Плитасыз жазғы асүй: сергітетін тағамдардың 7 рецептісі - Лайқос

Плитасыз жазғы асүй: сергітетін тағамдардың 7 рецептісі

Сыртта +30 болған кезде плитаны мүлдем жаққың келмейді. Мұндай жағдайларға арнап Лайқос аптап ыстық күндерге мінсіз қолайлы болып келетін 7 жеңіл рецептіні жинады.

Гаспачо (2-3 порция)

Плитасыз жазғы асүй: сергітетін тағамдардың 7 рецептісі

Ингредиенттер:

  • Піскен қызанақ – 500 г
  • Қияр – 1 ірі дана
  • Болгар бұрышы – 1 дана
  • Сарымсақ – 1 тіс
  • Зәйтүн майы – 2 ас қ.
  • Лимон шырыны немесе шарап сірке суы – 1 ас қ.
  • Суық су – 50-100 мл
  • Тұз – дәміне қарай
  • Безендіруге арналған көк шөп

Дайындалуы: барлық ингредиенттерді блендердің ішінде біркелкі масса пайда болғанға дейін араластырыңыз. Суытып алып, көк шөп және кептірілген нан ұнтағымен ұсыныңыз.

Көкөністер мен хумус қосылған лабаш-ролл (2 ролл)

Плитасыз жазғы асүй: сергітетін тағамдардың 7 рецептісі

Ингредиенттер:

  • Лабаш – 2 жапырақ
  • Хумус – 4 ас қ.
  • Авокадо – 1 дана
  • Қияр – 1 дана
  • Сәбіз – 1 кішкентай
  • Салат жапырақтары – 4-5 дана
  • Лимон шырыны – 1 ш. қ.

Дайындалуы: авокадоны жұқа тілімдерге тураңыз және қарайып кетпеуі үшін үстінен кішкене лимон шырынын себіңіз. Қиярды ұзыншалап кесіңіз, сәбізді ірі үккіштен өткізіп алыңыз. Лабаштың бетіне хумусты жағып, салат жапырақтарын, көкөністер мен авокадоны салыңыз. Тығыздап ролды ораңыз да, екіге бөліңіз.

Қарбыз бен фета қосылған салат (2 порция)

Плитасыз жазғы асүй: сергітетін тағамдардың 7 рецептісі

Ингредиенттер:

  • Қарбыз – 300 г
  • Фета немесе брынза – 100 г
  • Руккола – 40–50 г
  • Жасаң жалбыз – 5-6 жапырақша
  • Зәйтүн майы – 1 ас қ.
  • Қара бұрыш – дәміне қарай

Дайындалуы: қарбызды дәндерінен тазалап алыңыз және текшелеп тураңыз. Фетаны ұсақтап тастаңыз. Тәрелкеге рукколаны салып, үстіне қарбыз бен ірімшікті салыңыз. Жалбыз жапырақтарымен безендіріп, бетіне май мен кішкене бұрыш себіңіз.

Шабдалы қосылған капрезе (2 порция)

Плитасыз жазғы асүй: сергітетін тағамдардың 7 рецептісі

Ингредиенттер:

  • Қызанақ – 2 дана
  • Шабдалы – 1 ірілеуі
  • Моцарелла – 125 г
  • Райхан – 6-8 жапырақ
  • Зәйтүн майы – 1 ас қ.
  • Тұз, бұрыш – дәміне қарай

Дайындалуы: қызанақтарды, шабдалы мен моцарелланы қалыңдығы бірдей дөңгелектерге тураңыз. Тәрелкеге ингредиенттерді кезектестіріп, әрі қабаттап салып шығыңыз. Райхан жапырақтарын қосып, кішкене тұздап, бұрыш қосып, үстіне май себіңіз.

Манго қосылған чиа-пудинг (2 порция)

Плитасыз жазғы асүй: сергітетін тағамдардың 7 рецептісі

Ингредиенттер:

  • Чиа тұқымдары – 4 ас қ.
  • Кокос сүті – 250 мл
  • Манго – 1 кішігірім жеміс
  • Бал – 1-2 ш. қ. (қалауыңыз бойынша)

Дайындалуы: чиа тұқымдарын кокос сүтімен араластырыңыз және 2-3 сағатқа тоңазытқышта қалдыра тұрыңыз. Дастарханға ұсынар алдында манго тілімдері мен азғантай балды қосыңыз.

Күріш қағазына салынған салқын ролдар (6-8 ролл)

Плитасыз жазғы асүй: сергітетін тағамдардың 7 рецептісі

Ингредиенттер:

  • Күріш қағазы – 6-8 жапырақ
  • Авокадо – 1 дана
  • Қияр – 1 дана
  • Сәбіз – 1 орташа
  • Салат жапырақтары – 4-5 дана
  • Жұмсақ кілегейлі ірімшік – 100 г немесе тазартылған дайын асшаяндар – 120-150 г
  • Лимон шырыны – 1 ш. қ.
  • Күнжіт – дәміне қарай

Тұздық (қалауыңыз бойынша):

  • Соя тұздығы – 2 ас қ.
  • Лайм немесе лимон шырыны – 1 ш. қ.
  • Азғантай бал немесе күнжіт майы

Дайындалуы: авокадоны тілімдеп кесіңіз, қияр мен сәбізді ұзыншалап тураңыз, салатты жуып, кептіріп алыңыз. Күріш қағазын жылы суға 5-10 секундқа малып, тақтайға қойыңыз. Ортасына көкөністерді, салатты, авокадо мен ірімшікті немесе асшаяндарды салыңыз. Екі шеті бүктелген тығыз ролды орап алыңыз. Соя немесе цитрус тұздығымен бірге ұсыныңыз.

Жидек қосылған сүзбе десерті (2 порция)

Плитасыз жазғы асүй: сергітетін тағамдардың 7 рецептісі

Ингредиенттер:

  • Сүзбе 5% – 200 г
  • Табиғи йогурт – 100 мл
  • Бал – 1-2 ш. қ.
  • Жидек (құлпынай, таңқурай, көкжидек) – 100-150 г
  • Жаңғақ – 20-30 г

Дайындалуы: сүзбені табиғи йогуртпен кремді текстураға дейін араластырыңыз. Егер әлдеқайда нәзік консистенцияны қаласаңыз – блендердің көмегіне жүгініңіз. Стақандарға салып, үстін жидек және ұнтақталған жаңғақпен безендіріңіз.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.