
Шылымқұмардың беті деген ұғым мен жастықты қайтарудың жолы
«Шылымқұмардың беті» ұғымын сонау 1985 жылы британдық дерматолог Дуглас Моджидсон енгізген. Ол темекі тартатын емделушілерде жиі кездесетін өзіндік белгілерді байқаған еді, әрі бұл, тіпті, медициналық диганозға айналады.
Шылымқұмардың беті дегеніміз не?
Бұл «өтілі» жоғары болып келетін шылымқұмарларда көрініс табатын терінің мерзімінен бұрын қартаюы (әркімде әртүрлі жаста байқалады және физиологиялық ерекшеліктерге байланысты болады). Әрі мұнда адамды сырт қарағанда өз жасынан әлдеқайда үлкендеу етіп көрсететін сыртқы өзгерістердің тұтас кешені кіреді.
Терінің бозғылт-сары реңі
Уақыт өте келе темекі шегетін адамның терісі бозғылт тартып, түсі көмескіленеді, сұр бола түседі, ал кейде, тіпті, қызғылт-қызыл реңкке ие болады. Бұл қан тамырлардың тарылуымен байланысты, ал осы жайт өз кезегінде тері жасушаларына жеткізілетін оттегі мен қоректендіретін заттектердің ағымын төмендетеді.
Өзіне тән әжімдер
Ауыз бен көздің айналасындағы терең әжімдер («шылымқұмардың әжімі»). Терінің жылдам қартаюы мен терең әжімдердің пайда болуы коллаген және эластиннің зақымдалуынан да, сол секілді темекіні ішке тартқан сайын еріннің қайталанатын қимылынан да туындайды.
Солу мен салбырау
Темекінің түтіні тамырлардың сол мезеттегі әрі созылмалы спазмын тудырады. Қан ұлпаға қарай нашар жеткізіледі, ал сонымен бірге оттегі мен қоректік заттектер де азырақ түседі. Тері асты шелмайы қоректенуге ерекше сезімтал болып келеді; ол зақымдалған жағдайда майлы жасұнықтың мөлшері азаяды немесе бұзылады. Бұл ретте адамның жүзі шаршаңқы, омсырайған болып көрінеді, әрі бет сүйегі қатты шығып тұрады – солған жақ пен қатты байқалатын мұрын мен ерін айналасындағы әжімдер адамның шылымқұмар екендігін білдіртеді.
Сыртқы келбетті жақсартудың жолы
Ұзақ уақыт бойы темекі тарту тәжірибесі болған жағдайда осы өзгерістердің алдын алу немесе олардан біржолата құтылу мүмкін еместігіне қарамастан, сыртқы келбет пен денсаулықтың жалпы хал-күйін айтарлықтай жақсартудың бірталай мүмкіндігі бар.
Темекі шегуден бас тарту немесе баламаларға ауысу. Бірнеше аптадан кейін қан ағысы жақсарады және бет терісінің реңі ажарлана түседі. Ең абзалы, темекіден біржолата құтылу, дегенмен сіз жаман әдетіңізден толықтай бас тарта алмасаңыз, ең болмағанда, зиянды төмендетіңіз және хиттерлерге ауысыңыз. Дәл осы темекі түтіні коллаген мен эластинді бұзады, тері жасушаларын оттегіден айырады және тамырларды тарылтады.
Кәсіби күтім. Уақыт өте келе теріге дұрыс күтім жасалса, коллаген деңгейі қалпына келуі мүмкін және, тіпті, терең әжімдер де көзге аса көрінбейтін болады. Ал осыған дейін пайда болған терең әжімдерді кетіру үшін немесе көлем жоғалған кезде оны қалпына келтіруде әртүрлі косметикалық процедуралар тиімді болып келеді.
Үй жағдайындағы күтім мен өмір салты. Ретиноидтар мен антиоксиданттарды (мысалы, С дәрумені) қолдана отырып, теріге күтім жасау, сонымен бірге салауатты өмір салтын ұстану (дұрыс тамақтану, теріні ылғалдандыру, күннен қорғау) терінің регенерациясына өз септігін тигізеді.
Қорытынды
«Шылымқұмардың беті» әсерінің алдын алу мен оны барынша азайту үшін ең маңызды қадам ретінде темекі шегуден біржолата бас тарту болып қала бермек. Есіңізде болсын: түтіннің құрамындағы бос радикалдар жасушалардың қартаюын жылдамдата түседі. Темекіні тастаңыз, сонда косметологтардың да қызметтерінен үнемдейсіз, әрі жас және ажарлы көрінесіз.