Неліктен тыйымдар жұмыс істемейді? Жаман әдеттерге жаңа көзқарас

Неліктен жаман әдеттерге тыйымның пайдасы жоқ және мәселені басқаша шешудің жолы қандай

Әдеттер жайында сөз қозғалған кезде қоғам қарапайым кеңестерді алға тартуды ұнатады: «Жай ғана тастай сал». Алайда адамдар жаратылысынан әлдеқайда күрделірек болып келеді. Жаман әдеттерге әуестіктің артында физиология, эмоциялар мен күйзеліске деген реакциялардың автоматты сценарийлері жатыр. Дәл осы себептен тыйым салудың біз ойлағандай пайдасы бола бермейді. Лайқос қандай стратегиялар шын мәнісінде ұзақ мерзімді болашақта пайдасын тигізе алатынын түсіндіреді.

Неге тыйым салу жұмыс істемейді

  • Ми «тыйым салынған жемісті» ұнатады. Қандай да бір «болмайды» деген тыйым неғұрлым күшті болса, оны соғұрлым қаттырақ қалап тұрасың. Бізге «шоколад жеме» делінген кезде біз нақ сол шоколад жайлы ойлап тұрамыз.
  • Тыйым салу әдеттің себебін жоймайды. Темекі тарту, алкоголь немесе артық тамақ жеу – бұл күйзеліске, зерігуге, шаршағандық пен алаңдаушылыққа қарсы төтеп берудің тәсілі ретінде жиі қолданылып келеді. Нәтижесінде адам жай ғана өз қажеттіліктерін жасырын түрде қанағаттандырудың амалын табады – құпия түрде темекі тарту үзілістеріне жүгіреді, компания ортасында немесе күйзелісті жағдайдаларға тап болғанда ішімдікке салынады.
  • Тыйымдар кінәлік және ұят сезімдерін қалыптастырады. Егер олар бұзылса, теріс эмоциялар пайда болып, күйзеліс әлдеқайда күшейе түседі, әрі жаман әдетке оралу ұмтылысы іске қосылады. Мінеки, алдымыздан тұйық шеңбер шыға келеді: тыйым – әлсіздікке жол беру – кінә – күйзеліс – әдетке оралу.

Зерттеулер не дейді

Соңғы зерттеулер көрсеткендей, адамдардың басым бөлігі радикалды тыйымдарды қолдамайды, әсіресе, олар жеке бостандыққа қол сұққан жағдайда. Осылайша, Ұлыбританияда сауалнамаға қатысқан адамдардың 30% астамы алкогольдің онлайн жарнамасына толық тыйым салынуына өздерінің қарсылығын білдіріп отыр, олар мұны жеке таңдауға шамадан тыс араласу деп санайды.

АҚШ халқының небәрі 19% жуығы ғана темекі тартуға толық тыйым салынғанын қолдайды, ал көпшіліктің пікірінше, ересек адамдар шылым шегетінін, әлде шекпейтінін өздері шешуі тиіс. Бұл тыйымдардың көбіне-көп психологиялық қарсылыққа ұшырайтынын және біржақты келісуді тудырмайтынын растап отыр.

Тыйымның орнына не пайдалы: балама нұсқалар мен зиянды төмендету

Зиянды төмендету

Әдеттен біржолата бас тарту негізінен сәтсіздікке әкеліп соқтырады, сондықтан жаңа әдеттерді баяу және аз-аздан енгізген абзал. Мәселен, «мен ешқашан ішпеймін» деп үзілді-кесілді айтудың орнына «тек қана демалыс күндері» немесе «тек белгілі бір сусындарды ғана ішемін» деген ережені таңдаған әлдеқайда дұрысырақ. Мұндай әдіс-тәсіл өмірдегі өзгерістерге қатаң шектеусіз және кінәлік сезімінсіз үйреніп кетуге мүмкіндік береді.

Темекі тартқан жағдайда бұл хиттерлер (қыздырылатын темекі) болуы бек мүмкін. Қарапайым шылыммен салыстырғанда мұндағы темекі жанбайды, ол тек қана қыздырылады. Тиісінше, темекі түтінімен салыстыратын болсақ, залалды заттектердің (темекінің жану өнімдері) мөлшері де айтарлықтай азырақ бөлінеді, әрі адам ағзасына болатын зиянның деңгейі де әжептәуір төмендей түседі екен.

Қолжетімді балама нұсқалар мен оларға ауысу бойынша қоғам ішіндегі қолдау бар болған жағдайда бөлек адамдардың мінез-құлқы ғана емес, сонымен бірге жалпы денсаулық сақтаудағы ахуал да өзгереді: жаман әдеттердің таралуы азаяды, денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктеме де кемиді.

Триггерлермен жұмыс істеу

Бұл тұста әдеттердің триггерлерімен де жұмыс істеген аса маңызды. Күйзеліс, зерігу немесе әлеуметтік қысым көбіне-көп үйреншікті мінез-құлықты тудырады. Егер мұндай механизмдерді өз бетімен айырып тану қиынға соқса, онда психотерапевтпен жұмыс пайдалы болмақ, өйткені ол қандай эмоциялардың, әрі ішкі наным-сенімдердің салдарынан немесе қандай жағдайда сіз әлсіздікке жол беріп, әдетке оралатыныңызды анықтауға көмектеседі. Бірлесе отырып, сіз ескі әдеттерге жол бермей, жүктемені жеңуге септігін тигізетін жаңа әдіс-тәсілдерді таңдау мен қалыптастыру мүмкіндігіне ие боласыз.

Қауіпсіз алмастырғыш

Темекі тарту әдетін сағыз шайнаумен, жалбыз дәмі бар кәмпиттермен немесе күйзеліске төтеп беруге көмектесетін әрі темекіні қолға алуға деген импульсивті ұмтылыстан алаңдататын тыныс алу жаттығуларымен алмастыруға болады. Ішімдіктерді азырақ тұтыну мақсатында құрамында алкоголі жоқ коктейльдерге немесе жеміс қосылған газдалған сусындарға көше аласыз. Тәтті тағамдарды пайдалы десерттерге, жеміс пен жемісқаққа алмастырып көріңіз.

Қорытынды

Адам өзінің қажеттіліктерін байқауды, қауіпсіз нұсқаларды таңдай білу мен әдеттерді бірте-бірте өзгертуді үйренген кезде нәтиже тұрақты бола түседі, ал ішкі шиеленіс азаяды. Өзіңізге қандай да бір нәрсеге толықтай тыйым салудың орнына аман-саулығыңыздың пайдасына әрекет еткіңіз келетіндей жағдай жасау әлдеқайда маңыздырақ. Мұндай көзқарас салауатты әдеттерді қалыптастыруға, эмоциялық жайлылықты сақтау мен жеке шешімдеріңіздің өз бақылауыңызда екендігін сезінуге көмектеседі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.