2026 жылғы зерттеу: Неліктен хиттерлердің зияны темекіден гөрі азырақ

Хиттерлер жанбай қыздырылады: жаңа зерттеу зиянның төмендеуі жайында не дейді

Нақты не нәрсе темекіні осыншама зиянды етеді – никотин бе, әлде түтін бе? Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, негізгі рөлді темекінің нақ осы жану үдерісі ойнайды. Сондықтан бүгінде ғалымдар назарын темекі жанбайтын, тек қана қыздырылатын жаңа технологияларға аударып отыр. Лайқос соңғы зерттеу нені көрсеткенін анықтады.

Неліктен жану үдерісі темекіні қауіпті етеді?

Кәдімгі шылымда темекі 800 бен 1000°C градус аралығындағы температурада жанып кетеді. Осының нәтижесінде түтін пайда болады – бұл 7000 астам химиялық заттектерден тұратын күрделі қоспа. Олардың дені дәл осы жану үдерісінің салдарынан түзіледі: тұншықтырғыш газ, шайыр, канцерогендер мен басқа да қосылыстар. Темекі жануынан болатын нақ осы өнімдер шылым шегуге байланысты дамитын аурулардың негізгі себебі болып саналады.

Қыздыру технологиясы: негізгі айырмашылық неде

Темекіні қыздыруға арналған жүйелердің жұмыс қағидаты мүлдем басқаша. Бұл ретте темекі жағылмайды, ол тек қана 250-350°C градусқа жуық температурада қыздырылады. Бұл жану үдерісінсіз-ақ құрамында никотині бар аэрозольді алуға мүмкіндік береді. Тиісінше, темекі түтіні де, сонымен бірге әдетте темекінің жануынан пайда болатын уландыратын заттектердің тұтас бір коктейлі де түзілмейді.

43 ғылыми жұмыстың талдау нәтижесі: сан мен дерек

2026 жылы ғалымдар хиттерлердің аэрозолі мен қарапайым темекінің түтінін салыстыратын 43 ғылыми жұмысты зерттеп, ол бойынша зерттеу жариялаған еді. Оның нәтижесі көрсеткендей, шылымның түтінімен салыстырғанда темекіні қыздыруға арналған құрылғылар аэрозолінің құрамындағы уытты заттектердің мөлшері 95% азырақ болып келеді.

Бұдан бөлек зертханалық зерттеулер көрсетіп отырғандай, мұндай құрылғылардың аэрозолі анағұрлым төмен уыттылыққа, мутагенділік пен канцерогенді әлеуетке ие, темекі түтінімен салыстырғанда шамамен 85-95% кем, әрі бұл дәл осы жану үдерісінің жоқтығымен байланысты.

Ағзаға әсері: биомаркерлер (BoE) бойынша деректер

Ғалымдар әсер ету биомаркерлерін (BoE) бөлек зерттеген, бұл – адамның темекі түтініндегі зиянды заттектердің қанша мөлшерімен байланысатынын көрнекі түрде көрсететін ағзадағы көрсеткіштер.

Зерттеулер кәдімгі шылымнан темекіні қыздыруға арналған құрылғыларға толықтай ауысқан шылымқұмарларда осындай көрсеткіштердің деңгейі 40-97% төмендегенін көрсеткен. Бұл дегеніміз адам ағзасына жасушаларды зақымдауға қабілетті тұншықтырғыш газ, ұшпа органикалық қосылыстар мен мутагенді заттарды қоса алғанда, уытты заттектердің мөлшері әлдеқайда азырақ түскенін білдіреді.

Сондай-ақ залалды заттектер әсерінің төмендеуі айтарлықтай жылдам болғаны байқалған және бақылаудың тұтас кезеңі барысында – екі жылға дейін сақталған екен. Сондықтан ғалымдар мұндай құрылғыларды никотиннен бас тарта алмайтын немесе әзірге жаман әдетін біржолата тастауға дайын емес ересек шылымқұмарлар үшін зиянды төмендетудің ықтимал нұсқаларының бірі ретінде қарастырып отыр.

Қорытынды

  • Аэрозольдің құрамындағы уытты заттектер мөлшері 95% төменірек.
  • Мутагенді әлеует 95% дейін кемиді.
  • Толықтай ауысқанда әсер ету биомаркерлерінің деңгейі (BoE) 97% дейін түседі.

Сарапшылар мына жайтқа баса назар аудартады: денсаулық үшін ең жақсы нұсқа темекі мен никотиннен біржолата бас тарту. Алайда никотинді тұтынуды жалғастырып жүрген ересек шылымқұмарлар темекіні қыздыруға арналған технологияларды дәстүрлі темекі тартудың баламасы ретінде қарастыруы мүмкін.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.