
Отшашу түтіні, шығарындылар мен темекі түтіні: денсаулыққа қайсысы зияндырақ?
Түтіннің әрбір түрі, мейлі бұл пиротехникалық, мейлі көлік немесе темекі түтіні болсын,өзіндік химиялық құрамға ие және денсаулыққа әрқалай әсер етеді. Кез келген ластанған ауаны жұту тұтас ағзаға орасан зор зиян келтіретіні рас, алайда адамдардың көбі қауіп аймағында қалуды жалғастыра береді. Лайқос дәрігер-пульмонолог Бекдәулет Әкімниязованың көмегімен түтіннің әрбір түрі несімен қауіпті екендігін және оның зиянын қалай төмендетуге болатынын анықтады.
Отшашу түтінінің құрамы мен оның тыныс алу жолдарына әсері
Жалпы отшашудың түтіні пиротехниканың жануы кезінде пайда болады. Оның құрамында барий, стронций, мыс, алюминий, күкірт, перхлораттар мен тыныс алу жолдарына терең енуге қабілетті PM2.5 ұсақ бөлшектері бар. Жаппай отшашу болған кезде осы заттектердің концентрациясы, әсіресе, желсіз ауа райы болса, 5-20 есеге өсуі бек мүмкін.
Бұл ағзаның жіті реакцияларына – көздің тітіркенуі, жөтел, бронхоспазм мен аллергиялық ісінулерге әкеліп соқтырады. Отшашудан болатын залал әдетте қысқа мерзімді болып келеді, әрі сақтық шаралары сақталатын болса, мәселен, түтін ошағынан алыс тұрсаңыз немесе бетпердені қолдансаңыз, созылмалы аурулардың пайда болу қаупі өте төмен.
Көліктердің шығарындылары: күнделікті ықпалы несімен қауіпті
Көліктердің пайдаланылған газдары – бұл азот тотығының, тұншықтырғыш газдың, бензолдың, формальдегид пен күйенің қоспасы. Шығарындылардың құрамы көлік қозғалтқышының түріне байланысты болады: бензинді автомобильдер бензол мен формальдегидті көбірек бөлсе, дизельді түрлері – күйе мен NO2 шығарады, ал газды көліктер – салыстырмалы түрде тазарақ, дегенмен реттелімі нашар болса, метан шығарындылары жоғарылауы ықтимал.
Неліктен темекі түтіні ең уытты деп танылған
Темекі түтіні денсаулық үшін ең қауіпті болып келеді. Мына бір жайтты түсінген маңызды: негізгі зиянды никотин емес, жану өнімдері мен түтін туғызады. Оның құрамында 7 000 химиялық заттек кездеседі, соның ішінде шайыр, нитрозаминдер, көпоралымды хош иісті көмірсутектер (КХК), аммиак және ауыр металдар бар. Көлік шығарындылары мен отшашудың түтінімен салыстырғанда темекі түтіні тікелей деммен бірге және жоғары концентрацияларда жұтылады, әрі бұл тыныс алу жолдарының төменгі бөлімдерін зақымдайды, қабыну үдерістерін жылдамдатады және онкологиялық аурулардың даму қаупін арттыра түседі. Сонымен бірге ол көліктердің пайдаланылған газдарынан гөрі 10 есе қауіпті.
Пассивті темекі тарту да айтарлықтай қауіп төндіреді. Бұл, әсіресе, жабық кеңістіктерде ерекше қауіпті: ауа көлемінің бірлігіне шаққанда канцерогендердің концентрациясы сырттағы шығарындылардан немесе отшашудың түтінінен асып түсуі әбден мүмкін. Тіпті, шылымқұмардың қасында аз уақыт тұрудың өзі өкпе мен қан тамырларға теріс әсерін тигізеді, әрі қабынудың пайда болу, тамырлардың серпімділігін төмендету мен газ алмасудың нашарлау қаупін арттырады.
