Етеккір үзілісі кезіндегі өзгерістер: қалыпты және қауіпті белгілері

Етеккір үзілісі: омырау қалай өзгереді және нені білген жөн

8 сұрақ

Неліктен етеккір үзілісі кезінде омырау жұмсарады?

Етеккір үзілісі көбінесе қашан басталады?

Негізінен қандай гормон омыраудың тығыздығын реттейді?

Етеккір үзілісі кезінде омыраудың көлемі көбінесе қалай өзгереді?

Қандай симптом дәрігерге шұғыл қаралуды қажет етеді?

Неліктен 40 жастан кейін маммографиядан өтіп отырған маңызды?

Неге етеккір үзілісі кезінде омырау ауыруы мүмкін?

Маммологқа жоспардан тыс қай уақытта барған дұрыс?

Етеккір үзілісі – бұл әйелдің ағзасында күшті гормондық қайта құрылу үдерісі жүріп жататын уақыт. Бұл кезең барысында тұтас дене, соның ішінде омырау да өзгеріске ұшырайды: ол әлдеқайда жұмсағырақ болуы мен шымырлығын біршама жоғалтуы мүмкін. Бұл табиғи нәрсе, дегенмен қалыпты өзгерістерді дәрігерге қаралуды қажет ететін белгілерден ажырата білген маңызды. Бұл туралы Лайқос дәрігер- онкомаммолог Анастасия Стригуновамен әңгімелесті.

Етеккір үзілісі кезінде кеудеге не болады: қалыпты өзгерістер

Эстроген және прогестерон деңгейінің төмендеуі сүт бездеріне тікелей әсер етеді. Табиғи болып саналатын негізгі өзгерістер мыналар:

  • Безді ұлпаның орнын майлы тін басады. Сүттің өндірілуі үшін жауап беретін жасушалар кішірейе түседі, ал олардың орнын майлы тін басады. Осының салдарынан омырау әлдеқайда жұмсақ болады және шымырлығын жоғалтады.
  • Пішіні мен көлемі өзгереді. Кеуде кішіреуі және салбырап қалуы мүмкін, не болмаса, керісінше, майлы тіннің өсуі себебінен біршама ұлғаюы ықтимал.
  • Ауырлық сезімі немесе сезімталдық пайда болады. Әсіресе, етеккір үзілісінің алдында болатын өтпелі кезеңінде, егер қатты әрі тұрақты ауырсыну болмаса, бұл қалыпты нәрсе.

Қауіпті белгілер: қай уақытта маммологқа шұғыл бару керек

Өзгерістердің барлығы бірдей қауіпсіз бола бермейді. Егер келесі жайттарды байқасаңыз, міндетті түрде дәрігерге қаралыңыз:

  • омырау немесе қолтықта ұлпаның қалыңдап қатаюы немесе түйіндердің пайда болуы;
  • емшек ұшынан шығатын, әсіресе, қанды немесе қоңыр түсті бөліністер;
  • емшек ұшының ішке тартылуы, жаралар, пішінінің өзгеруі;
  • терінің қызаруы, қабыршақтануы немесе жиырылуы («апельсиннің қабығы» симптомы);
  • қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы;
  • бір емшектің қатты немесе тұрақты ауырсынуы.

Тек дәрігер ғана (УДЗ, маммография немесе қарап-тексерудің көмегімен) нақты диагнозды қоя алады.

Етеккір үзілісі кезіндегі кеуде ауруларының қаупі

Жалпы етеккір үзілісі омыраудың жай-күйіне әртүрлі әсер етуі мүмкін. Эстроген деңгейінің төмендеуі салдарынан көптеген қатеріз түзілімдер азая бастайды немесе мүлдем жойылады. Мәселен, әдетте мастопатия әлсірейді, ал кисталар енді пайда болмайды.

Алайда жас ұлғайған сайын сүт безінің қатерлі ісігінің даму қаупі артады. Бұл эстрогендердің ұзақ уақыт бойы әсер етуі мен жасушалардың табиғи өзгерістеріне байланысты. Аурудың ықтималдығы етеккір үзілісі кеш басталған (55 жастан кейін), етеккір ерте басталған (12 жасқа дейін), сонымен бірге семіздікке ұшырау кезінде немесе гормондық терапияны қабылдайтын (соның ішінде аралас түрі) әйелдерде жоғары.

Дәл осы себептен 45-50 жастан кейін тұрақты түрде қаралу – маммография мен маммологтың тексеруінен өтіп отыру – денсаулықтың қамын ойлаудың қажетті бөлігіне айналады.

