Никотин: жау ма, одақтас па, әлде жай ғана ескі таныс па? - Лайқос

Никотин: жау ма, одақтас па, әлде жай ғана ескі таныс па?

Біз никотинді темекідегі басты жау деп санауға әбден үйренгенбіз. Алайда бұл шын мәнісінде солай ма? Ол табиғатта қай жерде кездеседі, неліктен жәндіктер одан қорқады және никотиннің бір тамшысы мен жылқы жайындағы дақпырт қалай пайда болған? Лайқос мәселенің мән-жайын ашуға бел буды.

Никотин қайда жасырынған?

Сіз таң қалатын шығарсыз, дегенмен никотин тек қана темекіде кездеспейді екен. Картоп, қызанақ, тәтті бұрыш, баялды – осы алқа тұқымдастарына жататын барлық сүйікті көкөністеріміздің құрамында да бұл заттек бар. Никотиннің іздерін, тіпті, шайдан, гүлді орамжапырақтан және кейбір жемістерден де табуға болады. Өсімдіктер үшін бұл табиғи алкалоид: никотин оларға қоңыздар мен бітеден қорғануға көмектеседі. Дәл осы себептен бұрын оны ауыл шаруашылық саласында белсенді қолданған еді, ал бүгінде оның анағұрлым заманауи аналогтарын пайдаланып келеді.

Кейбір саяжай тұрғындары күні бүгінге дейін ескі заманнан қалған әдісті қолданады: темекіге қайнаған су құяды да, алынған тұнбаны бұталарға себеді. Бұл іске асатын тәсіл, әрі бірнеше күннен кейін никотин ыдырап кетіп, өнімде жинақталмайды.

Бәлкім, қызанақтарға ден қоятын шығармыз

Техникалық тұрғыдан – иә, никотинді тамақтан алуға болады. Дегенмен мынадай бір жайт бар: бір темекіге тең келетін мөлшерлемені алу үшін көкөністердің бірталай центнерін жеуге тура келеді. Бұл мүмкін емес нәрсе, оның үстіне асқазанның бұзылуына әкеліп соқтыратыны хақ. Алайда никотин бәрібір азғантай мөлшерлемеде табиғи өнімдерден ағзамызға түседі. Әрі бұл жалпы пайдалы, өйткені баялды мен бұрыш дәрумендер мен микроэлементтерге бай.

«Жылқы дозасы» қайдан шыққан?

«Никотиннің бір тамшысы жылқыны өлтіреді» деген әйгілі сөз орамы – бұл темекіге қарсы кампаниялардың барысында туған жай ғана әдемі әсірелеу. XVII-XIX ғасырларда ғалымдар жануарларға шын мәнісінде никотин егіп, іс-тәжірибе жүргізген. Дегенмен мәліметтердің айырмашылығы аса үлкен болған еді: біреулер сегіз тамшы жайында айтса, басқалары жетпіс тамшы туралы айтатын. Сонымен бірге нақты жылқы өлімінің құжаттандырылған бірде-бір дерегі жоқ. Ал егер уыттылықтың заманауи ғылыми көрсеткіштеріне (LD50) сүйенер болсақ, онда салмағы 400 кг тартатын жылқыға 20 грамға жуық никотин қажет болар еді – бұл шамамен 500 тамшы. Соның өзінде оны көк тамырға еккен жағдайда ғана мүмкін, өйткені ішке түскен кезде ағзада қорғаныш механизмі жылдам іске қосылады да, ол лоқсу арқылы тазарады.

Сонымен, никотин – у ма, әлде жоқ па?

Дегенмен алданбағаныңыз абзал: никотинді қауіпсіз деп атауға мүлдем болмайды. Бұл заттек тәуелділікті тудырады және жүрек-қан тамырларының ауруларын қоздыруы әбден мүмкін. Алайда қазіргі заманғы ғылым никотиннің темекідегі басты жан алушы ретіндегі рөлін қайта қарастыруға итермелегені рас. Ең соңғы зерттеулер көрсетіп отырғандай, негізгі қауіп-қатер никотинде емес, жану өнімдерінде жасырынып жатады. Темекі мен қағаз бықсыған кезде мыңдаған залалды қосылыстар түзіледі екен: шайыр, бензол, формальдегид, күшәла, кадмий және, тіпті, радиобелсенді полоний-210. Никотин емес, нақ осы заттектер қатерлі ісік пен басқа да өмір үшін қауіпті дерттерді тудырады.

Бір қызығы, соңғы мета-талдаулар мына бір жайтты көрсеткен: таза никотиннің (мәселен, никотин алмастыратын терапияда) инфаркттар мен инсульттердің қаупін айтарлықтай арттырады дегеннің көңілге қонымды дәлелдері жоқ. Бұл оған басқаша қарауға мәжбүр етеді.

Никотиннің күтпеген қыры

Ғалымдар никотиннің емдік әлеуетін шындап зерттер жатыр. Ол нейропротектор ретінде әрекет етеді екен – демек, мидың жасушаларын қорғай алады. Адамдардың Паркинсон ауруына, Альцгеймер дертіне шалдығу кезінде және, тіпті, қабынуға қарсы құрал ретінде ықтимал қолданысы зерттеліп келеді. Әлбетте, бұл тұста профилактика үшін темекі тартып бастау жайлы сөз етіліп жатқан жоқ. Никотиннің әсері өте индивидуалды болып келеді, әрі оның негізінде дәрі-дәрмек жасауға дейін әлі де көп уақыт керек. Дегенмен заттекті зертханаларда «ақтап шығаруға» болады деген деректің өзі көп нәрсені аңғартады.

Шылымқұмар не істей алады?

Ең жақсы нұсқа – әдеттен мүлдем арылу. Бірақ бұл мүмкін болмаған жағдайда іске зиянды төмендету тұжырымдамасы қосылады. Денсаулық сақтау бойынша әлемнің жетекші ұйымдары, соның ішінде Public Health England сонау 2018 жылы мынаны растаған еді: дәстүрлі шылыммен салыстырғанда темекіні қыздыруға арналған электронды жүйелер мен вейптер зиянды заттектерді 95% азырақ бөледі. Сондай-ақ Британиялық парламент те «кәдімгі темекіге қарағанда хиттерлердің зияны әлдеқайда төменірек» деген қорытындыға келген, өйткені мұнда жану үдерісі мен шайыр жоқ. Осындай балама нұсқаларға ауысу түтіннің ең қауіпті құрауыштарынан аулақ болуға мүмкіндік береді, әрі бұл ретте тек қана никотин қалып отыр – бұл қарапайым деуге келмейтін, дегенмен біржақты, әрі соншалықты зұлым емес беделге ие заттек.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.