Вумбилдинг: бұл не нәрсе және оны қашан бастаған жөн - Лайқос

Вумбилдинг: бұл не нәрсе және оны қашан бастаған жөн

8 сұрақ

Вумбилдинг дегеніміз не?

Вумбилдинг не мақсатпен ойлап табылған?

Қандай бұлшықеттер вумбилдинг барысында жаттығады?

Жамбас түбінің бұлшықетін жаттықтыруды қай жастан бастауға болады?

Қандай факторлар жамбас түбінің бұлшықетін әлсіретеді?

Интимдік бұлшықеттерді үнемі жаттықтыру несімен пайдалы?

Вумбилдинг оргазмға әсер ете ме?

Жамбас түбі бұлшықетінің әлсіреуінің алғашқы белгісі қандай?

Дене үшін фитнеспен айналысу әлдеқашан қалыпты нәрсеге айналған. Ал интимдік бұлшықеттерге арналған фитнес ше? Вумбилдинг әйелдерге өз денесін анағұрлым жақсырақ сезінуге көмектеседі, ләззат алу деңгейін жоғарылатады және денсаулықты ұзақ жылдарға сақтап қалуға септеседі. Лайқос мұны дұрыс жасаудың жолы туралы айтып береді.

Вумбилдинг дегеніміз не және ол не үшін қажет

Вумбилдинг – бұл жамбас қуысы түбінің интимдік бұлшықеттерін қатайтуға, қалпына келтіру мен бақылауды жақсартуға бағытталған жаттықтыру жүйесі. Егер бұрын мұндай практикалар экзотика ретінде қабылданған болса, ал жалпы тақырыпқа тыйым салынса, бүгінде олар фитнес, йога және психологиямен қатар заманауи күтімнің бір бөлшегіне айналып отыр.

Жамбас қуысы түбінің бұлшықеті – ішкі ағзаларды (жатыр, қуық, ішек) ұстап тұратын және несеп-жыныс жүйесінің жұмысына әсет ететін «гамак». Осы бұлшықеттер әлсіреген кезде жағымсыз симптомдар пайда болуы бек мүмкін: жөтелген немесе күлген кезде несепті ұстай алмау, мүшелердің төмен түсуі, жыныстық қатынас барысында сезімталдықтың төмендеуі.

Вумбилдинг денені бақылауды қайтарып алуға көмектеседі және осындай жағдаяттардан профилактикалық түрде қорғайды. Жаттығулардың мағынасы – интимдік бұлшықеттерді кезек-кезек ширату және босаңсыту, бұл тұста негізінен арнайы жаттықтырғыштар қолданылады. Дегенмен мұндағы ең басты нәрсе техника емес, өз денеңді сезіне, қанайналымын жақсарта және әйел энергиясымен байланысты қайтара білу.

Қашан бастаған абзал

Кез келген жаста бастауға болады – тек қолайлы форматты таңдаған маңызды болып тұр.

  • Босанғаннан кейін. Бұл кезеңде жамбас қуысы түбінің бұлшықеті көбінесе созылған, әрі жаттығулар тонус пен сезімталдықты қалпына келтіруге көмектеседі.
  • 35 жастан кейін. Гормондық өзгерістер тіндердің иілгіштігін бірте-бірте төмендетеді, сондықтан вумбилдинг жас шамасына байланысты өзгерістердің тамаша профилактикасы болып келеді.
  • Етеккір үзілісі кезінде. Интимдік бұлшықеттердің тонусын сақтау қанайналымды жақсарта түседі, құрғақтық пен жайсыздық сезімдерін азайтады, сонымен бірге бұл өмір сапасын арттырады.
  • Қимылқозғалысы аз өмір салты. Қозғалыстың жеткіліксіздігі кіші жамбастағы тоқырау құбылыстарына әкеліп соқтырады, әрі жаттығулар оның орнын толтыруға көмектеседі.

Неліктен дұрыс істеген маңызды

Кеңінен таралған дақпырттарға қарамастан, вумбилдинг – бұл жай ғана Кегель жаттығулары емес. Оларды бұрыс орындау, керісінше, спазмдарды күшейтіп жіберуі немесе ауырсынуды тудыруы ықтимал. Сол себептен бастамас бұрын гинеколог немесе әйел денсаулығы бойынша физиотерапевтпен ақылдасып алған абзал. Дәрігер жамбас қуысы түбінің бұлшықетінің күйін бағалайды да, қандай жаттығулар дәл сізге жарамды болатынын айтып береді.

Спорт қана емес

Жаттығуларды тұрақты түрде орындау қанайналымды жақсартады, сезімталдықты арттырады, қабыну мен несепті ұстай алмау қаупін төмендетеді, әрі психоэмоциялық жағдайға оң әсерін тигізеді. Вумбилдингпен айналысатын әйелдер сенімділіктің, энергияның арта түскенін және, тіпті, «ішкі тірек» сезімінің пайда болатынын айтады.

Қорытынды

Зерттеулер растап отырғандай, жамбас қуысы түбінің бұлшықетіне арналған жаттығуларды тұрақты түрде орындау өмір сапасын жақсартады, несепті ұстай алмау қаупін азайтады және жыныстық денсаулықты нығайтады. Демек, вумбилдинг – бұл профилактика мен ұзақ жасаудың маңызды бөлігі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.