
Тітіркенген ішек синдромы: бұл не және онымен өмір сүрудің жолы
Ал сіз ішектің де күйзеліске ұшырауы мүмкін екенін білетін бе едіңіз? Іштің ауырсынуы, іштің кебуі мен тұрақсыз нәжіс тітіркенген ішек сондромымен байланысты болуы әбден мүмкін – бұл ересек адамдардың 5-10% кездесетін бұзылыс. Лайқос терапевт Алмагүл Ержекеновамен бірге мұның не екендігін, неліктен пайда болатынын және онымен өмір сүрудің жолын анықтады.
ТІС – тітіркенген ішек синдромы дегеніміз не
Тітіркенген ішек сондромы (ТІС) – бұл ішек қызметінің бұзылған, дегенмен дәрігерлер тарапынан тексеру кезінде күрделі аурулардың анықталмайтын жағдайы. Адамда іштің ауырсынуы, іштің кебуі, ішқатпа немесе диарея болуы мүмкін.
Көбінесе дәретханаға кіріп-шыққаннан кейін адам жеңілдеп қалады. Ал тамақтан соң, керісінше, жайсыздық сезімі күшейе түседі. Бұл ағзаның табиғи реакциясына байланысты болып келеді, яғни, ішек ас қабылдағаннан кейін анағұрлым белсендірек жиырыла бастайды. ТІС синдромына ұшыраған адамдарда бұл реакция ерекше сезімтал болады.
Әдетте синдромның алғашқы белгілері жас кезде-ақ көрініс табады – шамамен 20 және 40 жас аралығында, дегенмен ТІС өмірдің кез келген кезеңінде пайда болуы әбден мүмкін. Бұл жай-күй өмір үшін қауіпті емес, алайда жалпы хал-жағдайға айтарлықтай ықпал етуі ықтимал.
ТІС ішектің басқа ауруларынан несімен ерекшеленеді
ТІС – бұл ішектің бұзылуына немесе қабынуына әкеліп соқтыратын ауру емес. Бұл оның жұмысындағы іркілістер. Ал мүшенің өзі сау болып қала береді.
Крон ауруы немесе ойық жаралы колит секілді ауыр дерттермен салыстырғанда ТІС кезінде ішектің шырышты қабаты зақымданбайды, әрі тоқ ішектің қатерлі ісігінің даму қаупі артпайды.
ТІС себептері мен қауіп факторлары
Әдетте ТІС бір себептен емес, бірнешеуінің қиюласуы салдарынан пайда болады. Ішек тым тез немесе өте баяу жиырылуы мүмкін, қарапайым тамақ пен газдарға анағұрлым сезімтал болуы ықтимал. Кейде осыған ішек инфекциялары немесе микрофлораның өзгеруі түрткі бола алады. Сонымен бірге эмоциялық факторлар да ықпал ететіні рас.
Бұл тұста стресс ерекше рөлге ие. Адам ұзақ уақыт бойы күйзелісті жағдайда болса, ағза алаңдаушылық тәртібін қосады, әрі ішек қызметіне тікелей әсер етеді: ол әлдеқайда сезімтал бола түседі және тұрақсыз жұмыс істей бастайды. Сондықтан ТІС синдромына шалдыққан адамдарда көбінесе мазасыздық пен жабырқаңқы көңіл-күй кездеседі.
Сонымен бірге тұқымқуалаушылық та кішігірім маңызға ие болуы мүмкін. Алайда адамның қандай ортада өскені, оның тағамдық және мінез-құлық әдеттері қандай екендігі мен әдетте күйзеліске қалайша төтеп беретінінің де әсері аз емес.
ТІС кезіндегі жаман әдеттер
Темекі тарту
Темекі түтіні ішек жұмысы мен ас қорыту жүйесіндегі қан айналымына ықпалын тигізеді. Кейбір адамдарда темекі шегу ішектің жиырылуын жылдамдатады және іштің өтуін қоздыра алса, басқаларында – ауырсыну мен іштегі жайсыздық сезімін күйшейтеді. Сонымен қатар шылым тарту шырышты қабықтың сезімталдығын арттырады және қабыну реакцияларын үдетуі мүмкін, осының салдарынан ТІС белгілері әлдеқайда қаттырақ сезіледі.
