
«Обыр» диагнозымен өмір сүрудің жолы: маманның жауаптары
8 сұрақ
Қатерлі ісік әлемде қаншалықты таралған?
Қатерлі ісіктің даму қаупіне не нәрсе қатты әсер етеді?
Онкологиялық науқасты емдеу тактикасын кім белгілейді?
Психоонкологқа қашан жүгінген абзал?
Диагнозбен өмір сүрудің қандай тәсілі ең салауатты болып саналады?
Неліктен диагноз қойылған бойдан өмірлік маңызы бар шешімдерді қабылдамаған жөн?
Диагноз қойылған соң ең алдымен нені нақтылап алған маңызды?
Қатерлі ісік әрдайым өлімге әкелетін ауру ма?
«Сізде қатерлі ісік бар» деген сөз көпшілік үшін үкім секілді естіледі. Адамдар көбінесе өлімге белсенді дайындала бастайды. Алайда онкологияда екі ақырғы шек қауіпті: дүрбелеңге салыну және қауіпті болатын өзін-өзі тыныштандыру. Бұл екеуінің арасында үшінші жол бар. Қандай жол? Мұны онколог-химиотерапевт Никита Рязановпен бірге анықтайық.
Диагноз қойылғаннан кейін не болады?
Әуел баста, әлбетте, бұл шок пен сілейіп қатып қалу – емделуші киноға түскендей, өзіне сырт көзбен қарайды. Содан кейін дүрбелеңге салыну басталады – ми статиститкалық тұрғыдан сирек болмаса да, ең нашар сценарийді бейнелейді. Содан соң фрустрация мен ашулану кезеңі басталады да, бұл тұста ойда мынадай сұрақтар туындайды: «Неге мен?», «Бұл неге осыншама әділетсіз?» Осының барлығы да – психиканың қауіп-қатерге деген қалыпты әрі сау реакциясы болып келеді. 24/7 тәртібінде күшті болудың керегі жоқ, «өзгелер үшін мықты болудың» қажеті жоқ, қаламасаңыз, күлімсіреудің керегі жоқ. Басылған эмоциялар сауығып кетуге көмектеспейді – керісінше, күш-қуаттан айырады.
Не істеу керек?
Өмір сүру мен бірте-бірте әрекет ету. Ең әуелі диагнозды нақты ұғынып алған маңызды: ісіктің түрі, сатысы мен үдерістің ағзадағы таралуы. Алғашқы күндері ақпарат толыққанды болмауы мүмкін, сондықтан қосымша тексерулер – бұл қалыпты нәрсе.
Барлық талдаулар, тұжырымдар мен түсірілген кескіндері бар «науқас папкасын» жинап қойған пайдалы – бұл уақытты үнемдейді, күйзелісті төмендетеді және емделушіге де, дәрігерге де көмектеседі. Емдеу тактикасы бірнеше маман жиналатын дәрігерлік консилиумда анықталып, бұл жерде оңтайлы жоспар таңдалады.
Туындайтын сұрақтардың барлығын ұялмай, міндетті түрде дәрігерден сұраған абзал. Мына бір нәрсені ұмытпаған маңызды – диагноз қойылғаннан кейінгі бірінші аптада маңызды өмірлік шешімдерді қабылдамаған дұрыс. Оның орнына өзіңізге уақыт беріп, тыныштанып, әрі артық драмаға берілмей, байсалды әрекет ету.
Неліктен интернеттен бәрін оқып отыру қауіпті?
Шексіз гуглинг, қорқынышты форумдар мен «ал осындай кімде болған…» деген секілді үрейлі хикаялардың көмектесетіні сирек кездеседі, керісінше, олардың тек зиян келтіретіні рас. Оданда емдейтін дәрігер мен тексерілген дереккөздерге сүйеніп, кез келген сұрақтарды қоюдан қорықпау мен ақпарат ағымы шамадан тыс жүктеме түсіріп, үрей тудыра бастаса, оны шектеген абзал.
Қатерлі ісік – бұл үкім бе?
Бүгінде онкологиядағы әдіс-тәсілдер қатты өзгеріске ұшыраған. Ерте диагностикалау жақсарды, хирургия мен сәулелік терапия әлдеқайда дәлірек бола түсті және анағұрлым жақсарған дәрі-дәрмектер пайда болды. Бүгінде қатерлі ісік көбінесе өмір сүруге және бақылауға болатын ауру ретінде қарастырылады.
Мына бір жайтты түсінген маңызды: бұл әрдайым оңай бола бермейді және әрдайым «мәңгілікке» емес. Дегенмен көптеген науқастарда аурудан айығып кету, не болмаса дертті ұзақ уақыт бойы бақылауда ұстауға деген шынайы мүмкіндік бар.
Қазіргі заманғы емдеу тәсілдерімен өмір сапасы орта есеппен алғанда жоғарырақ келеді: ауырсынуды басу препараттары жақсара түсті, уыттылық төмендеген, емдеуді дербестендіру мен оңтайландыру мүмкіндіктері көбірек. Алайда оны қорғау керек – белгілер жайында хабарлау, ауырғанға төзбеу, емдеуді дер кезінде түзетіп отыру.
Диагноз жайында кімге айтқан жөн?
