Неліктен артрит «жасарып» барады: ауруды уақытында айырып танудың жолы қандай және бұған не әсер етеді

Неліктен артрит «жасарып» барады: зерттеулер не дейді

Осыдан 20-30 жыл бұрын артрит егде жастағы адамдардың дерті болып саналған. Бүгінде бұл диагноз 30-40 жастағы адамдарға, ал кейде, тіпті, бұдан да жастарға жиі қойылатын болған. Лайқос мұның себептерін анықтады.

Артрит дегеніміз не

Жалпы «артрит» сөзінің артында жүзден астам жай-күйлер жасырынған. Біз негізінен олардың екеуіне тап боламыз:

  • Сүйек-буынның қабынуы – буын жүктемеден немесе жас ұлғайған сайын тозады.
  • Құздамалық артрит – иммунитетіңіз жаңылысып, қателіктен ағзаның сау тіндеріне шабуыл жасайды.

Дәл осы екінші түрі көбіне-көп жас адамдар арасында кездеседі. 2025 жылғы зерттеулер көрсетіп отырғандай, бұл дерт, тіпті, жасөспірімдер арасында да жиі анықталатын болған. Бір жағынан бұл тұста медицинаның еңбегі зор: біз ауруды ерте сатыларында анықтауды үйрендік. Алайда мұның басты себебі біздің өмір салтымызда жатыр.

Буында кінәрат барының 7 белгісі

Негізінен біз ауырсынуды «қатты шаршағандыққа» немесе «салқын тигенге» жатқызамыз. Дегенмен елеуді қажет ететін белгілер бар:

Неліктен артрит «жасарып» барады: зерттеулер не дейді

Бұл неліктен болады: буынның басты 5 дұшпаны

  • Тұрақты күйзеліс. Біз күйзелістің тек қана жүйке жүйесіне соққы береді деп ойлауға әдеттенгенбіз. Алайда ол иммундық жүйеге айтарлықтай салмақ түсіреді де, оны «тоздырып жіберетіндей» жұмыс істеуге мәжбүрлейді, ал бұл көбіне-көп қабынуды қоздырады.
  • Темекі тарту. Бұл ең көп зерттелген қауіп факторларының бірі. Темекі тарту құздамалық артриттің даму ықтималдығын арттырады және аурудың анағұрлым ауырлау өтуіне апарады. Темекі түтіні қабыну реакцияларын іске қосады және иммундық жауапқа әсер етеді. Шылым шегуден бас тартқан маңызды, сонда артриттің пайда болу қаупі азаяды немесе ауру бар болса, оның дамуын баяулатуға болады.

Егер темекі шегуден біржолата бас тарту қолыңыздан келмесе, онда балама нұсқаларды, мәселен, хиттерлерді қарастырып көріңіз. Олар темекіні жақпайды және темекі түтінінің түзілуіне жол бермейді, осының арқасында уытты заттектердің әсері мен қабыну реакцияларының қаупі азаяды.

  • Артық салмақ. Майлы тін – бұл жай ғана энергияның қоры емес, бұл қабыну заттектерінің нағыз «фабрикасы». Сонымен бірге артық килограмдар буынға түсетін қосымша физикалық салмақты қалыптастырады, осылайша оларды тезірек кетіреді.
  • Қимыл-қозғалыстың аздығы. Бір қызығы, буын шамадан тыс жүктемеден де, оның мүлдем жоқтығынан да зардап шегеді. Қозғалыссыз тіндерге қанның келуі нашарлайды, әрі олар «ашығады» және тезірек тоза бастайды.
  • Өткен инфекциялар. Кей кездері ауыр вирустар немесе бактериялар нағыз «іске қосу тетігіне» айналады, содан кейін иммунитет бұрыс жұмыс істейді.

Қорытынды

Қазіргі заманғы медицина артритті тиімді түрде бақылай алады, ең бастысы, ауруды асқындырып жібермеу. Егер сіз өз бойыңыздан бір немесе бірнеше белгіні байқасаңыз, жағдайдың нашарлап кетуін күтпеңіз. Терапевттің немесе ревматологтың көмегіне жүгініңіз.

Есіңізде болсын: буындардың денсаулығы – бұл тек гендер ғана емес, сондай-ақ ол біздің күнделікті әдеттерімізге де байланысты: бірқалыпты белсенділік, салмақты бақылау және қабынуды қоздыра алатын нәрселерден бас тарту қимыл еркіндігін ұзақ жылдарға сақтап қалуға көмектеседі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.