Үшіншілік темекі тарту жайында да ұмытпағаныңыз абзал: жиһаз, тоқыма заттар мен қабырғаларға шөгіп қалатын бөлшектер апталар бойы сақталады және қозғалыс немесе бөлмені тазалау кезінде ауаға қайта түсуі ықтимал, осылайша бөлмедегі барлық адамдарға жасырын қауіп төндіріледі. Бұдан бөлек түтіннің құрамындағы канцерогендердің деңгейі қаланың шығарындыларына қарағанда он есе жоғары.
Оның әрқайсысында анағұрлым уландырғыш компоненттер бар: мәселен, пиротехникада – ауыр металдар; шығарындыларда – NO2 және бензол; темекі түтінінде – канцерогенді шайыр мен көпоралымды хош иісті көмірсутектер.
Түтін жүрек пен тамырларға қалай әсер етеді
Түтіннің барлық түрлері тыныс алу жолдарының шырышты қабығын тітіркендіреді және қабыну үдерістерін қоздырады. Бұл жөтел, бронхоспазмдар мен ісіну түрінде көрініс табады. Созылмалы қабынуға тұрақты түрде темекі тарту мен көлік түтінінің ұдайы әсері ең үлкен үлесті қосады. PM2.5 ұсақ бөлшектерін деммен жұту ерекше қауіпті болып келеді, өйткені олар өкпенің тініне зақым келтіре отырып, альвеолаларға терең еніп кетеді.
Сонымен бірге түтін жүрек-қан тамырларының жүйесіне де әсер етеді. Тұншықтырғыш газ қанның оттегіні тасымалдау қабілетін төмендетеді, ал PM2.5 ырғақсыздық, тромбоздар мен жүрекке қосымша салмақ түсірудің қаупін арттыра отырып, тамырлардың микроқабынуын тудырады. Созылмалы шылымқұмарлар мен шығарындыларға үнемі тап болатын адамдарда бұл үдерістер жинақталады да, инсульт пен инфарктқа ұшырау ықтималдығы жоғарылай түседі.
Жоғары қауіп тобына кімдер кіреді
Түтінге, әсіресе, балалар, жүкті әйелдер, егде жастағы адамдар, сонымен бірге демікпе, ӨСОА немесе жүрек-қан тамырларының ауруларына шалдыққан науқастар ерекше сезімтал келеді. Түтіннің, тіпті, қысқа мерзімді әсерінің өзі олардың бойынан айқын белгілерді – жөтелді, ентігуді, бронхтардың тарылуын, ал кейде қысымның күрт көтерілуін тудырады.
Түтіннің зиянын күнделікті өмірде қалай азайтуға болады
- Отшашу: сертификаттаудан өткен бұйымдарды ғана қолдану, көпшіліктен алыстау тұру, бетпердені тағу.
- Шығарындылар: көлік көп жүретін көшелерден аулақ болу, ауа тазартқыштарын пайдалану, қоғамдық көлікке басымдық беру.
- Темекі: денсаулық үшін ең ұтымды нұсқа – темекі шегуден біржолата бас тарту. Алайда әзірге әдеттен толықтай бас тартуға дайын емес адамдарға балама нұсқалар бар – темекіні қыздыруға арналған жүйелер. Олардың жұмыс істеу қағидаты жану үдерісіне жол бермеуге негізделген, демек, құрамында канцерогендер мен шайырдың жоғары концентрациясы бар темекі түтіні түзілмейді.
Қандай түтін зияндырақ: дәрігердің қорытындысы
Түтіннің қаупі химиялық құрамымен ғана емес, сондай-ақ концентрациясымен, әсер ету жиілігі және ұзақтығымен де анықталады. Түтіннің үш түрінің ішінде ең үлкен зиянды темекі түтіні тигізеді – бұл уыттың жоғары концентрациясы, әсер ету жиілігі мен канцерогендігіне байланысты. Екінші орында – пайдаланылған газдардың созылмалы әсері, содан кейін ғана – қысқа мерзімді отшашулар. Сондықтан айналаңыздағы таза ауаға деген қамқорлық пен түтіннің кез келген түрімен жанасуды азайту – бұл өкпе, жүрек пен тамырларды сау күйінде сақтаудың негізгі қадамдарының бірі.