Жұмыстағы әлеуметтік темекі тарту: мансап үшін шылым шегу қажет пе? | Лайқос

Әлеуметтік темекі тарту: араласуға қысқа жол ма, әлде зиянды дақпырт па?

Жұмыстағы темекі тартатын орын корпоративтік мәдениеттің бейресми нышанына айналғаны қашан: осы бұрышта ең маңызды мәселелер шешіледі және идеялар туындайды деп есептеледі. Алайда бұл шынымен де солай ма? Әрі кәсіби мүмкіндіктер үшін сізге темекі тартуды бастаған жөн бе? Лайқоспен бірге анықтайық.

Әлеуметтік қыры: жұрт не үшін темекі тартады

Барлық маңызды мәселелер тек қана темекі тартатын орында талқыланады, әрі қандай да жұмыс мәселесі бойынша хабардар болу үшін өзіңізге шылым шегуге тура келеді.

Шын мәнісінде:

  • Күрделі шешімдердің көбі кеңседе, кездесулер барысында және ресми арналарда қабылданады.
  • Кофе-брейктерге, корпоративтік іс-шаралар мен талқылауларға қатыса отырып, темекісіз-ақ бейресми шеңбердің мүшесі бола аласыз.
  • Темекі сізді маңызды немесе «өз адамы» етпейді. Адамдар идеяларды, бастамашылдық пен өзара әрекеттесе білуді бағалайды.

Көппен бірге темекі тарту несімен қауіпті

Темекі түтініне толы кеңістікте ұзақ уақыт болу хал-жағдайды нашарлатады: бастың ауырсынуы, көздің тітіркенуі, шаршағандық пайда болып, зейін қою қиындай түседі, сонымен бірге иммунитет төмендейді. Түтінмен, тіпті, қысқа уақытқа жанасудың өзі демікпе ұстамасын немесе аллергияны тудыруы ықтимал.

Темекі тарту рұқсат етілген орындарда ауа зиянды заттектермен жылдам ластанады. Тіпті, желдету құралдары да темекі түтінін толықтай шығарып тастай алмайды: оның бөлшектері қабырғаларға, жиһаз бен киімге сіңіп қалады, осылайша үшіншілік түтін пайда болады. Бұл қалдықтар, тіпті, бөлмені желдеткеннен кейін де зиянды заттектерді бөлуді жалғастырады.

Егер әзірге темекі шегуден біржолата бас тарту жоспарыңызға кірмесе, дегенмен сіз әлеуетті залалды азайтуды қаласаңыз, назарыңызды хиттерлерге аударып көріңіз. Темекімен салыстырғанда бұл жерде жану үдерісі жоқ, демек, құрамында 7 мыңнан астам химиялық заттек, соның ішінде шайыр, тұншықтырғыш газ бен канцерогендер бар темекі түтіні түзілмейді.

Түтінсіз кеңістіктер тренді

Дамыған елдерде түтінсіз қолданушылар үшін арнайы аймақтар пайда болып жатыр, мұнда кәдімгі темекіге мүлдем тыйым салынған. Бұл кеңседегі жалпыға ортақ аймақ, кофехана, коворкинг немесе лаунж-аймақ болуы мүмкін, бұл жерлерде тек қана түтін шығармайтын өнімдер – хиттерлерге рұқсат етілген.

Мұндай кеңістіктердің басты пайдасы:

  • Пассивті темекі тартудың жоқтығы. Айналадағы адамдар темекі түтінінен бөлінетін канцерогенді заттардың ықпалына ұшырамайды.
  • Қауіпсіз тілдесім. Денсаулыққа қауіп төндірмей, бейресми ортада идеялар және байланыс нөмірлеріңізбен алмасуға болады.
  • Салауатты баламаларға әдеттену. Түтін шығармайтын өнімдердің қолданушылары кәдімгі темекінің санын бірте-бірте қысқартады немесе толықтай арылады.

Темекі тартатын орынның баламасы

  • Кофе немесе шайға арналған үзілістер. Адамдардың темекісіз жиналатын орны.
  • Коворкингтер мен ортақ демалыс аймақтар. Денсаулыққа нұқсан келтірмей-ақ идеяларды талқылауға, әрі пікір алмасуға болады.
  • Жұмыстан кейінгі бейресми кездесулер. Түскі ас немесе бірге серуендеу де тақылауларға арналған бейресми кеңістікті құрады.

Бұл баламалар да дәл сондай әсер береді – араласу мен ақпарат алмасу мүмкіндігі бар, бірақ денсаулыққа зиян келтірілмейді.

Қорытынды

Жұмыс үдерістеріне атсалысу үшін қолға темекі алудың қажеті шамалы. Белсенділік, бастамашылдық таныту, талқылауларға қатысу және әріптестермен сенімді қарым-қатынастарды орнатудың өзі жеткілікті.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.