Косметика салынған сөмкеңіздегі минимализм: сапарларға және үйге арналған 7 әмбебап құрал

Бьюти-минимализм: косметикаңыздың жартысын алмастыратын 7 құрал

Өзіңізбен бірге бьюти-құралдардың 100 құтысын алып жүруден және «ең қажетті» иісмайлар, сарысулар мен қабаққа арналған бояулардың жиынтығына әуежайда артық салмақ үшін төлеуден шаршадыңыз ба? Лайқос бірден бірнеше міндетті орындайтын, әрі орын, уақыт пен, сапардағы ең маңыздысы, жүйкеңізді үнемдейтін небәрі 7 құралдан тұратын бір әмбебап косметика сөмкесін жинауды ұсынады.

BB-иісмайы

Ол бір уақытта теріні ылғалдандырады, реңкін біршама түзейді, құрылымын визуалды түрде тегістейді, әрі оның құрамында көбіне-көп SPF пен күтім жасайтын компоненттер кездеседі. Күндізгі иісмайдың, макияжға арналған базаның, жеңіл реңкілік иісмайдың және кейде, тіпті, күннен қорғайтын құралдың да орнын баса алады. Ауыр бетперде әсерін бермейді, құрамы тығыз келетін реңкілік негіздер іспетті терінің құрғақтығын баса көрсетпейді және әдетте күні бойы әлдеқайда жеңілірек сезіледі.

Макияжды кетіру функциясы бар жуыну гель-иісмайы

Ол макияжды кетіруге арналған құралды, жуынуға арналатын көпіршік немесе гельді, ал кей уақытта, тіпті, гидрофильді майдың орнына тазартудың алғашқы кезеңін де алмастырады. Мұндай текстуралар күнделікті макияжбен де жақсы үйлеседі: реңкілік құралдар, SPF, консилер, далап. Бұл әсіресе құрғақ, сезімтал келетін немесе сусызданған тері үшін ерекше маңызды, өйткені кәдімгі тазартудан кейін ол қызару немесе жайсыздық түрінде реакция беруі бек мүмкін.

Күтім әсері бар кірпікке арналған сүрме

Негізгі міндеті – визуалды әсер (көлем, ұзындық, иілім) болып келетін қарапайым сүрмемен салыстыратын болсақ, мұндай формулалардың құрамында күтім жасайтын компоненттер жиі кездеседі: пантенол, дәрумендер, майлар, пептидтер немесе кератин. Бұл ингредиенттер кірпікті жұмсартуға, сынғыштығын азайту мен көзге тұрақты түрде макияж жасалған кезде кейде пайда болатын құрғақтықты төмендетуге көмектеседі.

Әмбебап бальзам

Оны көбінесе «SOS-бальзам» деп атайды, өйткені ол толыққанды күтімге уақыт болмаған кезде құрғақ теріні жылдам құтқаруды біледі: ерін (ерінге арналған бальзам), кутикула, мұрын қанаттары, шынтақ, жел мен суықтан кейін қабыршақтанатын немесе тітіркенетін аймақтар. Бальзамның құрамына әдетте тығыз, қоректік компоненттер кіреді: майлар, балауыз, кей кездері ланолин немесе пантенолды қамтиды.

Құрғақ сусабын

Оның негізгі міндеті – бұл шаш майлы және жабысқақ болып көрінбей, балғындық пен көлемге ие болуы үшін шаш түбінің қасындағы артық тері майын сіңіріп алу. Бұл әсер пішінін жылдам жоғалтатын жұқа шашта ерекше байқалып тұрады: шаш үлгісі феннің көмегімен сәнделгендей көрінеді. Текстуралаушы спрейді алмастыра алады, бұл шаш түбіндегі көлемге арналған құрал және, тіпті, фиксациялаушы өнім, себебі шашты анағұрлым тығыз етеді әрі майлы жылтырды азайтады.

«Бәрі біреуінде» палеткасы

Әдетте ішінде көз, бет және кейде ерінге арналған құралдар болады: қабаққа арналған бояулар, далап, хайлайтер, бронзер, түзеткіш пен бетті мүсіндейтін реңктер. Шын мәнісінде бұл косметика салынған кішігірім сөмкенің өзі десек те болады, әрі мұнда барлығы да түс бойынша таңдалған және бір-бірімен тамаша үйлеседі.

SPF-иісмайы

Фотоқартаю қаупін азайтуға көмектеседі, күйіп кетуден қорғайды және UV-сәулелерінің әсерінен болатын тері жасушаларының зақымдалуын төмендетеді. Қазірде көптеген формулалар теріні бір уақытта ылғалдандырады, реңкін тегістейді, жеңіл жарқырауды береді және күндізгі иісмай немесе макияж астына жағылатын базаның орнын ішінара баса алады.

Қорытынды

Бәлкім, енді сіз ескі, әрі косметикаға лық толы сөмкеңізге оралғыңыз да келмейтін шығар.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.