жеткізеді. Ал темекі түтіні, темекінің жану өнімдері туралы айтатын болсақ, олардың құрамында канцерогендердің үлкен мөлшері бар, әрі олар едәуір концентрацияларда тыныс алу жолдарымен байланысады, және де осы тікелей байланыс өкпенің қатерлі ісігінің қаупін күрт арттыратыны рас.
Әңгіме дәстүрлі темекінің жануы кезінде түзілетін нақ сол темекі түтіні жайлы ғой?
Иә, нақ осы жану кезінде, өйткені, егер біз бүгінде пайда болған заманауи құрылғыларды алатын болсақ, ол жерде жалпы алғанда түтін жоқ қой, тек түтіннің имитациясы ғана, ол жерде аэрозоль бар, шын мәнісінде, бұл сыртынан түтінге ұқсату – адамның көз алдына дәл сондай үдерістің болып жатқандай көріністі келтіреді. Бұл таза мінез-құлықтық имитация. Ал мен тек қана темекінің жануы туралы айтып отырмын.
Темекіден ертерек бас тарту арқылы онкологияның қаупін төмендетуге бола ма?
Иә, болады. Өйткені шыны керек зерттеулер келесі жайтты көрсетті: бірінші – статистикалық тұрғыдан (мен әрбір адамға емес, тұтас қоғамға деген статистикалық ықтималдықты алып отырмын) иә, онкологиялық аурудың қаупі күрт өсуі үшін темекі шегудің белгілі бір мөлшері болуы тиіс. Мөлшер осы сұмдық әдеттің ұзақтығынан және күнделікті тұтынылатын темекі өнімдерінің, күн сайын шегілетін шылымның санынан қалыптасады. Иә, бұл анық көрсетілген: егер адам темекі шегуден бас тартса, онда қауіп төмендей түседі. Сонымен бірге: ешкімді де жұбатқым келмейді, алайда статистикалық мәліметтер көрсетіп отырғандай, бірқалыпты темекі шеккен, сөйтсе де шамамен 40 жасқа дейін бас тартқан адамдарда бір 20 жылдан кейін осы барлық ықтималдықтар кемиді.
Онкология таңдамалы болуы және тек кейбір адамдарда ғана дамуы мүмкін бе, әрі бұл неге байланысты?
Бұл көп жағдайда тағдырға байланысты. Бізде көптеген зиянды факторлар бар ғой, алайда, ең өкініштісі, тіптен жазықсыз адамдардың көбі алуан түрлі сұмдық ауруларға шалдығып жатады. Біз тек қана ықтимал үдеріс жайында айтып отырмыз. Иә, әрине, біз бәрін де жақсы түсінеміз, айталық, ең қорқынышты ауру – өкпенің қатерлі ісігін алатын болсақ та, статистика бойынша шамамен әрбір алтыншы-жетінші шылымқұмар өкпенің қатерлі ісігімен ауырады. Әрі бұл маңызды дәлел, бәлкім, біреу бұл олай емес, олардың басым бөлігі ауырмайды ғой деп айтар. Алайда басқа бір шындық бар, әрі ол жиі ескерілмей қалады. Егер біз, шартты түрде, темекі тарту өтілі шамамен 50 жыл құрайтын адамды алсақ, яғни, бұл 70 жастағы егде адамдар – иә, олардың көбінде қатерлі ісік жоқ, мен мұнымен келісемін. Дегенмен тыныс жеткіліксіздігіне әкеліп соқтыратын өкпенің басқа да дерттері бар, іс жүзінде оларда белгілі бір дәрежедегі жүрек аурулары әрдайым дерлік кездеседі. Сондықтан, егер тіпті адам түрлі жағдайлардың тоқайласуы нәтижесінде қатерлі ісікке ұшырамаса да, темекі тартпайтын адаммен салыстырғанда оның денсаулығы бәрібір нашарлау болатыны сөзсіз.
Өмір салты өзгертілсе, онкологиялық аурулардың 40% жуық жағдайдың алдын алуға болатыны рас па?
Бұл рас. Негізгі ережелерді алайық: ең бастысы, темекі тартпау. Екінші, бақылануы қиынға соғатын, әрі өте маңызды фактор – шамадан тыс көп тамақтану. Артық тамақтану, артық салмақ. Мен қандай да бір шамадан тыс артық салмағы бар адамдар туралы айтып отырғаным жоқ – мұндай адамдар сирек кездеседі, алайда біздің, яки, қарапайым тұрғындар тарапынан қалыпты нәрсенің бір түрі ретінде қабылданатын салмақ жайында сөз етемін. Біреу толықтау келеді, біреу жоқ, бұл халықтың денсаулығына және қатерлі ісік қаупіне үлкен әсер етеді. Артық салмақ, яғни, осы бір 10-20 келі сүт безінің, тоқ ішектің, қуықасты безінің қатерлі ісігі тәуекелін екі есе арттырады. Мұның барлығы өте маңызды нәрселер. Әрі шыны керек, біз бұл дәуірді енді бастап жатырмыз, дегенмен қазір артық салмақты ретке келтіретін дәрі-дәрмектер пайда болды. Олар белгілі бір дәрежеде даулы атаққа ие, өйткені ол жерде теріс пайдалану да бар, әртүрлі жайттар да кездеседі. Мен өзім аса білмейтін салаға ауытқығым келмейді және біз бұл жайлы айтып отырған жоқпыз, бірақ жалпы алғанда ХХІ ғасырда азық-түліктің артылуы өте көкейкесті мәселе болып келетін елдерде салмақты бақылау өзекті міндет, әрі тек онкология үшін ғана емес.
