Тахикардия: жүрек соғуының жиілеу себептері мен дәрігерге қашан барған жөн

Тахикардия: неліктен жүрек тым қатты соғады?

Сіз кофенің үшінші шыныаяғынан кейін, күшті күйзеліске ұшырағанда немесе, тіпті, көзге көрінерлік себепсіз-ақ жүрегіңіздің қатты соққанын, мазасыздықтың, әлсіздік пен ауа жетпей тұрғандай сезімнің пайда болатынын байқап па едіңіз? Осының барлығы да жүрек-қан тамырлары жүйесінің әбден тозғанын білдіреді. Лайқос кардиолог-нутрициолог Екатерина Пушилинамен тахикардияның неліктен пайда болатыны, қай уақытта тамырдың жиі соғуын қалыпты жайт деп есептеуге болатыны мен қандай жағдайда дәрігердің көмегіне дереу жүгіну керектігі туралы әңгімелесті.

Тахикардия дегеніміз не?

Тахикардия – бұл жүрек соғу жиілігінің (ЖСЖ) қалыпты көрсеткіштерден жоғары болатын жағдайы. Тыныш күйде ересек адамның жүрегі әдетте бір минуттың ішінде шамамен 60-90 рет соғады. Тахикардияға ұшырған кезде бұл көрсеткіш минутына 100 соққыдан асып түседі.

Көбіне-көп бұл адам ағзасының күйзеліске, физикалық жүктемеге немесе сыртқы факторларға деген табиғи реакциясы болып келеді. Алайда кейбір жағдайда жұректің қатты соғуы міндетті түрде маманның назар аударуын талап ететін ішкі бұзылыстардың белгісі болуы бек мүмкін.

Жүректің жиі соғуының негізгі себептері

Сонымен тахикардия неліктен туындайды? Оның себептері физиологиялық, сол секілді патологиялық та болуы ықтимал:

  • Күйзеліс пен үрей. Эмоциялық ширығу мезеттерінде симпатикалық жүйке жүйесі белсендіріледі, осы тұста адреналин бөлінеді де, жүрек жылдамдатылған тәртіпте жұмыс істейді.
  • Физиологиялық факторлар. Тамырдың ырғағы физикалық жүктеме кезінде, дененің қызуы көтерілгенде (суық тию немесе вирустарға шалдыққанда), ағза сусызданғанда немесе ұйқының созылмалы жеткіліксіздігі жағдайында заңға сыйымды түрде жиілей түседі. Мұндай жағдайда бұл қалыпты бейімделу реакциясы болып есептеледі.
  • Стимуляторлар. Кофеин, энергетикалық сусындар, никотин және кейбір дәрілік препараттар жүйке жүйесінің қозуын күрт күшейтіп жібереді де, тіпті, тыныш күйдің өзінде тахикардия ұстамасын қоздыруы әбден мүмкін.
  • Жасырын бұзылыстар. Кей кездері тамырдың жиіленген соғысының артында ішкі түйткілдер жасырынып тұрады: қаназдық (темірдің тапшылығы), қалқанша безінің аурулары (мәселен, гипертиреоз), электролиттердің (калий, магний) теңгерімсіздігі немесе жүрек-қан тамырлары жүйесінің патологиясы.

Тахикардия қалайша сезіледі: басты белгілері

Әрбір адам бұл жағдайды әрқалай көтереді. Негізінен адамдар келесі белгілерді сипаттайды:

  • жүректің қатты, жиіленген немесе «дірілдеп» соғуын сезінеді;
  • кенет ауаның жетіспей тұруы (ентігу);
  • жеңіл бас айналу, көз алдының қарауытуы немесе әлсіздік;
  • себепсіз үрейлену сезімінің пайда болуы.

Кейбір жағдайларда ұстама жылдам әрі із-түссіз өтеді, ал басқаларында – ұзақ созылады және айқын жайсыздықты тудырады.

Ұзақ тахикардия несімен қауіпті?

Егер жүрек обьективті қажеттіліксіз (мәселен, сіз әшейін диванда жатқаныңызда) жиіленген тәртіпте ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп келсе, миокард жоғары жүктемеге ұшырайды.

Уақыт өте келе бұл жүрек жұмысының тиімділігінің азаюына, ішкі мүшелердің қанмен қамтамасыз етілуінің нашарлауына және тұрақты түрде болатын шаршағандық сезіміне әкеліп соқтырады. Сирек және асқынған жағдайларда ұзақ уақытқа созылған әрі емделмеген тахикардия жүрек жеткіліксіздігіне немесе басқа да қауіпті асқынулардың дамуына септігін тигізе алады.

