Ауаны тазартуға арналған гаджеттер: олар қалада көмектесе ме? Егжей-тегжейлі талдау

Таза ауаға арналған гаджеттер: олар қалада пайдалы ма, әлде бұл қорғаныс иллюзиясы ғана ма?

Нарықты «дербес экологияға» арналған құрылғылар толқыны жаулап алды: мойынға ілінетін тазартқыштардан бастап қалтаға салынатын ионизаторларға дейін. Біз, әсіресе, айналамыздағы ауа тұмша, шаң-тозаң мен шығарындыларға толы болғанда еркін тыныс алуды қалаймыз. Дегенмен осы гаджеттер өкпемізді шын мәнінде қорғай ма, әлде бұл қауіпсіздіктің әшейін ғана қымбат имитациясы ма? Лайқос кеңінен танымал дейвайстардың тиімділігін анықтады.

Өкпемізге шынында не нәрсе зиян келтіреді?

Тұмша, шаң, шығарындылар мен темекі түтіні көпшілігімізді тыныс алуды қорғауға арналған гаджеттерді іздеуге итермелейді. Әрі бұл таңғаларлық жайт емес: ДДСҰ мәлеметтеріне сүйенсек, ауаның ластануы жыл сайын мезгілсіз өлім-жітімнің шамамен 7 миллионға жуық жағдайымен байланысты.

Темекі түтіні көбіне-көп шынайы бағаланбайтыны рас, алайда бұл ауаның ең агрессивті ластағыштардың бірі болып келеді. Оның құрамында мыңдаған химиялық заттектер бар, ол тыныс алу жолдарын тітіркендіреді, қабынуды күшейтеді және өкпенің табиғи тазаруын нашарлата түседі.

Бір де бір тасымалданатын тазартқыш темекі түтінінің тұрақты әсерінің орнын толтыруға қабілеті емес. Ең жақсы шешім – шылым шегуден біржолата бас тарту. Егер әзірге сіз әдеттен құтылуға дайын болмасаңыз, онда инновациялық шешімдерді, хиттерлерді ққарастырып көруге болады. Бұл жерде темекі жанбайды, тек қана қыздырылады, осының арқасында темекі түтіні түзілмейді, ал сіз канцерогендер, шайыр мен тұншықтырғыш газдан тұратын уландыратын қоспаға ие болмайсыз.

Танымал гаджеттердің талдауы

1. Мойынға ілінетін дербес тазартқыштар

Таза ауаға арналған гаджеттер: олар қалада пайдалы ма, әлде бұл қорғаныс иллюзиясы ғана ма?

Өндірушілер адам бетінің айналасындағы «таза ауа аймағын» қалыптастыруға уәде беріп жатады. Шын мәнісінде гаджет сіздің деммен бірге ішке жұтатын ауаның толықтай көлемін сүзгілеуге қабілетті емес. Ауа ағыны үнемі өзгеріп отыратын көше жағдайында «тазалық бұлтын» қалыптастыру физикалық тұрғыдан тіптен мүмкін емес. Тұмша мен шығарынды газдарға қарсы мұндай құрылғылардың тиімділігі нөлдік көрсеткішке ие болатыны анық.

2. Портативті ионизаторлар

Таза ауаға арналған гаджеттер: олар қалада пайдалы ма, әлде бұл қорғаныс иллюзиясы ғана ма?

Ионизаторлар тозаң бөлшектерінің электр зарядын өзгертіп, оларды басылып қалуға мәжбүрлейді. Бар түйткіл олардың небәрі микроскопиялық радиуста жұмыс істейтінінде жатыр, ал бөлшектер ғайып болмайды, олар жай ғана қасыңыздағы беттерге қонады. Бастысы, ионизация – мегаполисте ең үлкен қауіп төндіретін газ тәрізді ластағыштарға (азот, әрі озон қостотығына) қарсы мүлдем қауқарсыз деуге болады.

3. Ауа сапасының портативті детекторлары (AQI)

Таза ауаға арналған гаджеттер: олар қалада пайдалы ма, әлде бұл қорғаныс иллюзиясы ғана ма?

Бұл құралдар ауаны тазартпайды, дегенмен шынайы пайдасын тигізеді. Олар PM2.5 (ұсақ бөлшектер) концентрациясын, ылғалдылықты жіне газдардың бар-жоғын өлшейді. Бұл саналы шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді: мәселен, егер сезбек ластанудың қауіпті деңгейін көрсетіп тұрса, жүгіруді кейінге қалдырған абзал. Бұл «дербес экологияны» басқарудағы сіздің басты көмекшіңіз.

4. Мұрынға арналған сүзгілер

Таза ауаға арналған гаджеттер: олар қалада пайдалы ма, әлде бұл қорғаныс иллюзиясы ғана ма?

Олар ірі шаңды немесе гүлтозаңды ұстап қалуға қабілетті, ал бұл аллергиктердің жағдайын жеңілдете алады. Алайда олар уытты газдар мен PM2.5 микробөлшектерінен әлсіз қорғайтыны рас. Сонымен бірге ұзақ уақыт тағылған кезде олар жайсыздық сезімін тудырады және қандай да бір тиімділікті сақтау үшін жиі алмастырып отыруды талап етеді.

Мегаполистің тұрғынына шынында не көмектеседі?

Ғажап-гаджеттерге үміт артудың орнына қарапайым және тексерілген шараларға ден қойған әлдеқайда дұрыс:

  • Мониторинг: Портативті сезбектерді немесе қалалық қосымшаларды ластанудың шыңдық кезеңдерінде серуендемеу мақсатында қолданыңыз.
  • Дұрыс бағыттар: Жолыңызды қозғалысқа толы магистарльдардың бойымен емес, саябақтар арқылы салуға тырысыңыз.
  • Шыңдық күндеріндегі қорғаныс: Қатты тұмша кезеңдерінде «тасымалданатын тазартқыштарды» емес, сапалы респираторларды (FFP2/FFP3 стандарты) пайдаланыңыз.
  • Үйдегі ауаның сапасы: Пәтердің ішін AQI көрсеткіштері қалыпты болған кезде тұрақты түрде желдетіп тұрыңыз, әрі HEPA-сүзгілері бар стационарлық ауа тазартқыштарын қолданыңыз.
  • Қауіпсіз спорт: Жаттығу үшін жасыл аймақтар мен көлік жүретін жолдардан алыс орналасқан алаңдарды таңдаңыз.

Қорытынды

Технологиялар ақыл-ойдың орнын баса алмайды. Ең сенімді қорғаныс – бұл бағыттарды саналы түрде таңдау, үйді сапалы сүзгілеу мен ауамызды өздігінен уландыратын әдеттерден бас тарту.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.