
Цифрлық фастфуд: ЖИ қолданысы мансабыңызды құрта бастайтын жайттар
Бүгінде ЖИ «қолынан» бәрі де келеді: мәтін жазу, таныстырылымды дайындау, жазбаларға арналған идеяларды «ойдан» шығару, түйіндемені құрастыру және, тіпті, жұмысқа орналасу үшін сұхбатқа әзірленуге де көмектесе алады. Барлығы өте ыңғайлы, әрі небәрі бірнеше рет шертсеңіз жеткілікті. Дегенмен кез келген технологияның сырт жағы болады. Пайдалы құрал мен дағдыларыңызды бірте-бірте әлсіздендіре түсетін әдеттің арасындағы шекара қай жерде орналасқан? ЖИ қай уақытта мансап жолына көмектесетінін, ал қай кезде оған зиян келтіре байстайтынын анықтайық.
ЖИ мансапқа қалай кедергі етеді
Басты түйткіл – жауапкершілікті жасанды интеллектіге аударуда жатыр. Адам жеке машықтарына сүйенуді тоқтатқан кезде ол бірте-бірте, тіпті, негізгі әрі қарапайым міндерттерді орындау қабілетінен айырылады, соның ішінде: мәтінді тексеру, идеяны қисындап мазмұндау, өз кестесін құрастыру.
Осылайша, көзге көрінбейтін кәсіпқой құлдырау үдерісі басталады. Негізгі құзыреттер, яғни, талдамдық ой, жасампаздық, ойын анық жеткізу мен шешім қабылдау қабілеті әлсірей түседі. Психологтар мұны навигаторды қолдану әсерімен салыстарады екен. Адамдар ұдайы GPS көмегімен ғана көлік айдайтын кезде олардың кеңістік ішіндегі бағдарлану қабілеті ақырындап нашарлайды. Әлдебір сәтте адам міндеттерді өз бетімен шешпейтін болады да, тек машина ұсынған дайын нұсқалардың арасынан ғана таңдау жасайды екен.
Бірегейліктен айырылу
Адам тұрақты түрде ЖИ-ді қолданған кезде тұжырымдар нағыз шаблондарға айналады, ал мәтіндер – көріксіз және бір-біріне ұқсас бола бастайды.
Оның үстіне ЖИ-мен белсенді түрде жұмыс істейтін адамдар мұндай мәтіндерді оларға тән құрылымына қарай аса қиындықсыз ажырата алады. Бұл өз кезегінде маманға деген сенімді төмендетеді және оның еңбегін құнсыздандырады. Осының нәтижесінде адам өзінің негізгі бәсекелестік артықшылығы – бірегейлігін жоғалтады. Ешбір адам бірдей мәнмәтінді қарағысы да, әрі өзіндік бір дүниені шығара алмайтын маманды жалдағысы да келмейді.
Еңбек нарығындағы құндылық
Жұмыс беруші үшін ЖИ-ді пайдалана білетін адам емес, белсенділік таныта алатын, дағдарыс кезінде қауіпсіздендіретін, қалыптан тыс шешімдерді ұсынуға қабілетті маман маңызды болып келеді. Зерттеулер көрсетіп отырғандай, 2030 жылға қарай ЖИ мен роботтандыру салдарынан ағымдағы жұмыс орындарының 30% дейін ішінара немесе толықтай автоматтандырылуы мүмкін.
Нейрожеліні машықтарға зиянсыз қолданудың жолы
Жеке идеяңызды тұжырымдаңыз, жоспарды құрастырыңыз, міндетті өз бетіңізбен шешіп көріңіз. Әрі тек осыдан кейін барып алгоритмді тапқан шешіміңізді тексеру, күшейту немесе кеңейту мақсатында ғана қолданғаныңыз абзал.
Сонымен бірге редакциялау мен қайта мән беру де ерекше маңызды. Кез келген генерацияланған мәтін немесе идея қосымша түзетуді талап етеді: өзіндік стильді, нақтылықты, жеке тәжірибе мен кәсіпқой тереңдікті қосыңыз.
Машықтарыңызды ЖИ көмегінсіз тұрақты түрде жаттықтырғаныңыз абзал. Мәтіндерді жазыңыз, мәліметтерді сараптаңыз, шешімдерді өз бетімен қабылдаңыз. Бұл тура бұлшықетті жаттықтырған іспетті: жүктемесіз ол әлсірей түседі.
Қорытынды
Ең жақсы стратегия – өз жұмысыңызды нейрожелілермен алмастыру емес, оларды көмекші ретінде пайдалану. Сонда технологиялар мансап жолыңызды байқаусыз тежеудің орнына, шын мәнісінде, оны дамытады.