
«Ақылды» жинастыруды ұйымдастыру: неліктен сөрелердегі тәртіп жұмысқа көмектеседі және бұған ауа сапасының қатысы қандай
Кейінгі жылдары үйдегі тәртіпке қатысты өзгеше көзқарас – ақылды жиыстыру жайында жиі айтылып келеді. Бұл тәсіл – кеңістікті зейін қоюға септігін тигізетіндей, шаршағандықты басатындай, тіпті, тыныс алуға көмектесетіндей етіп құру тәсілі. Бұған қалай қол жеткізсек болады? Айналаны ретке дұрыс келтірудің жолын Лайқоспен бірге анықтаймыз.
Визуалды шуыл: сөредегі және бас ішіндегі тәртіп
Біздің миымыз ұдайы көзге көрінерлік ақпаратты өңдеп тұрады, тіпті, біз мұны мүлдем сезінбесек те. Заттарға толы сөрелер, ретсіз қойылған нәрселер, көз жетер жердегі артық ұсақ-түйектер визуалды деп аталатын шуылды тудырады. Ол тікелей кедергі етпейді, дегенмен назарыңызды байқатпай шығындайды.
Когнитивті психология саласындағы зерттеулер көрсетіп отырғандай, артық заттарға толы орта зейін қою қабілетін төмендетеді және шаршағандық сезімін арттыра түседі. Қарапайым тілмен айтар болсақ, ми әлдеқайда тезірек шаршайды, өйткені бір мезгілде тым көп стимулдарды өңдеуге тырысады. Сол себептен жұмыс орнында және үйде барлығын ретке келтіріп отыру – бұл эстетика емес, бұл ақыл-ой қорын жеңілдету болып отыр.
Пәтерді жинау өкпеге қалай әсер етеді
Үйдегі шаң терінің микробөлшектерінен, тоқыма талшықтарынан, көше балшығы мен аллергендерден тұрады. Жабық кеңістіктерде ол ауада үнемі, әсіресе, адамдар қозғалғанда және азынақ өтінде айналып жүреді.
Пәтердің ішін тұрақты түрде ылғалды тазалау шырышты қабыққа түсетін салмақты азайтады және тыныс алу жолдарының тітіркенуін төмендете алады. Бұл аллергияға бейім келетін немесе Қазақстанның көптеген өңірлері секілді қаладағы ауаның жоғары ластануы жағдайында өмір сүретін адамдар үшін ерекше маңызды. Үй жинастыру желдетудің орнын баса алмайды, дегенмен ол үй-жайда біздің күн сайын дем алатын ауадағы зиянды заттектердің мөлшерін айтарлықтай азайтады, сонымен бірге үй жағдайында ауаны тазартуға көмектеседі.
Үйдегі таза ауа: жануарлар иелері мен шылымқұмарларға алтын сырға
Жүн, үй жануарларының қайызғағы, сілекейі мен олардың көшеден алып келетін шаң-тозаң біртіндеп пәтердің ішінде жинақталады және күнделікті тыныс алатын ауамыздың бір бөлшегіне айналады.
Тағы да бір аса маңызды фактор – бөлменің ішінде темекі тарту. Даладағы ауамен салыстырғанда жабық кеңістікте темекі түтіні (ұсақ бөлшектер, шайыр мен ұшпа қосылыстар) жылдам сейілмейді. Ол жиһаздың, қабырғалардың, перде мен киімнің үстіне сіңіп қалады да, «екінші ластануды» түзейді. Тіпті, бөлмені желдеткеннен кейін де зиянды заттектердің бір бөлігі кеңістікте сақтала береді және ауаға ықпал етуін жалғастырады.
4 лайфхак, әрі үй жиыстыру да жеңілірек
- 10 минут тәсілі: бір аймақты ретке келтіру үшін күн сайын қысқа ғана уақыт аралығын бөліп отыру. Бұл «үлкен толықтай тазалау жұмысы» сезімін азайтады және үдерісті басқарылмалы ете түседі.
- Бір рет тию ережесі: затты бірнеше рет түрлі жерлерге апарғаннан гөрі бірден орнына қойған абзал. Бұл артық заттардың жинақталуын азайтады.
- Аймақтар бойынша жинау: барлығын бірден емес, аймақтар (үстел, сөрелер, асүй) бойынша жиыстыру. Осылайша ми тапсырманы аяқталған деп қабылдайды да, әлдеқайда азырақ шаршайды.
- Музыка немесе таймер: плейлист үнін немесе таймерді қоса отырып, үйді жылдам жинастыру жалықтыратын жұмысты шаршататын тапсырмаға емес, қысқа спринтке айналдырады.
Қорытынды
Үйді ақылды түрде жинау радикалдық күш салуды талап етпейді – кішігірім, дегенмен ұдайы қайталанып отыратын әрекеттердің өзі жеткілікті, әрі тәртіп күнделікті өмірдің бір бөлшегіне айналады. Қарапайым шешімдер мен қазіргі заманғы көмекшілер тұрмысқа аз уақыт жұмсап, оның орнына шын мәнісінде маңызды болып келетін жайттарға: жұмыс, демалыс және жақындарыңызға барынша көбірек уақыт жұмсауға мүмкіндік береді.