Өкпе обыры: қауіпті азайту мен темекіден арылудың жолы - Лайқос

Өкпе обыры: қауіпті азайту мен темекіден арылудың жолы

Жыл сайын темекі тарту 7 млн астам адамның өмірін алады, оған қоса 1,6 млн жуық өлім пассивті темекі шегумен байланысты болып келеді. Сонымен бірге шылым шегуді жалғастырып жүрген адамдардың жартысына дейін нәтижесінде дәл осы темекі тартудың салдарынан қайтыс болады екен. Қазақстан үшін жағдай әлі күнге дейін көкейкесті болып қала береді. Елімізде бір жыл ішінде қатерлі ісіктің 36 мыңнан астам жаңа жағдайы мен 20 мыңнан жоғары өлім тіркелген.

Лайқос онколог-химиотерапевт Никита Рязановпен бірге темекі тартудың ағзаға қалай залал келтіретінін, ӨСОА мен өкпенің қатерлі ісігінің неліктен дамитынын және скринингтің шын мәнісінде өмірді сақтап қалуға көмектесе ала ма екендігін анықтайды.

Темекі тарту несімен қауіпті

Шылым шегу бірте-бірте тыныс алу жүйесіне нұқсан келтіреді: бронхтардың өтіміділігі төмендейді, созылмалы қабыну күшейеді, қақырықтың бөлінуі артады. Осыған байланысты адамның тыныс алуы қиындай түседі — тіпті, үйреншікті жүктеменің өзінде ентігу пайда болады, төзімділік азаяды, үнемі жөтел күшейеді. Сонымен қатар темекі тарту тыныс алу жүйесінің осыған дейін тап болған созылмалы жай-күйлердің ағымын да нашарлатып жібереді, әрі олардың бақылауын төмендетеді және асқыну жиілігін жоғарылатады.

Дегенмен ең ауыр тәуекел – өкпенің қатерлі ісігі. ДДСҰ мәліметтеріне сүйенсек, 2022 жылы әлемде осы кеселге душар болудың 2,5 млн жуық жаңа жағдайы мен оның салдарынан 1,8 млн өлім тіркелген еді, әрі нақ осы дерт барлық онкологиялық аурулар арасындағы өлім-жітімнің басты себебі болып қалып отыр.

Обырдың қандай түрлері темекімен байланысты

Қатерлі ісіктің осы түрінен болатын өлім-жітімнің 80-90% дейін нақты темекімен байланысты. Сонымен бірге ДДСҰ көрсетіп отырғандай, темекі тартпайтын адамдармен салыстырғанда шылымқұмарларда өкпенің қатерлі ісігінің даму қаупі 22 есеге дейін жоғары болуы мүмкін.

Алайда темекі түтіні тек өкпеге ғана әсер етпейді. Дәстүрлі темекінің түтініндегі канцерогендер қанға еніп кетеді де, адам ағзасының әртүрлі мүшелері мен тіндеріне бірте-бірте ықпал етеді. Сондықтан шылым тарту тек өкпе обырымен ғана емес, сондай-ақ ауыз қуысының, жұтқыншақтың, көмекейдің, өңештің, асқазанның, ұйқы безінің, бауырдың, бүйректің, қуықтың, жатыр мойнының ісігімен, сонымен бірге лейкоздың кейбір түрлерімен де байланысты болып келеді.

Соның ішінде темекі тарту мен алкогольдің үйлесімі ерекше қауіпті – екеуі бірге шырышты қабаттардың зақымдалуын күшейтеді және бас пен мойын ісіктерінің қаупін кенет арттырады.

Қандай темекі қатерлі ісікті іске қосады

Қатерлі ісік – бұл жасушадағы жинақталған қателердің нәтижесі. Қалыпты жағдайда жасуша бөліне алады, тоқтайды және зақымдалған тұста өледі. Алайда темекі түтіні осы үдеріске араласып кетеді. Оның құрамында 7000 астам заттек бар, олардың кем дегенде 70-сі – дәлелденген канцерогендер.

Темекі түтініндегі канцерогендер жасушалардың ДНҚ-сын зақымдайды, осының салдарынан мұнда қателер – мутациялар пайда болады. Уақыт өте келе қорғаныс механизмдері де бұзылуы әбден мүмкін, ал бұл тетіктер әдетте аталмыш өзгерістерді тоқтатады. Сол себепті темекі тартуға байланысты ісіктерде көбінесе тән іздер – темекі түтіні қалдырған ДНҚ-ның айырықша өзгерістері табылып жатады.

Сонымен бірге темекі тарту иммунитетті әлсіретеді, әрі оған зақымдалған жасушаларды уақытында табу мен жою әлдеқайда қиынға соғады. Нәтижесінде олардың бір бөлігі тірі қалады да, бақылаусыз бөлінуді бастайды.

