Қатерлі ісік: оның дамуының 9 факторы

Обыр дамуының қауіп факторлары: аурудың ықтималдығына шын мәнінде не әсер етеді

Қатерлі ісік күллі әлем бойынша өлім-жітімнің басты себептерінің бірі. ДДСҰ мәліметтері бойынша 2022 жылы 20 млн астам жаңа жағдай тіркелген еді, ал 2050 жылға қарай бұл сан 77% өсуі және 35 млн дейін жетуі әбден мүмкін. Бүгінде қатерлі ісік – бұл үкім емес, алайда қауіп факторларын білу аурудың алдын алудың маңызды құралына айналып отыр. Қандай өзгерістер қауіпті шынымен де төмендетуге септігін тигізетіні мен бүгіннен бастап не нәрсеге көңіл бөлу керектігін анықтауға онколог-химиотерапевт Никита Рязанов көмектесті.

Онкологиядағы қауіп факторы дегеніміз не

Бұл қатерлі ісіктің нақты түрінің пайда болу ықтималдығын арттыратын кез келген жай-күй, әсер немесе әдет. Маңызды бір жайт: осы жайт дерттің міндетті түрде дамуын білдірмейді, әрі оның жоқтығы да жүз пайыз қорғанысты бермейді.

Қауіп факторларын екі үлкен топқа бөледі:

  • Бізге байланысты: өмір салты, тамақтану, темекі тарту, ультракүлгін сәулелену (күннің ықпалы). Болжам бойынша бүкіл әлемдегі қатерлі ісіктен болатын барлық өлім-жітімнің шамамен 50% осы факторлармен байланысты болуы мүмкін.
  • Бізге байланысты емес: жас шамасы, тұқым қуалаушылық, кейбір генетикалық мутациялар.

Негізгі қауіп факторлары туралы білген маңызды

Темекі тарту

Қатерлі ісік салдарынан болатын барлық өлім-жітімнің шамамен 30% себебі болып келеді және өкпе обырының даму қаупін 20-30 есеге арттырады. Сонымен бірге бұл тамақтың, ауыз қуысының, қуық пен ұйқы безінің қатерлі ісігінің даму ықтималдығын айтарлықтай жоғарылатады. Темекі түтінінің құрамында ДНҚ-ны тікелей зақымдайтын немесе уытты белсенді пішіндерге айналатын ондаған канцерогендер кездеседі. Осы мутациялар жылдар бойы жинақталады да, әрі ісіктің өсуіне жайлы жағдай жасайды.

Классикалық темекінің балама нұсқасы – хиттерлер. Олар шылымға қарағанда темекіні жақпайды, осылайша құрамында канцерогендер мен шайыры бар залалды темекі түтінінің түзілуіне жол бермейді.

Дегенмен өкінішті статистиканың бір бөлігіне айналмау үшін темекі шегуден біржолата бас тарту ұсынылады. Темекіні тастаған соң 10 жылдан кейін өкпенің қатерлі ісігінің даму қаупі екі есеге дерлік төмендейді. Егер мұны өз бетіңізбен жасау қиынға соқса, дәрігердің көмегіне жүгінгеніңіз абзал – ол сізге шылым шегуден бас тартудың тиімді және қауіпсіз стратегиясын таңдауға септеседі.

Онкогендік вирустар

Заманауи вакцинация – вирустарға байланысты онкологиялық аурулардың алдын алудың ең тиімді тәсілдерінің бірі.

Семіздік

Майлы жасұнық тым көп болған кезде адам ағзасы гормондарды және жасушалардың жұмысына нұқсан келтіретін заттектерді өндіре бастайды. Мәселен, эстрогендердің деңгейі артады – бұл сүт безі мен жатырдың қатерлі ісігі қаупін жоғарылата алады. Сонымен бірге семіздік инсулинге деген сезімталдықты азайтады және жасырын қабынуды тудырады. Ол байқалмайды, дегенмен жасушаларды тұрақты түрде зақымдайды және қатерлі ісіктің өсуіне жағдай туғызады.

Алкоголь

Ішімдіктің қауіпсіз мөлшері болмайды. Этанол уландырады, сондықтан ағза зиянға ұшырамай, оны өңдей алмайды. Алкогольді көп мөлшерде тұтыну ауыз қуысының, тамақтың, өңештің, көмейдің және ағзаның басқа да жүйелерінің қатерлі ісікке шалдығу қаупін әжептеуір арттыра түседі. Ішімдіктің, тіпті, жеңіл немесе бірқалыпты тұтынылуының өзі обырдың даму қаупінің ықтималдығын жоғарылатады. Сондықтан көңіліңізді құрамында алкоголі жоқ коктейльдерге бөлгеніңіз абзал.

