
Демалыс күндерге арналған 10 хобби: 2 сағатта өз қолыңызбен не істей аласыз
Жалпы демалыс күндері – босаңсуға, жұмыс бабындағы ойлардан көңіл сергіту мен миға кішкене шығармашылық сыйлауға нағыз мінсіз уақыт. Лайқос бір-екі сағаттың ішінде өз қолыңызбен не істеуге болатыны мен бұдан нағыз рахатқа бөлену үшін 10 идеяны жинады.
Майшамды өз қолыңызбен жасау
Бар керегі – дайын жиынтық (балауыз, білте, хош иіс, бояғыш) және кез келген қалып – стақан, банка, бақалшық немесе кокостың жартысы. Сіз балауызды ерітесіз, хош иісті қосасыз (лаванда, ваниль, ақгүл немесе «саябақтағы жаңбыр» секілді айырықша жұпар иіс), қалыпқа құясыз да, кептірілген гүлмен безендіресіз. Бір-бір жарым сағаттан кейін балауыз қатып қалады – әрі сізде ұялмай сыйлауға болатын сәнді майшам шыға келеді.
Үстелге арналған мини-террариумды жинау
Террариум – бұл күтімді қажет етпейтін банкадағы кішігірім әлем.
Әйнектен жасалған ыдысты (банка, гүлсауыт, тіпті, стақан болсын) аласыз да, ұсақ тастар қабатын, көмір, топырақ, мүк, мини-суккуленттер мен шағын фигураларды саласыз – әрі 20 минуттың ішінде көз алдыңызда кіп-кішкентай «орманның» пайда болғанын бақылайсыз.
Ескі киімді upcycle арқылы жаңарту
Апсайклинг – заттарға жаңа өмір сыйлаудың ең жақсы тәсілі.
- матаның үстіне маркермен минималисттік бет немесе дәйексөзді салу;
- ескі пенжекке түйреуіштерді қосу – панк-стиль немесе тура стилисттер жасайтын сәнді акцент пайда болады;
- джинс шалбарында ұқыпты ойындыларды кесу, ескірген секілді іздерді қалдыру;
- пальтодағы түймелерді ерекше фурнитураға ауыстыру – әрі киім дизайнерлік зат іспетті көрінеді.
Подкасттар
Подкасттар – 20-40 минут уақытыңызды алатын, әрі жүре тыңдауға болатын мінсіз хобби. Оларды жұмысқа бара жатып, тамақ әзірлегенде, үй жинағанда немесе серуендеген кезде тыңдай аласыз. Бұл қандай да бір жаңа дүниелерді білу, шабыт алу, көңіл сергіту немесе әуреге салынбай, уақытты пайдалы өткізудің тамаша мүмкіндігі.
Нөмірлер бойынша шағын картинаны акрилмен салу
Нөмірлер бойынша салынатын суреттер әлдеқашан балаларға арналған ермек іс болудан қалды – олардың ересектерге арналған күрделі, сәнді сюжеттері бар.
Ағаштан жасалған үлгіні жинау (сағаттан бастап ретро-көлікке дейін)
Ағаштан жасалған 3D-конструкторлар – бұл ұсақ-түйектерді ұнататын адамдарға нағыз рахат сыйлайтын нәрсе. Лазермен кесуге болатын пластинкалар ұсынылған, сіз олардан элементтерді қысып шығарасыз да, «қаңқасын» жинайсыз, әрі тегершіктерді орнатасыз – осылайша, кішігірім механизмге ие боласыз.
Мини-неон маңдайша жазуды жасау
Иілгіш LED-таспа, сымды үлгі және бір-бір жарым сағат уақыт – мінеки, сіз үстелге арналған жанып тұратын жазуды немесе суретті өз қолыңызбен жасай аласыз. Бұл жерде сөз, сұлба немесе жүректі жасауға болады.
Гипстен жасалған органайзер немесе салғышты жасау
Қазіргі уақытта гипс жиынтықтары кеңінен танымал – сіз қоспаны қалыпқа құясыз да, бір сағаттан кейін әшекейлерге, майшамдарға немесе жаққыштарға арналған стильді органайзерге ие боласыз.
Қолдан жасалған жидекті бомбочкалар
Нұсқаулық:
- Ашық түсті жидектерді алыңыз (таңқурай, шие, қарақат, шырғанақ).
- Оларды езіңіз де, бір қасық бал қоссаңыз болады.
- Кекс пісіруге арналған қалыптарға құйып шығыңыз.
- Үстіне лимонның кішкентай тілімін немесе жалбыз бұтақшасын қойыңыз.
- Мұздатқышқа салыңыз.
Қыста бір «бомбочканы» алып, үстіне шай мен қайнаған суды құйыңыз – әрі сіз бірден хош иісті, авторлық, жылытатын сусынды аласыз.
Ересектерге арналған LEGO жиынтығы
LEGO – бұл әлдеқашан ересектерге арналған антистреске айналған конструктор. Гүл шоғы түріндегі жиынтықтар, сәулет миниатюралары, жапон бақтары, ғарыш кемелері, кейіпкерлердің маскалары да кездеседі.
Қорытынды
Осы демалыс күндері жаңа әдеттердің бастауы болсын: бір ермек істі немесе шағын хоббилердің тұтас сериясын байқап көріңіз. Бәлкім, дәл осы ермек істер босаңсу мен тепе-теңдікті табудың жаңа бір тәсіліңізге айналып қана қоймай, сонымен қатар өз қолыңызбен жасалған тамаша сыйлық идеяларын беру тәсіліңізге де айналатын шығар.