Зиянды төмендетуге болады, ол үшін темекі санын бірте-бірте азайту мен аш қарынға шылым шегуден аулақ болған жөн. Темекіден бас тартуға дайын болмаған жағдайда зияны төменірек балама нұсқа ретінде хиттерлерді (қыздырылатын темекі) қарастырған абзал. Шылыммен салыстырғанда мұнда темекі жанбайды, ол тек қана қыздырылады. Тиісінше, темекі түтінімен салыстыратын болсақ, залалды заттектердің (темекінің жану өнімдері) мөлшері де айтарлықтай азырақ бөлінеді, әрі адам ағзасына – соның ішінде ас қорыту жүйесінің тамырлары мен шырышты қабатына болатын зиянның деңгейі де әжептәуір төмендей түседі екен. Ішек пен денсаулық үшін ең жақсы нұсқа темекі шегуден толықтай бас тарту болып қала бермек.
Шамадан тыс көп жеу
Үлкен порциялар мен тамақты сирек қабылдау ас қорыту жүйесіне шамадан тыс салмақ түсіріп, газдың түзілуін күшейте түседі және ауырсынуды тудыруы бек мүмкін. ТІС кезінде ішек тұрақты тәртіпті әлдеқайда жақсырақ еңсереді. Бұл ретте тамақтанудың қарапайым сызбасы көмекке келеді: күніне 3-5 рет азғантай порцияларды жеу, тамақты асықпай қабылдау және жайсыздықты тудыра алатын азық-түлік түрлеріне мұқият көңіл бөлу.
Алкоголь
Алкоголь асқазан мен ішектің шырышты қабығын тітіркендіреді және оның қалыпты жұмыс істеуіне нұқсан келтіреді. Спирттік ішімдіктерді тұтынғаннан кейін көбіне-көп іштің кебуі, ауырсынуы мен нәжістің бұзылуы күшейеді. Бұл, әсіресе, алкогольді жиі немесе үлкен мөлшерлемелерде тұтынғанда байқалады.
Зиянды төмендету мақсатында алкогольдің мөлшерін азайту, баяу ішу, аш қарынға тұтынбау және артынан су ішкен дұрыс. Сонымен бірге нақты қандай сусындар симптомдарды көбірек тудыратынын қадағалап, олардан аулақ болған жөн. Алайда ең абзалы, ішімдіктерден біржолата құтылу.
Артық кофеин
Кофе, қою шай мен энергетиктер ішектің жұмысын ынталандырады. ТІС синдромына шалдыққан адамдарда бұл жиіленген нәжіс, ауырсыну мен іштегі жайсыздық сезіміне әкеліп соқтыруы ықтимал. Сусындардың күштілігін төмендету, олардың мөлшерін азайту мен аш қарынға кофе ішпеген аса маңызды. Кей кездері құрамында кофеині аздау сусындарға ауысу көмектесе алады.
ТІС синдромымен өмір сүру және белгілерін жеңілдету
Физикалық белсенділік
Тұрақты қозғалыс ішекке анағұрлым жүйелі жұмыс істеуіне көмектеседі. Бұл міндетті түрде қарқынды жаттығулар болуы тиісті емес, яғни, қарапайым серуендер, жеңіл гимнастика, керіліп-созылу жаттығулары, йога немесе жүзу де өте қолайлы болмақ. Кез келген белсенділік қан айналымын жақсартады, күйзеліс деңгейін төмендетеді және ішектің жиырылуын тұрақтандыруға септігін тигізе алады. Күніне, тіпті, 20-30 минут бойы жүрудің өзі іштің кебуі мен жайсыздықты азайтуы мүмкін.
Күйзеліс пен эмоциялық жай-күй
Ішек жүйке жүйесімен тығыз байланысты. Адам азырақ алаңдаса, әрі жақсырақ демалатын болса, белгілері негізінен әлсірей түседі. Бұл тұста қарапайым нәрселер көмекке келеді: толыққанды ұйқы, күндізгі уақытта үзіліс жасап отыру, ермек іс, бірқалыпты серуендер, тыныс алу жаттығулары немесе медитация. Сондай-ақ кейбір адамдар психологпен өткізген жұмыстан кейін, әсіресе, белгілері алаудаушылық немесе тым шаршағандық кезінде күшейетін болса, жеңілдікті сезінетіні хақ.
Қорытынды
Адам өз ағзасын жақсырақ түсінген кезде және өз-өзіне қамқорлық танытқанда синдромның белгілері көбіне-көп әлсіздейді және оларды алдын ала болжауға болады. Ең бастысы, денеңіздің дабылдарын ескеру және қажет болған жағдайда басқа дерттерге жол бермеу мен емнің қолайлы тактикасын таңдау үшін дәрігердің көмегіне жүгінген абзал.