Үшінші. Осыған дейін айтқандай: темекі тартпау, артық тамақ жемеу. Күнделікті қалыпты физикалық белсенділік қауіптерді төмендететіні туралы жазылады. Мен бұл жерде, шынымды айтсам, деректерді біле бермейін, дегенмен, бәлкім, онкология турасында емес, жалпы барлық жағдаяттарға қатысты айтар болсақ, физикалық белсенділікті жұмысы мұндай белсенділікпен байланысты емес адамдарға сақтаған абзал. Әйелдерде кездесетін мынадай бір шарасыз дерт бар – бұл жатыр мойынының қатерлі ісігі. Бұл тұста папилломавирустық инфекцияның берілу тәуекелін төмендету мен тұрақты түрде тексеріліп тұру керек. Яғни, біз бүгін көз алдымызға мінсіз әлемді елестетіп көрсек, онкологиялық аурулар бірден 30-40% азаятынымен келісемін.
Ғылым түтінсіз құрылғылардың төмендетілген қаупін қалай бағалайды?
Бұл өте күрделі сұрақ, әрі оған біржақты жауап беру қиын. Иә, бізде түтін шығармайтын құрылғылар пайда болған, алайда сіз келесі бір жайтты түсінуіңіз керек: ресми түрде шығарылатын түтінсіз құрылғылар бар және бұл барлық қадағалау органдары тарапынан бақыланатын кәсіпорындарда өндіріледі. Өкінішке қарай, әзірге біз өмір сүріп жатқан елдерде бірқатар себептерге байланысты астыртын өндіріске, ұқсас өндірістерге қарсы қатаң, әрі тиімді күрес жоқтың қасы. Тиісінше, менің айтып отырғанымның бәрі тек қана тиісті бақылаудан өтетін белгілі өндірушілердің өнімдері жайында болып тұр. Өйткені астыртын, әрі беймәлім жерде, қалай жасалатыны түсініксіз заттар, бұл өте зиянды, тіпті, біз мұны талқылағымыз да келмейді.
Сонымен бірге никотинді жеткізудің түтінсіз құрылғылары жайында не айтуға болады: бүгінгі таңда мен никотинді жеткізудің бұл әдіс-тәсілдерін құрамында канцерогендердің айтарлықтай маңызды концентрациясы жоқ деген көзқарас тұрғысынан кәміл, сенімді түрде қорғауға дайынмын. Әрі мен олардың кәдімгі темекі секілді өкпенің қатерлі ісігін тудыра алатыны жайлы сценарийді көз алдыма елестете алмаймын. Бұл жерде деректер жиынтығы бар деп ойлаймын. Және бұл пікірталасқа атсалысатын адамдардың көбі мұны тыңдағысы да келмейтіні біршама қынжылтатыны рас. Біз әзірге тек дереу тәуекелдер туралы ғана айта аламыз. Бізде никотинді жеткізудің осындай өнімдерін тұтынып жатқан адамдардың белгілі бір саны бар. Әрі олардың ағзаларында, әдетте, қандай да бір тылсым ешнәрсе болып жатқан жоқ, тек осыған байланысты болуы да, болмауы да мүмкін кейбір оғаш жазатайым оқиғаларды қоспағанда. Дегенмен ұзақ мерзімді салдардың сол себептен ұзақ мерзімді болуы орынды, өйткені елестетіп көріңізші: сіз ондаған жылдар бойы қандай да бір аэрозольді жұтасыз. Осы ондаған жылдардан кейін сіздің тыныс алу жолдарыңызға не болады? Мұның жауабын білмеймін.
Әрі соңғысы – пәлсапалық сауал. Иә, әрине, біз олардың санын көбейтеміз, бәрібір никотинге тәуелді адамдардың санын қайтадан көбейтіп отырмыз. Көбейтеміз, демек кемітпейміз. Бұл жарамды ма, қоғам үшін зияны бар ма, әлде жоқ па, сізге не айтарымды білмеймін, өйткені бізде қандай да бір тәуелділіктер бар ғой. Біреулер кофені көбірек, біреулер аздау ішеді. Біз мұны әзірге зиянсыз деп санап отырмыз. Ал 50 жылдан кейін бұл жайында не айтылатынын кім білсін? Шыны керек, бұл пәлсапалық мәселе. Сондықтан, менің ойымша, бұл жерде қандай да бір оңтайлы ұстанымды ұстанған дұрыс. Меніңше, жалпы балама нұсқаның пайда болғаны өте жақсы. Бәлкім, кез келген тәуелділік – бұл жаман нәрсе екендігін қайталай беру пайдалы шығар. Бұл салауатты өмір салтының, медицинаның мәнісі. Дегенмен нюанстарға келер болсақ, қауіптің бірнеше есе азайғаны анық.