Жаңа жылға дейін жылдам тазалау: 10 лайфхак

Жаңа жыл алдында үйді тез жиыстыру бойынша 10 лайфхак: бәрін стрессіз ретке келтіру

Жаңа жыл қарсаңындағы қарбаластың шегі жоқ іспетті: сыйлықтар, дайындық, кездесулер, шаруалар тізімі. Ал үйді жинау көбіне-көп кейінге қалдырылады. Лайқос үйдің ішін оңай және әбігерлікке салынбай, жылдам жиыстыру бойынша 10 лайфхакты жинады, олар денсаулықты – физикалық, сол секілді эмоциялық тұрғыдан сақтауға көмектеседі.

1. Таймерден бастаңыз: бар болғаны – 30 минут

Таймерді қосыңыз және жол-жөнекей кездестірген нәрселерді ғана жинаңыз. Бұл тәсіл перфекционизмді төмендетеді және бөлменің бір бұрышына жабысып қалмауға, ешкім сұрамаған «толық тазалау жұмысына» уақыт кетірмеуге көмектеседі, әрі тиімділікті арттыра түседі – нақты дедлайн болған кезде ми анағұрлым тезірек жұмыс істейді.

2. Әуелі визуалды тәртіп, ал қалғаны кейін

Шүберек пен тұрмыстық химияға қол созбас бұрын визуалды тазалықты қамтамасыз еткеніңіз абзал. Зарядтау жабдықтарын жәшікке салып қойыңыз, косметиканы – арнайы қобдишасына, ыдыс-аяқты – асүйге, киімді – орындыққа немесе кір заттарға арналған себетке салыңыз. Мұндай әдіс-тәсіл тәртіп сезімін тудырады: кеңістік, тіпті, толыққанды үй жинаусыз-ақ анағүрлым ұқыпты болып көрінеді.

3. Хаосқа арналған бір себетті қолданыңыз

Кез келген үлкен себетті немесе қорапты алыңыз да, пәтер ішінде бір айналып шығып, ішіне өз орнында жатпаған заттардың барлығын салыңыз: ойыншықтар, құжаттар, шұлықтар, қойын дәптерлер, ұсақ-түйек нәрселер. Бұл тәсіл бір бөлмеден екінші бөлмеге жүгіріден құтқарады. Ашуланып, әбігерге түсудің орнына, үй жинауды аяқтағаннан кейін себеттегі заттарды жайбарақат түрде орын-орнына қоясыз.

4. Жиһаздың бетін жоғарыдан төмен қарай сүртіңіз

Ең әуелі шкафтар мен сөрелер, содан кейін үстелдер, ең соңында еденді сүртіп шығыңыз. Бұл уақытты үнемдейді және шаң-тозаң қайта басылып қалмайтындай қосарланған жұмыстан құтқарады.

5. Хош иіс – әсер алудың жартысы

Тазалық – бұл тек сыртқы келбет қана емес, сондай-ақ иіс турасында. Бөлмелердің ішін, кем дегенде, 3-5 минуттай желдетіңіз, эфир майының бірнеше тамшысы қосылған ауа ылғалдауышын қосыңыз немесе кішкентай кәстрөлге даршын мен цитрустарды қайнатып қойыңыз. Бұл жайлылық пен мереке сезімін сыйлайды.

6. Жуынатын бөлмедегі жылдам жаңарту

Ванна жинақы көрінсін десеңіз толық тазалау жұмыстарын өткзудің қажеті шамалы. Небәрі айнаны, шұңғылшаны, шүмектерді сүртіп шықсаңыз және сүлгіні тазасына алмастырсаңыз жеткілікті – әрі жуынатын бөлме 80% таза болып көрінеді.

7. Асүй

Бастысы, көзге көрінетін артық заттарды алып тастау, үстелдің үстіңгі тақтайын, асүйлік фартук пен плитаны сүртіңіз. Соңғы мезетте шкафтар мен тұмша пешті тазалауға тырыспаңыз – мұнтай міндеттерді кейінге қалдырған дұрыс.

8. Кір жуу + жинастыру

Үйді жинамас бұрын кір жуғыш машинасы мен ыдыс-аяқ жуатын машинаны іске қосыңыз. Олар жұмыс істеп тұрғанда сіз де бірталай нәрсені тындырып үлгересіз – бұл қосарланған тиімділік сезімін тудырады.

9. Еденге екпін жасаңыз

Егер уақыт тіптен аз болса да, негізгі аймақтар бойынша шаңсорғыш және дымқыл майлықтармен жылдам өтіп шығуға болады – бұл бірден үйдің таза екендігінің әсерін береді.

10. Декорды қосыңыз

Гирляндалар, майшамдар, шырша бұтақтары кеңістікті жылы және мерекелік көңіл-күйге бөлейді. Сонымен бірге сіздің мінсіздікке жеткізіп үлгермеген ұсақ-түйек жайттардан визуалды тұрғыдан алаңдатады.

Қорытынды

Бастысы, «мінсіз тазалыққа» ұмтылуды доғарыңыз. Жаңа жыл – бұл атмосфера мен отбасылық жайлылық. Үйдің таза болғаны маңызды, дегенмен оның маңыздылығы сіздің көңіл-күйіңізден артық емес. Қазір қолыңыздан келгеніңізше істеңіз, ал қалғаны… күте тұрады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.