
Темекінің баламасы: тиімділігі туралы зерттеулердің мәліметтері
Жаңа жылға қоятын мақсаттарымыздың арасында өз ағзамызға көбірек көңіл бөлу, салауатты өмір салтын ұстану және темекіні тастау деген секілді уәделер өте жиі кездесіп отырады. Дегенмен бұл жоспарлар негізінен қатал шынайылыққа келіп тіреледі: темекіні тастау шын мәнісінде өте қиын, әрі бұл бір талпыныстан-ақ кез келген адамның қолынан келе бермейді. Лайқос бұл мақсатты анағұрлым шынайы етудің жолын анықтады.
Cochrane ауқымды зерттеуі: электронды темекі шылым шегуден бас тартуға көмектесе ала ма?
Cochrane денсаулық сақтау саласындағы зерттеушілер мен мамандардың тәуелсіз, әрі коммерциялық емес желісі темекі шегуден бас тартудың тәсілі ретіндегі хиттерлерді зерделеуге арналған 104 зерттеуге талдау жасаған. Cochrane мамандарының мақсаты электронды темекінің адамдарға шылым шегуді тастауға көмектесе ала ма, әлде жоқ па екендігін және зерттеуге атсалысқан қанша қатысушы жаман әдетінен, кем дегенде, алты айға бас тартқанын анықтау еді.
Cochrane шолуының негізгі қорытындылары
Зерттеушілер адамдардың никотин алмастыратын терапияны қолданудан немесе мінез-құлықтық қолдаудан (әдетте бұл терапияның бір бөлігі болып келеді) гөрі темекіні қыздыруға арналған жүйелерді (хиттерлер) пайдаланған кезде шылым шегуден бас тартуының ықтималдығы жоғарырақ деген қорытындыға келді.
- Темекіден бас тарту мақсатында хиттерлерді қолданатын әр 100 адамға шаққанда шылым шегуді сәтті тастаған 8-11 адам келеді екен.
- 100 адамның 6-уы ғана никотин алмастыратын терапияның көмегімен темекіні тастайды.
- 100 адамның 4-уі ғана қандай да бір қолдаусыз немесе мінез-құлықтық қолдаудың көмегімен шылым шегуден бас тарта алады.
Жүз адамға шаққанда бірнеше адамға деген айырмашылық аз болып көрінгенімен, миллиондаған шылымқұмар ауқымында бұл қосымша жүз мыңдаған адам өмірінің құтқарылуын білдіреді.
Ал ағзаға деген әсері ше?
Мына бір жайтты түсінген маңызды: электронды темекі – панацея емес. Дегенмен әлемнің көптеген елдерінде мойындалған зиянды төмендету тұжырымдамасына сәйкес бұл никотиннен бас тарта алмайтын немесе біржолата бас тартқысы келмейтін ересек шылымқұмарларға арналған қаупі төменірек балама нұсқа болып келеді.
Cochrane зерттеулерінде электронды темекіні қолданудан болатын жағымсыз әсерлердің аздығы жайында айтылған, әрі олардың саны уақыт өте келе кеміп барады. Зерттеулердің көбі АҚШ (48) пен Ұлыбританияда (21) жүргізілген еді. Соңғы уақытта Ұлыбританияда Денсаулық сақтау министрлігі саясатының арқасында дәстүрлі темекіні қалайтындармен салыстырғанда вейптер мен хиттерлер пайдаланушыларының саны артып отыр. Сыншылардың айтуынша, қайткенде де бұл бәрібір никотинге деген тәуелділік, тек мұның пішіні басқа болып келеді.
Алайда шылымқұмардың ағзасына деген негізгі нұқсанды никотин емес, темекі түтінінің құрамында кездесетін жану өнімдері келтіреді екен. Вейптер мен хиттерлерді қолданған кезде бөлінетін аэрозольдің құрамында темекі түтініне қарағанда уытты қосылыстар 95% азырақ. Осы себептерге байланысты Ұлыбританияның Денсаулық сақтау министрлігі зиянды төмендетуге қарай бағыт алуға шешім қабылдайды – электронды темекі шын мәнісінде дәстүрлі шылымнан баста тартуға және шылымқұмарлардың денсаулығы мен өмірін сақтауға көмектеседі.
Неліктен Қазақстанда жағдай басқаша?
Ал Қазақстанда 2024 жылдың маусым айынан бастап жастар арасында кеңінен таралғандығы салдарынан вейптерге тыйым салынған, дегенмен бұл түйткілді (әрі айта кетсек, ол бүгінде де бар) жасы кәмелетке толмағандарға никотиндік бұйымдарды сатуға тыйым салудың сақталуын бақылау шеше алар еді. Сонда ересек шылымқұмарлар темекінің тиімді балама нұсқасынсыз, ал мемлекет – қазіргі уақытта көлеңкеде қалған электронды темекінің заңды сатылымынан түсетін салық түсімдерінсіз қалмайтын еді. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, 2024 жылмен салыстырғанда 2025 жылы никотинді сұйықтықтары бар заңсыз өнімдерді (вейптер) тәркілеу саны екі есе ұлғайды.
Қорытынды
Жаңа жылда баршаға алдына қойған мақсаттарына жетуді тілеу ғана қалып отыр: шылымқұмарларға – әдетін біржолата тастау, ал мемлекетке – жастар арасындағы темекі тарту түйткілін әлдеқайда тиімді шаралар арқылы шешу.