Психиатрға уақыт келгенде: 6 белгі | Лайқос

Қай уақытта психологқа емес, психиатрға жүгінген жөн

Соңғы жылдары психологтың көмегіне жүгіну қорқытнышты нәрсе болудан қалды – әрі бұл жақсы жаңалық. Дегенмен осы тұста көптеген жаңылыс пікірлер де пайда болған: қайсысы қалай көмектеседі, сондай-ақ ең бастысы, қай уақытта психологтың көмегі жеткіліксіз. Лайқоспен бірге анықтайық.

Психолог және психиатр арасындағы айырмашылық неде?

Психолог келесі жайттармен жұмыс істейді:

  • эмоциялар, алаңдаушылықтар, күйзеліс;
  • қарым-қатынастар, өзін-өзі бағалау, өмірдегі дағдарыстар;
  • үрей мен ауыр белгілері жоқ жабырқаңқы көңіл-күй.

Ол медициналық диагноздарды қоймайды және дәрі-дәрмектерді тағайындамайды.

Психиатр – бұл дәрігер. Ол:

  • психикалық ауытқуларды анықтайды;
  • жай-күйді медициналық тұрғыдан бағалайды;
  • қажет болған жағдайда дәрі-дәрмекпен емдеуді тағайындайды.

Көбінесе ең жақсы нұсқа – бұл екеуімен де бірлесіп жұмыс істеу: психиатр жай-күйді тұрақтандырады, психолог мұның себептерін анықтау мен жаңаша өмір сүруді үйренуге көмектеседі.

Нақты психиатрға жүгіну керектігін білдіретін белгілер

Егер сіз бірнеше күн емес, апталап немесе, тіпті, айлап созылатын бір немесе бірнеше жай-күйді байқасаңыз, психиатрға жүгінген маңызды:

  1. Ұзақ депрессия
  • тұрақты енжарлық, мағынасыздық, немқұрайлық;
  • бұрын қуаныш сыйлаған нәрселерге қызығушылықты жоғалту;
  • «өмірдің мағынасы жоқ» деген сезім.

Егер бұл 2-3 аптадан астам уақытқа созылса, әрі ешнәрсе өзгермесе, бұл дегеніміз медициналық сауал.

  1. Қатты алаңдау мен үрейлі шабуылдар
  • анық себепсіз қорқыныш сезімі билесе;
  • жүректің тым тез соғуы, ауаның жетіспеуі, бас айналу;
  • қайтыс болу, ақылдан адасу, бақылауды жоғалтып алу үрейі.

Психотерапия көмектеседі, алайда кей кездері дәрі-дәрмексіз алаңдаушылық азаймауы ықтимал.

  1. Ұйқы мен тәбеттің бұзылуы
  • ұйқысыздық немесе, керісінше, тұрақты ұйқышылдық;
  • тәбеттің кенет төмендеуі немесе күшеюі;
  • алаңдаушылық немесе ауырлық сезімімен ояну.

Ұйқы мен тәбет – психикалық жағдайдың негізгі маркерлері.

  1. Құбылмалы көңілкүй
  • эйфориядан бастап терең бейжайлыққа дейін;
  • бақылануы қиынға соғатын ашушаңдық немесе агрессияның өршуі;
  • «мен біртүрлі болып жүрмін» сезімі.

Бұл дәрігердің бағасын талап ететін бұзылыстардың белгісі болуы әбден мүмкін.

  1. Өзінөзі жарақаттау немесе суицид туралы ойлар

Егер, тіпті, бұл «әшейін ғана ойлар» және «мен ешнәрсе істемеймін» деген секілді жайт болса да, бұл психиатрға дереу қаралудың абсолютті және сөзсіз себебі.

  1. Шынайылықпен байланыстың жоғалып бара жатқанын сезіну
  • ақылға қонбайтын нанымдар;
  • болып жатқан жағдайдың шындыққа жанаспайтынын сезіну;
  • басқаларда жоқ есту және көру алаңдаушылықтары.

Дәріден қорқудың керегі бар ма?

Қазіргі заманғы психиатриялық дәрі-дәрмектер адамды «көкөніске» айналдырмайды, оның тұлғасын өзгертпейді және дәрігердің дұрыс әрі бақыланатын тағайындауымен тәуелділікті тудырмайды. Олардың мақсаты эмоцияларды басуда емес, белгілердің ауырлығын төмендету, ішкі ресурсты және тұрақтылықты қайтаруда жатыр. Мұндай жағдайда адамға бір сессиядан келесі сессияға дейін жай ғана шыдау емес, өмір сүру, ойлау, сезу мен психологпен шын мәнісінде жұмыс істеу оңайырақ бола түседі.

Ал егер мен психологқа барып жүрсем ше?

Бұл шыны керек қалыпты және дұрыс жағдай. Жақсы психолог құзыретінің аясынан шығатын белгілерді көрген кезде психиатрмен кеңесуді өзі-ақ ұсынады. Бұл жауапкершілікті басқаға жүктеу емес, бұл кәсіби этика.

Қорытынды

Егер сізге белгілі бір кезеңдерде ғана емес, тұрақты түрде қиын болса, демек, бұл – психиатрға жүгінудің нағыз салмақты себебі. Бұл жерде әлсіздік немесе ұят деген түсінік жоқ, өйткені психикалық денсаулық тура физикалық денсаулық секілді көңіл бөлуге лайық болып келеді. Уақытты бекер созбай, дер кезінде медициналық көмекке жүгінген маңызды. Уақытылы қолдау қалыпқа келу жолын әлдеқайда жеңілдететіні хақ.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.