Адам өзіне келесідей сұрақтарды қойғаны пайдалы: кім шын мәнісінде көмектесе алады, ал кім алаңдаушылықты тек күшейте түседі? Емдеуде қолдау таныту негізгі рөлді атқаратыны сөзсіз: ол депрессия қаупін төмендетеді, мазасыздыққа төтеп беруге септігін тигізеді және терапия барысында тұрақтылықты арттырады. Әдетте «қолдау өзегі» бола алатын 2-4 адам жеткілікті. Қалғандарына бейтарап түрде айтсаңыз да болады: «Күрделі ауруым бар, емдеу алып жатырмын, дәл қазір мұны талқылауға дайын емеспін». Жұмыста кестені ұйымдастыру үшін қажетті минимум ақпаратты хабарлау жеткілікті.
Егер қолдау жетпей жатса, уақытында мамандарды қосқан маңызды. Психоонкологқа жай-күй тіптен нашарлағанда емес, ұйқысыздық, үрейлі шабуылдар пайда болғанда, мотивацияны жоғалтқанда, сыртқы келбетті қабылдамағанда, өлім туралы қалмайтын ойлар туындағанда немесе дәрігерлерге сенім жоғалған кезде барған абзал.
Өмір қалай өзгереді және нені түсінген маңызды
Кейбір өзгерістердің болуы шарасыз: медицинамен көбірек жанасу, күн тәртібінің түзетілуі, жұмысқа қабілеттіліктің уақытша төмендеуі. Алайда өмірді паузаға қоюдың қажеті жоқ. Ең қиынға соғатын тұзақтың бірі – адамның өз-өзін тек қана қатерлі ісікке шалдыққан науқас ретінде көру. Қайткенде де сіз өзіндік әдеттеріңіз бар адамсыз, ата-анасыз, серіктессіз, доссыз, әрі өз ісінің кәсіпқойысыз. Ең жақсы нұсқа – жоба секілді емделу, яғни, арнайы жоспары мен бақылау нүктелері бар жоба ретінде ем алу, сонымен бірге өмір сүруді жалғастыру: шағын жоспарлар, үйреншікті істер, шынайылықпен байланыс. Толықтай оқшаулану қорқынышты тек күшейте түсетіні хақ.
Сыртқы келбеттегі өзгерістерге төтеп берудің жолы қандай?
Бұл жерде өзін-өзі алдауға кетіп қалмаған маңызды: сыртқы келбет шын мәнісінде өзгеруі әбден мүмкін. Сондықтан мұндағы тактиканы алдын ала ойластырған абзал – парик немесе бас киімдерді таңдап алу, теріге, қас пен кірпікке күтім әзірлеу. Қандай өзгерістер шарасыз орын алатынын және оларды жұмсарту үшін не істеуге болатынын дәрігермен ашық талқылаған пайдалы. Сонымен бірге назарды сыртқы келбетке ғана емес, дененің жалпы функционалдығына – ұйқы, тыныс алу, күш-қуат деңгейі мен қимылдау мүмкіндігіне аударған маңызды.
Жаман әдеттер
Темекі тарту жазылуды нашарлатады, асқыну жағдайларының қаупін арттырады, емдеуді көтеруді төмендетеді және аурудың қайталану ықтималдығын жоғарылатады. Темекіні тастау, тіпті, диагноз қойылғаннан кейін де зор маңызға ие, өйткені бұл ретте жүрек пен қан тамырларға түсетін жүктеме азаяды, өмір сапасы артады және оталар мен емдеуді көтеру әлдеқайда жеңілдейді.
Егер шылым шегуден кенет бас тарту қиынға соқса, бұл түйткілмен жалғыз қалмаған дұрыс. Әртүрлі медициналық әдіс-тәсілдер бар – никотин алмастыратын терапия, дәрі-дәрмекпен қолдау және психотерапия. Кейде онкологияда зиянды төмендету тұжырымдамасы қолданылады, дегенмен бұл рұқсат беру деген сөз емес, егер әзірге әдеттен біржолата арылу қолыңыздан келмесе, бұл емдеуді бүлдірмеудің шынайы тәсілі. Мәселен, шылымқұмар хиттерлерді қарастыра алады, алайда олар сізді қауіптерден сақтамайды. Мұнда темекі қыздырылған кезде құрамында шайыр бар түтін түзілмейді, сондай-ақ канцерогендер мен тұншықтырғыш газдың бөлінуі айтарлықтай қысқартылады, бұл ағзаға болатын залалды төмендетуге мүмкіндік береді. Бұл жайт алкогольге де қатысты айтылған: кем дегенде – белсенді терапия кезінде оны тұтынбаған жөн, ал кейінгі шешімдер дәрі-дәрмек пен қауіптерді ескере отырып, дәрігермен бірге дербес қабылдануы керек.
Ең дұрыс шешім – жаман әдеттерден толықтай бас тарту. Өзіңізге қамқорлық таныта бастаудың бұдан артық себебі жоқ шығар.
Ем алғаннан кейінгі өмір
Аурудың қайта оралатынынан қорқу – бұл ең ауыр кезеңдердің бірі. Әрі бұл табиғи жайт. Мынадай ережеге бағдарланған пайдалы: жаңа, тұрақты және үдемелі өзгерістерді – дәрігермен талқылау. Белгілер күнделігін жүргізу нақты сигналдарды алаңдау реакцияларынан ажыратуға көмектеседі.
Қорытынды
Бұл жолда қорқыныш пен жалғыздыққа емес, деректерге, кәсіби медициналық көмек пен қолдауға сүйенген маңызды. Диагноз – бұл дегеніміз өмірдің аяқталғанын білдірмейді. Сіз қорқуға, шаршауға, үміттенуге, көмек сұрау мен дәл қазір қолыңыздан келетіндей өмір сүруге құқылысыз.