
Табиғи ауа тазартқыш: қандай бөлме өсімдіктері тыныс алуға көмектеседі және күйзелісті азайтады
Бөлме өсімдіктерінің безендірудің жай ғана элементі болуынан қалғаны қашан. Бүгінде бұл салауатты және экологиялық кеңістіктің маңызды бір бөлігі. Жасыл өсімдіктер күйзеліс деңгейін төмендетуге көмектеседі, интрерьерді жайлы ете түседі және ауаның сапасына оң әсер етуге қабілетті. Әсіресе, бұл қаладағы пәтерлер мен кеңселер үшін өте өзекті, өйткені мұндағы терезелер негізінен қозғалысқа толы көшелерге шығып тұрады, ал әдеттегі желдету майда дисперсті шаңнан және тұрмыстық ластанудан құтқармайды. Лайқос лайфхактармен бөліседі.
Бөлме өсімдіктері нақты нені «тазартады»?
Қазіргі заманғы үй-жайлардың ауасында ұшпа органикалық қосылыстар (ҰОҚ) деп аталатын заттар жинақталуы мүмкін: Соның ішінде:
- формальдегид (жаңа жиһаздан, АЖТ мен тоқымадан бөлінеді);
- бензол (кейбір тұрмыстық химия мен лактардың құрамына кіреді);
- трихлорэтилен және басқа да уытты заттектер.
Кейбір үйдегі өсімдіктер өзінің жапырақтары мен тамыр жүйесінің арқасында осы қосылыстарды ішінара жұтуға қабілетті.
Тарихи анықтама: Осы әсерге деген қызығушылық NASA әйгілі зерттеуінен (Clean Air Study) кейін кенет арта түсті, оның аясында ғалымдар өсімдіктердің ғарыш бекеттеріндегі тұйық кеңістіктердің ауа сапасын қалайша жақсарта алатынын зерттеген еді. Алайда шынайы пәтерлер зертханалардың герметикалық шарттарынан қатты еркшеленгенімен, содан бері «пайдалы» өсімдіктердің тізімі фитодизайнерлер үшін басты бағдарға айналғаны сөзсіз.
Табиғи сүзгілеудің шектеулері
Мына бір жайтты түсінген маңызды: бөлме өсімдіктері нағыз сүзгі емес және ауыр экологиялық жүктемелерді толықтай бейтараптандыра алмайды. Бұл ретте хлорофитум туралы бөлек айта кеткен жөн, өйткені оны көбінесе темекі тартатын бөлмелерге қоюға ұсынады. Ол шын мәнісінде бөлек уыттардың деңгейін кішкене төмендетуге қабілетті болып келеді. Алайда бір де бір өсімдік бөлмені толыққанды желдетудің, ауаны кәсіби тазартқыштардың және, ең бастысы, ластанудың негізгі көзін жоюдың орнын баса алмайды.
Үй мен кеңсеге арналған ең қарапайым 5 өсімдік
Егер сіз терезе алдындағы жасыл кеңсені қалыптастыруды қаласаңыз, аса күрделі күтімді талап етпейтін және жаңадан бастаған адамның кішігірім қателіктерін кешіретін өсімдік түрлерін таңдағаныңыз абзал.





Биофилия әсері: бөлме өсімдіктерінің психикаға көмегі
Жасыл түс, жұмсақ табиғи сызықтар мен органикалық пішіндер адамның психикасына дәлелденген тыныштандыратын әсерін тигізеді. Заманауи психологияда бұл құбылыс биофилия әсері деп аталады, яғни, бұл – адамның табиғат пен тірі жүйелерге түйсікті түрде ұмтылуға деген туа біткен бейімділігі.
Сонымен бірге назарды қалпына келтірудің танымал теориясы аясында (Рэйчел мен Стивен Каплан) табиғи орта адамның миына босаңсуға көмектесетіні, когнитивті шаршағандықты жоя алуы мен жоғары концентрация қабілетін қалпына келтіретіні сипатталған.
Сондықтан жұмыс үстеліндегі, тіпті, кішігірім «жасыл кеңсе» адамның хал-күйіне айтарлықтай ықпал етеді:
- күйзеліс гормондарының деңгейін төмендетеді;
- зейін қоюды жұмсақ түрде жақсартады;
- жайлылық пен психологиялық қауіпсіздік сезімін тудырады.
Бұл, әсіресе, қашықтан жұмыс істейтін жандар үшін ерекше өзекті болып келеді: эстетикалық жасыл орта зияткерлік жүктемеге жеңілірек төтеп беруге, күні бойынша азырақ шаршау мен жұмыс бабындағы тапсырмалар арасында әлдеқайда тезірек қалпына келуге көмектеседі.
Қорытынды
Токиодағы медициналық мекемелерде жүргізілген бақылаулардың бірі барысында ғалымдар осындай қызықты үрдісті байқаған еді: палаталарында тірі бөлме өсімдіктері қойылған науқастар отадан кейін әлдеқайда жылдамырақ, орта есеппен алғанда, шамамен 17% тезірек қалпына келген екен. Дәл бүгін терезе алдыңызға жасыл «көмекшіңізді» алу үшін бұдан артық қандай дәлелдер керек?