Физикалық белсенділік

Бұл зат алмасу үдерісін жақсартады, гормондарды ретке келтіреді, артық салмақты төмендетеді, қабынуды азайтады және иммунитетті нығайтады – әрі осының барлығы жасушаларды қатерлі жасушаларға айналуынан қорғайды. Зерттеулер көрсетіп отырғандай: өмірінде қимыл-қозғалысы аз жандарға қарағанда белсенді өмір салтын ұстанатын адамдарда қатерлі ісіктің даму қаупі шамамен 26% төменірек болып келеді.

Америкалық онкологиялық қауымдастық ересектерге аптасына, кем дегенде, 150-300 минут бойы бірқалыпты немесе 75-150 минут қарқынды белсенділікпен айналысуды ұсынады.

Тамақтану

Қауіпті не арттырады:

  • Өңделген ет: шұжықтар, шұжықшалар, бекон, ысталған өнімдер.
  • Қызыл ет: сиыр еті, шошқа еті, қой еті.
  • Ультраөңделген өнімдер: фастфуд, қапталған жартылай фабрикаттар.

Қауіпті не төмендетеді:

  • Өсімдік тағамдар: көкөністер, жемістер, жармалар, бұршақ тұқымдастар. Олардың құрамында жасушаларды, әсіресе, асқазан-ішек жолының жасушаларын қорғайтын жасұнық, дәрумендер мен антиоксиданттар бар.
  • «Таза» ақуыз: балық, құс еті, бұршақ тұқымдастар.

Ауаның ластануы

Ластанған ауа, соның ішінде PM2.5 ұсақ бөлшектері, адам үшін дәлелденген канцероген ретінде танылып отыр. Осы бөлшектер концентрациясының, тіпті, сәл ғана көтерілуі орын алса, өкпенің қатерлі ісігі қаупі арта түседі. 2025 жылға деген болжам бойынша Қазақстанда жыл сайын ауаның ластануына байланысты дерттерден 14 мың адам көз жұмады.

Көлік шығарындылары, түтін және ластанған ауаның құрамында ДНҚ-ны зақымдайтын, жасушалардың мутациясын тудыратын және олардың қалпына келуіне нұқсан келтіретін химиялық заттектер бар. Мұндай әсерге жұмыс орнында – өндірісте, құрылыста, ауыл шаруашылығында немесе тұрмыстық орта арқылы уытты заттармен үнемі жанасатын адамдар да тап болады.

Денсаулыққа деген қауіпті төмендету мақсатында сарапшылар үй-жайларда мүмкіндігінше ауа тазартқыштарын қолдануды, жұмыс орнындағы ауа сапасын қадағалап отыруды және ластану деңгейі жоғары аймақтарда болу уақытын шектеуді ұсынады.

Ультракүлгін сәулелену

Күнге күю неғұрлым көп болса, қауіп те соғұрлым жоғары. Жас кезінде күнге жиі күйген адамдарда меланома тәуекелі екі есе жоғарылауы ықтимал. Сондықтан күн шуағы мол аймақтарда құрамында SPF бар күн сәулесінен қорғайтын иісмайларды пайдалану және денені жауып тұратын киімді киген маңызды.

Созылмалы стресс

Егер күйзелісті басқара алмасаңыз, онда ағзадағы стресс гормонының деңгейі көтеріледі. Бұл иммунитетті әлсіретеді, ұйқы сапасын нашарлатады және қабынуды қоздыруы мүмкін. Уақыт өте келе мұндай үдерістер онкологиялық аурулардың даму қаупін арттырады.

Гендердің рөлі қаншалықты маңызды?

Қатерлі ісікті көбінесе генетикамен байланыстырып жатса да, обыр анықталған жағдайлардың небәрі 10% ғана тұқым қуалайтын жағдаяттар болып шығады. Егер адамда, тіпті, «қауіпті» гендер бар болса да, ұстанатын өмір салты мен профилактика негізгі рөлге ие: медициналық тексерулерден тұрақты түрде өту және салауатты әдеттерді сақтау аурудың қаупін төмендетудің басты тәсілдері болып қала бермек.

Нені есте сақтау керек

Ешбір шара 100% кеплідікті бере алмайды, дегенмен өзіңізге қамқорлық таныту – уақытында медициналық тексерулерден өту мен салауатты өмір салтын ұстану – ауруды төмендетеді, өмірлерді құтқарады және денсаулыққа деген жүктемені азайтады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.