Пикник пен табиғатқа шығуға арналған рецепттер: отқа кәуаптан басқа не дайындауға болады - Лайқос

Пикник пен табиғатқа шығуға арналған рецепттер: отқа кәуаптан басқа не дайындауға болады

Егер кәуап жалықтырып жіберсе, пикник – әлдебір жаңа тағамдарды байқап көрудің тамаша нұсқасы. Лайқос пиниктің атмосфералы ғана емес, сондай-ақ шын мәнісінде дәмді болуы үшін өзіңізбен бірге алуға немесе дәл сол жерде оңай әзірлеуге болатын тағамдардың идеяларын жинақтады.

Тұздық қосылған көкөніс спринг-ролдары

Пикник пен табиғатқа шығуға арналған рецепттер: отқа кәуаптан басқа не дайындауға болады

Ингредиенттер:

  • Күріш қағаз
  • Қияр, сәбіз, болгар бұрышы
  • Салат жапырақтары, жалбыз/күнзе
  • Асшаян немесе тауық еті (қалауыңыз бойынша)

Тұздыққа:

  • Соя тұздығы
  • Лайм шырыны
  • Азғантай бал немесе қант
  • (қалауыңыз бойынша) жержаңғақ пастасы

Дайындалуы: күріш қағазын 10-15 секундқа жылы суға салып қойыңыз. Оның үстіне туралған көкөністерді, көк шөп пен ақуызды салыңыз. Орама түрінде ораңыз. Тұздықты дайындау үшін барлық ингредиенттерді біркелкілікке дейін араластырыңыз. Оны бөлек ұсыныңыз.

Торда қуырылған кесадильялар

Пикник пен табиғатқа шығуға арналған рецепттер: отқа кәуаптан басқа не дайындауға болады

Ингредиенттер:

  • Тортильялар/лабаш
  • Ірімшік (чеддер/моцарелла)
  • Піскен тауық еті / үрмебұршақ / көкөністер
  • Талғамыңызға қарай дәмдеуіштер

Дайындалуы: салманы таба нанның жартысына жағып, екінші жартысымен жауып қойыңыз. Торда немесе табада алтын түстес қабықша пайда болғанға, әрі ірімшік ерігенше дейін қуырыңыз. Үшбұрыштап кесіңіз.

Отқа піскен ірімшік

Пикник пен табиғатқа шығуға арналған рецепттер: отқа кәуаптан басқа не дайындауға болады

Ингредиенттер:

  • Халуми немесе адыгей ірімшігі
  • Зәйтүн майы
  • (талғамыңызға қарай) бал, жидектер

Дайындалуы: ірімшікті тілімдеп кесіңіз, кішкене май жағыңыз. Торда екі жағынан да алтын түсті қабықшаға дейін 2-3 минут бойы қуырыңыз. Бал немесе жидектермен бірге ұсыныңыз.

Жұқалтырдағы шоколад қосылған банан

Пикник пен табиғатқа шығуға арналған рецепттер: отқа кәуаптан басқа не дайындауға болады

Ингредиенттер:

  • Банандар
  • Шоколад (кез келген)
  • (талғамыңызға қарай) жаңғақтар, маршмеллоу

Дайындалуы: бананға ұзынынан тілік жасаңыз (соңына дейін кеспеңіз), ортасына шоколад кесектерін салыңыз. Жұқалтырға орап алыңыз да, 5-7 минутқа шоқтың арасына салып қойыңыз. Қасықпен тура қабығынан алып жей беріңіз.

Авокадо мен жұмыртқа қосылған тост

Пикник пен табиғатқа шығуға арналған рецепттер: отқа кәуаптан басқа не дайындауға болады

Ингредиенттер:

  • Тосттарға арналған нан
  • Авокадо
  • Пісірілген жұмыртқа
  • Лимон шырыны
  • Тұз, бұрыш

Дайындалуы: авокадоны лимон шырынымен, тұз және бұрышпен бірге езіп араластырыңыз. Жұмыртқаны пісіріңіз және тураңыз. Демалатын жерде тосттың бетіне авокадоны жағыңыз да, үстіне жұмыртқаны қойыңыз.

Песто мен қызанақ қосылған салқын паста-салаты

Пикник пен табиғатқа шығуға арналған рецепттер: отқа кәуаптан басқа не дайындауға болады

Ингредиенттер:

  • Қысқа паста
  • Черри қызанақтары
  • Моцарелла (мини немесе туралған түрінде)
  • Песто тұздығы
  • Жас көк шөп

Дайындалуы: пастаны пісіріп, салқындатып алыңыз. Кесілген қызанақтарды, ірімшікті, песто мен көк шөпті қосыңыз. Барлығын араластырып, контейнерге салып қойыңыз. Дәмі, тіпті, бірнеше сағаттан кейін де сақтала береді.

Шоққа піскен салмасы бар картоп (кумпир)

Пикник пен табиғатқа шығуға арналған рецепттер: отқа кәуаптан басқа не дайындауға болады

Ингредиенттер:

  • Ірі картоп (өлшемі бірдей болғаны дұрыс)
  • Сары май
  • Тұз

Салма үшін (талғамға қарай):

  • Үгілген ірімшік + көк шөп
  • Қаймақ + сарымсақ + аскөк
  • Тунец + йогурт/майонез + қияр
  • Саңырауқұлақ (алдын ала қуырылған) + пияз
  • Ветчина/тауық + ірімшік
  • Көкөністер + тұздық (мәселен, йогурт)

Дайындалуы: картопты жақсылап жуыңыз, әрбір түйнегін жұқалтырға орап алыңыз. Тура шоқтың ішіне салыңыз да, шамамен 30-40 минут бойы (уақыты картоптың өлшеміне байланысты) пісіріңіз, арасында аударып тұрыңыз. Жұқалтырды алып тастап, айқасталған тілікті жасаңыз, картопты сәл ашыңыз да, ортасына кішкене сары май мен тұз қосыңыз. Үстіне кез келген салманы жағыңыз. Салмаларды алдын ала дайындап, әрі контейнерлерге салып әкелгеніңіз абзал – сонда табиғат аясында тағамды тек қана жинау керек болады.

Қорытынды

Тағамдарыңыз алдын ала ойластырылған болса, әрі артық күш салуды қажет етпесе, сонда басты нәрсеге – демалысқа, жақындарыңызбен араласу мен атмосфераның өзіне көбірек уақыт қалатыны рас.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.