Неге уақыт өте келе қауіп арта түседі

Қатерлі ісіктің даму қаупі темекінің санына ғана емес, сондай-ақ жинақталған «өтілге» де байланысты. Медицинада «қорап-жыл» көрсеткіші қолданылып келеді:

Күніне 1 қорап × 20 жыл = 20 қорап-жыл.

Аурулардың даму қаупіне бірден бірнеше фактор өз ықпалын тигізеді: адамның қанша жыл темекі тартып жүргені, күніне қанша шылымды шегетіні, темекі тартуды қанша жаста бастағаны, оның ӨСОА-ға шалдыққан-шалдықпағаны мен өкпенің созылмалы ауруларының бар-жоғы, қосымша зиянды заттармен жанасу бар ма – мәселен, асбест, өндірістік шаң немесе шығарындылар. Тіпті, «жеңіл, дегенмен ұзақ мерзімді темекі тарту» қауіпсіз емес – бұл жинақталатын үдеріс.

Бұл ретте генетиканың да маңызы аса зор, дегенмен оны негізінен сылтау ретінде қолданып, мысалы, «менің атам темекі тартқан және 90 жасқа дейін өмір сүрген» деген секілді сөздер айтылады. Бұл өте нашар дәлел, өйткені жеке ерекшеліктер қауіптерді жоя алмайды.

Бас тартқаннан кейін қауіпті азайтуға бола ма?

Жаман әдеттен бас тартқан соң 10-15 жылдан кейін өкпенің қатерлі ісігінің даму қаупі темекі шегуді жалғастырып жүрген адамдармен салыстырғанда шамамен екі есеге азаяды.

Сонымен қатар зерттеулер көрсетіп отырғандай, тіпті, көпжылдық тәжірибеден кейін де шылымнан бас тарту темекі шегуді жалғастырғаннан гөрі әрдайым әлдеқайда тиімдірек. Ағза біртіндеп қауіптерді азайтады, дегенмен ешқашан темекі шекпеген адамның деңгейіне дейін қайтып оралмайтыны айқын.

Темекіден құтылу мен обыр қаупін азайтудың жолы

  • Никотин алмастыратын терапия – жабыстырғыштар, сағыздар, кәмпиттер мен спрейлер болдырмау нышанатын анағұрлым жеңілірек өткеруге және темекіге деген құлшынысты азайтуға көмектеседі.

  • Темекі шегуден бас артуға арналған дәрі-дәрмектер жетістікке жету ықтималдығын арттырады, дегенмен тек қана маманның қатаң бақылауында ғана таңдалуы тиіс.

  • Психологиялық және мінез-құлықтық қолдау – дәрігердің кеңес беруі, күйзеліспен жұмыс істеу, триггерлерді бақылау мен әдеттен бас тартудың нақты жоспары оған қайта оралу қаупін азайтуға септігін тигізеді. Темекі тарту – бұл тек әдет қана емес, сондай-ақ нағыз тәуелділік.

  • Пассивті шылым шегуден бас тарту – үйде, көліктің ішінде және балалардың қасында темекі тартпаған маңызды. Желдету темекі түтінінің уытты бөлшектерін толыққанды жоя алмайды.

Алдын алу мен скрининг емдеу шаралары әлдеқайда жақсы әсер еткенде ауруды ертерек анықтауға көмектеседі. Оны баршаға бірдей емес, тек тәуекелі жоғары болып саналатын адамдарға ғана (мәселен, ұзақ уақыт бойы темекі шегудің өтілі бар болғанда) ұсынады. Зерттеулер көрсеткендей, мұндай скрининг өкпенің қатерлі ісігінен болатын өлім-жітімді бұл топта шамамен 15-20% төмендетеді.

Егер темекіден бас тарту жоспарыңызға кірмесе

Сіз әзірге темекі шегуден бас тартуды жоспарламасаңыз, шегілетін темекінің санын қысқартуға немесе балама нұсқа ретінде хиттерлерді қарастырып көруге болады. Себебі мұндағы темекі жанбайды, тек қана қыздырылады, демек, темекінің жану өнімдері түзілмейді (шайыр, тұншықтырғыш газ, ауыр металдар), ал бұл өз кезегінде ағзаға түсетін залалды заттектердің мөлшерін азайтады.

Оларды кәдімгі темекіні тартуды жалғастыруы мүмкін ересек шылымқұмар үшін ықтимал аралық кезең ретінде қарастыруға болады, дегенмен негізгі мақсат шылым шегуден біржолата бас тарту болуы тиіс екендігі сөзсіз.

Қорытынды

Заманауи медицина темекі тартуды созылмалы аурулар мен мезгілсіз өлімнің басқарылатын себептерінің бірі ретінде қарастырып отыр. Адам ағзасы ішінара қалпына келуге қабілетті болғанымен, негізгі жайт өзгеріссіз қала бермек: темекінің ықпалы неғұрлым ертерек аяқталса, мүшелердің қызметін сақтап қалу мен ұзақ мерзімді қауіптерді азайту мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.