Тамыр соғуын төмендету мен жүрекке көмектесудің жолы: тұрақты ырғаққа апарар 6 қадам

Егер тахикардия жағдаятты сипатқа ие болса, онда күнделікті әдеттерді өзгертудің арқасында жай-күйді ретке келтіру мен жүрек-қан тамырларының жүйесін қолдауға болады.

Ұйқыны қалыпқа келтіру

Ұйқының созылмалы жетіспеушілігі күйзелістің негізгі деңгейін арттырады және ширығу гормондарының бөлінуін күшейте түседі. Тұрақты әрі сапалы демалыс – бұл жүрек ырғағын қалпына келтірудің басты инвестициясы болып келеді.

Кофеин мен энергетиктерді шектеу

Кофе, қою шай мен энергетиктер адреналиннің шамадан тыс бөлінуін қоздырады. Бұған, әсіресе, мазасыздануға бейім келетін адамдар сезімтал болады. Кофеин мөлшерін азайту немесе стимуляторлардан бірте-бірте бас тарту жүрекке түсетін салмақты әлдеқайда тезірек жеңілдетуге көмектеседі.

Темекі шегу мен алкогольден бас тарту

Темекі түтіні тамырларды тарылтады және жүректі мүмкіндігінің ең жоғары шегінде жұмыс істеуге мәжбүрлейді. Алкоголь тамырлардың тонусын бұзады және аритмияны қоздыра отырып, сусыздануды тудырады.

Маңызды: егер темекі шегуден біржолата бас тарту қиынға соқса, кейде екі арадағы балама нұсқа ретінде хиттерлерді қарастырып жатады. Мұнда жану үдерісі жоқ, демек адам ағзасына тамырларға қосымша салмақ түсіретін жанудың уытты өнімдері түспейді. Алайда мына бір жайтты қаперіңізден шығармағаныңыз абзал: жүректі қорғаудың ең тиімді тәсілі – бұл никотин мен алкогольден толықтай бас тарту.

Су теңгерімін сақтау

Сұйықтықтың жеткіліксіздігі жағайында қан тұтқырлығы анағұрлым арта түседі де, оны айдау үшін жүрекке көбірек күш салуға тура келеді. Күні бойына таза суды тұрақты түрде ішу қан айналымын жүйелендіреді және миокардттан артық жүктемені алып тастайды.

Маңызды: «күніне 2 литр су ішіңіз» деген сәнге айналған стандарт баршаға бірдей жарамды бола бермейді. Өз нормаңызды жеке түрде есептеп шығарғаныңыз дұрыс.

Бірқалыпты физикалық белсенділік

Жаяу жүру, жүзу, велосипед немесе әшейін ғана күніне 7-10 мың қадам деген норманы сақтау жүрек бұлшықетін жаттықтырады.

Маңызды: бастысы, белсенділік тұрақты, күш жетерлік және жайлы болуы тиіс.

Күйзелісті басқару

Тыныс алу практикалары (мәселен, шаршы бойынша дем алу), таза ауада серуендеу мен көңілді басқа нәрсеге уақытында ауыстыра білу психоэмоциялық салмақты азайтуға және тамыр ырғағын жылдам тұрақтандыруға көмектеседі.

Дәрігерге қашан барған абзал?

Өмір салтын өзгерту – бұл өзіңізге деген кешенді түрде қамқорлық танытудың бір ғана бөлшегі. Келесі жайттарға тап болсаңыз, терапевтке немесе кардиолог маманының көмегіне міндетті түрде жүгінгеніңіз абзал:

  • жүректің жиі соғуы тұрақты түрде әрі көзге көрінерлік себепсіз қайталана берсе;
  • ұстамалар есінен тану алдындағы жағдай немесе есінен тану жайттарымен бірге жүрсе;
  • кеудеде батып ауратын, қысатын ауырсыну пайда болса;
  • ауа жетіспеушілігі тыныс алуға кедергі еткен жағдайда;
  • уақыт өте келе ұстамалардың қарқындылығы ұлғайса.

Бұл жағдайларда өз-өзіңізге диагностика жасаумен айналысудың қажеті жоқ – негізгі тексеруден (кем дегенде, ЭКГ жасағаныңыз дұрыс) өткеніңіз жөн.

Қорытынды

Бастысы, денеңіздің белгілерін ескеру және үнемі болатын жайсыздық сезімін тек қана шаршағандықтың салдары деп санамағаныңыз абзал. Жүрегіңіздің жұмыс істеу ерекшеліктеріне неғұрлым ертерек көңіл бөлсеңіз, оның денсаулығы мен белсенділігін ұзақ жылдарға сақтау да соғұрлым жеңілірек болары шүбәсіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.