
Мегаполисте жүгіру: қала спортшылары үшін көзге көрінбейтін қауіп-қатер
Жүгіру физикалық белсенділіктің ең қолжетімді түрлерінің бірі болып келеді: ол жаттықтырғыштарды да, абонементтерді немесе күрделі құрал-жабдықтарды да талап етпейді. Дегенмен сіз қарқынды қозғалысы бар жолдың бойымен жүгіріп жүрсеңіз, сіз денеңізді шынықтырып қана қоймай, сонымен бірге автомобиль шығарындыларының өнімдеріне әбден қаныққан ауамен тыныс аласыз. Лайқос түсіндіреді.
Неліктен жол бойымен жүгіру зиянды болуы мүмкін
- Автомобиль шығарындылары денсаулық үшін аса қауіпті
- PM2.5 және PM10 – ұсақ бөлшектері тыныс алу жолдарының қабынуы және жүрек-қан тамырлары ауруларымен байланысты болып келеді.
- NO₂ және азот тотығы – шырышты қабықты тітіркендіреді, өкпе қызметін нашарлата түседі.
- Көміртек тотығы (CO) – қанның оттегіні жеткізу қабілетін төмендетеді.
Бұл деген жүгіруден болатын пайданың көлік шығарындыларының залалды әсері салдарынан ішінара жойылуы мүмкін екендігін білдіреді.
- Терең тыныс алу ластаушылардың түсуін күшейтеді
Тыныш қалыптан гөрі жүгірген кезде тыныс алу тереңдей және жиілене түседі. Бұл дегеніміз өкпеге ауаның анағұрлым үлкен көлемінің түсуін, сонымен бірге зиянды бөлшектер – PM2.5, PM10, NO₂ және басқа уытты газдар мен қосылыстардың да көбірек енуін білдіреді. Аталмыш бөлшектер өкпеге терең түсуі мүмкін, ал кейбіреулері – тіпті, қан ағымына да еніп кетеді.
- Қазақстан қалаларындағы ауаның сапасы
Қазақстан ауаның ластану деңгейі жоғары болып келетін елдер тізіміне кіреді – кейбір қалалардағы көрсеткіштер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы тарапынан рұқсат етілген нормалардан бірнеше есе асып түседі.
Мәселен, Алматы мен бірқатар басқа ірі қалалар тұрақты түрде тұмша түйткіліне тап болып отырады, әрі тұрғандар оны тыныс алу, жүрек пен жалпы хал-жағдайға қатысты мәселелерді қоса алғанда, денсаулықтың нашарлауымен байланыстырады, оның үстіне мұның бәрі шаң-тозаң, өнеркәсіптік және көлік шығарындыларының салдарынан ұлғая түседі.
Жол бойымен үнемі жүгірудің денсаулыққа деген қауіптері
- Жаттығулардан болатын пайданың төмендеуі
- Демікпе, аллергиялар мен жүрек түйткілдері бар адамдар бойындағы симптомдардың күшеюі
- Мезгілсіз өлім-жітім
- Тыныс алу мен жүрек-қан тамырлары жүйесіне болатын әсердің тереңдеуі
- Когнитивті функциялардың бұзылуы
- Зат алмасуға ықпалы мен семіздік
Қалада қауіпсіз жүгірудің жолы қандай
- Саябақтар мен жасыл аймақтардағы бағдарларды таңдаңыз
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, жолдан небәрі бірнеше метрге алыстаған кезде ластаушы заттектердің концентрациясы күрт төмендейді. Көлік ағынынан, тіпті, 1–2 метрге ығысудың өзі залалды бөлшектердің әсерін азайтуға көмектеседі.
- Ауаның сапасы (AQI) мен жаттығулар уақытын қадағалаңыз
Таңертең ерте немесе кешкісін жүгірген абзал, бұл кезде трафик әлдеқайда төмен болады, әрі қозғалыстың қызу сағаттарынан аулақ болған жөн. Егер ауа сапасының индексі (AQI) жоғары болса, жүгіруді саябаққа немесе жүгіру жолағына ауыстыру жайында ойланып көріңіз.
- Күн райы қолайсыз болса, балама нұсқаларды қолданыңыз
Ластаушы заттектер концентрациясы жоғары келетін күндері жаттығуды залда өткізгеніңіз абзал. Егер мұндай мүмкіндік болмай жатса, онда бөлшектерге қарсы сүзгілері бар бетперделерді пайдалану керек және жол бойымен ұзақ уақыт жүгірудің орнына қысқа интервалды жаттығуларға артықшылық бере отырып, мүмкіндігінше ластану деңгейі әлдеқайда төменірек орындарды таңдағаныңыз дұрыс.
Қорытынды
Жүгіруден бас тартудың қажеті жоқ. Дегенмен жаттығулардың орындалуына саналы қарағаныңыз жөн: жолдардан алшақ орналасқан бағдарларды таңдаңыз, ауа сапасының көрсеткіштерін негізге алыңыз және өз ағзаңыздың белгілеріне мән беріңіз. Спорт денсаулыққа қарсы емес, оның пайдасына жұмыс істеуі тиіс.