Темекі тарту сүт безі қатерлі ісігінің дамуына қалай әсер етеді?
Маммолог Анастасия Стригуновамен сұхбат Біз ауруды қоздыратын факторлар туралы, айқын және айқын емес жаман әдеттер,…
https://laikos.kz/kz/densaulyq-bojynsha-kz/temeki-zhane-sut-beziniz/

Климакс кезінде омырау денсаулығын сақтаудың 4 кеңесі

  1. Тұрақты физикалық белсенділік кеуде денсаулығы мен гормондық тепе-теңдікті сақтауда негізгі рөлді атқарады. Жаяу жүрі, жүзу, йога немесе бимен айналысу секілді бірқалыпты жүктемелер күйзеліс деңгейін төмендетеді, қанайналымын жақсартады және салауатты салмақты сақтауға көмектеседі. Күніне, тіпті, 30 минут қозғалудың өзі хал-жайыңызды айтарлықтай жақсарту мен созылмалы ауруладың қаупін азайтуға қабілетті.
  2. Теңдестірілген тамақтану гормондық тепе-теңдік пен кеуде денсаулығын нығайтуға септеседі. Ас үлесіне жасыл түсті көкөністерді – брокколи, асжапырақ, қырыққабатты қосқан абзал. Олар жасушаларды қорғайтын антиоксиданттарға бай болып келеді. Албырт немесе скумбрия секілді майлы балық ағзаны жүрек пен гормондық жүйеге пайдалы омега-3 майлы қышқылдарымен қамтамасыз етеді. Жаңғақтар, тұқымдар мен жидектердің құрамында E және C дәрумендері бар, ал тұтас дәнді өнімдердер мен бұршақ тұқымдастар артық гормондарды шығаруға көмектесетін жасұнықты жеткізіп отырады. Құрамында йод бар азық-түліктер – теңіз өнімдері, йогурттар мен ірімшіктер – гормондық тепе-теңдікте маңызды рөл атқаратын қалқанша безінің жұмысын қолдайды.
  3. Сапалы ұйқы мен стресті төмендете білу қабілеті. Созылмалы стресс картизол – жыныстық гормондардың тепе-теңдігін бұза алатын, тершеңдікті күшейтетін және алаңдаушылық дәрежесін арттыратын гормонның деңгейін жоғарылата түседі. Күнде белгілі бір уақытта ғана ұйықтауға тырысыңыз, әрі ұйықтар алдында кемінде бір сағаттай гаджеттерді қолданбаңыз, сонымен бірге жүйке жүйесін тұрақтандыру үшін тыныс алу пратикаларын немесе медитацияларды пайдаланыңыз.
  4. Жаман әдеттерден құтылу – темекі тарту етеккір үзілісінің басталуын жылдамдатады, өйткені дәстүрлі темекідегі түтіннің токсиндері аналық бездің фолликулаларын зақымдайды және эстрогендердің бөлінуін төмендетеді. Сонымен бірге шылым шегу жасушалардың ДНҚ-сына зақым келтіреді, осылайша кеуденің қатерлі ісігі қаупін арттырады. Ең жақсы шешім – темекі тартуды ешқашан бастамау. Ал егер бұл әдет әлдеқашан қалыптастырылып қойса, онда одан бас тарту немесе зияны анағұрлым азырақ балама нұсқаларға ауысу жайында ойланған абзал, мысалы, хиттерлерді алатын болсақ, олар зиянды шамамен 95% кемітеді, өйткені мұнда жану үдерісі жоқ.

Алкоголь эстроген деңгейін жоғарылатады және сүт безінің жасушаларын зақымдайтын уытты заттектердің жиналуына мүмкіндік туғызады. Алкогольдің, тіпті, кішігірім мөлшерлерінің өзі онкологиялық аурулар қаупін арттыра алады, сондықтан ішімдіктерден толықтай бас тарту, не болмаса оның тұтынылуын барынша азайту ұсынылады.

Дене өзгерістерін қалай қабылдауға болады?

Етеккір үзілісі – бұл физиологиялық қана емес, сондай-ақ эмоциялық өткел. Омыраудағы өзгерістер өзін-өзі бағалау мен әйелдігін қабылдауға ықпал етуі ықтимал, әрі бұл кезеңде денеңізбен күресу емес, қайта онымен ынтымақтасуды үйренген ерекше маңызды. Денеңіздің сізге қызмет етуін жалғастырып жатқанына назар аударыңыз, яғни, ол – тыныс алады, қозғалады, сезеді. Онымен деген байланысыңызды жеңіл уқалау, йога, күтім мен қамқорлық арқылы сақтаңыз. Басқа адамдармен араласу, күлкі және жаңа ермек істер ішкі тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі және өзіңізге келесі жайтты есіңізге салады: әйелдік етеккір үзілісінің келуімен аяқталмайды – ол жай ғана тереңірек және данагөй бола түседі.

Қорытынды

Қаперіңізде болсын: етеккір үзілісі – дерт емес, бұл өмірдің табиғи кезеңі, әрі осы уақытта болатын омыраудағы өзгерістер де қалыпты үдерістің бір бөлігі. Өзіңізге ұқыпты қарау, қандай да бір жаңа сезімдерді елеу және азғантай күдік туындайтын жағдайда да дәрігерге баруды кейінге қалдырмаған маңызды.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.