
Мүмкіндікті сарқа пайдаланып жаттығу: спорттың зиянға айналатын кезі
Адамдардың көбі мынаған сенімді: жаттығулар неғұрлым күрделі болса, нәтижеге де соғұрлым тезірек қол жеткізіледі. Алайда кейде шамадан тыс жүктеме бірте-бірте денеге зақым келтіретіні рас. Шаршағандық жинақталады, қалпына келу жоқ дерлік, ал жарақат алу қаупі арта түседі. Лайқос жаттығулардың пайда әкелуін тоқтатып, әрі шамадан тыс жүктемеге айналғанын қалай анықтауға болатынын айтып береді.
Неге «көбірек» әркез «жақсырақ» дегенді білдірмейді
Кез келген жаттығу – бұл ағза үшін күйзеліс. Жүктеме кезінде ол нығаймайды, керісінше, уақытша әлсізденеді екен: энергетикалық ресурстар сарқылады, бұлшықет талшықтары зақымдалады, жүйке жүйесі шамадан тыс жүктемеге ие болады.
Негізгі өзгерістер жаттығуларды орындау барысында емес, одан кейін орын алады. Бұл уақытта адам ағзасы зақымданған құрылымдарды қалпына келтіреді және келесі жолы жүктемеге әлдеқайда жеңілірек төтеп беру мақсатында өзінің мүмкіндіктерін біртіндеп арттырады. Бұл үдеріс бейімделу деп аталады.
Егер қалпына келу үдерісі толыққанды болмаса, бейімделу де болмайтыны хақ. Әрбір жаңа жаттығу жинақталатын күйзелісті одан бетер күшейте түседі. Уақыт өте келе бұл мамандар шамадан тыс жаттығу деп атайтын жағдайға әкеліп соқтырады – осы тұста ағза ілгерілеу қабілетін жоғалтып, жүйелі бұзылуға тап болады.
Шамадан тыс жаттыққанды айырып тану
Спорт әуесқойлары шамадан тыс жаттыққанды дер кезінде сирек байқайтыны шын. Негізінен оның белгілерін мотивацияның жеткіліксіздігі, әлсіздік немесе уақытша бәсеңсу деп қабылданады да, оның орнын бұдан да көбірек жүктемемен толтыруға тырысады:
- әуелі алға жылжу үдерісі тоқталады немесе кері қайту басталады: үйреншікті салмақтардың алынуы қиынға соғып, сіз әлдеқайда тезірек шаршайсыз;
- кейіннен шаршағандық пайда болады, әрі ол, тіпті, қалыпты ұйықтасаңыз да кетпейді;
- ұйқы сапасы нашарлайды: ұйқыға бату қиындайды, ал таңертең қалыпқа келгендік сезімі болмайды;
- уақыт өте келе зейін қою төмендейді және өнімділік нашарлайды;
- эмоциялық жағдай өзгереді: ашуланшақтық, бейжайлық пайда болып, жаттығуға деген құлшыныс ғайып болады;
- иммунитет төмендейді, әрі сіз жиірек ауырасыз.
Осы белгілердің айқындылығына қарамастан, олар жиі ескерілмей қалады. Бұл көбіне-көп спорттың мәдениетімен тікелей байланысты болып келеді, өйткені мұнда төзімділік пен еңсеру – қалыпты нәрсе, ал демалу – әлсіздік таныту ретінде саналады.
Зиянсыз жаттығудың жолы
Егер сіз нәтижені көрмей жүрсеңіз, бәлкім, кәсіпқой жаттықтырушының көмегіне жүгінетін кез келген болар. Ол жаттығулардың жеке бағдарламасын құрастыра алады, әрі жалпы жүктемені ескере отырып, күш-жігеріңіздің шынымен де нәтиже беруі үшін шамадан тыс жүктемеге жол бермеуге көмектеседі.
Ағзаға жеткілікті ұйықтау, қарқынды жаттығулар арасындағы үзілістер, теңдестірілген тамақтану мен әртүрлі жүктемелердің алмасып отыруы аса қажет. Бұл ұзақ мерзімді болашақта нәтижені жақсартуға септесетін нағыз жетілген тәсіл екені сөзсіз.
Қорытынды
Өз денеңізге құлақ асқаныңыз абзал – ол жүктемені қай уақытта төмендету керектігін немесе үзіліс алатын уақыттың келгенін әрдайым айтып тұрады. Егер жаттығулар мүмкіндігіңізді сарқа пайдалатын ұдайы бір жарысқа айналса, олар нәтижені ғана емес, сонымен бірге жалпы ләззат беруді де тоқтатады.