
«Тағы темекі тартып жүрсің бе?» Неліктен зиянды әдеттер туралы әңгімелер көбіне жанжалмен аяқталады
Көптеген шылмқұмарлар, ішімдік әуесқойлары немесе басқа да әдеттері бар адамдар тек ішкі күреспен ғана емес, сондай-ақ жақын адамдар тарапынан болатын ұдайы қысымға тап болып отырады. Жұптар сүйікті адамының денсаулығы үшін алаңдайды, ата-аналар ересек балаларына ақыл үйретеді, ал балалар жалынып әкесі мен шешесінен темекіден бас тартуын сұрайды. Неліктен осылай болып жатады және зиянды әдеттер туралы адал, дегенмен дау-жанжалсыз әңгімелесуге бола ма?
Неліктен бізді өзгелердің ескертулері ашуландырады
Жаман әдеттердің тек қана мінез-құлық деңгейінде қалуы сирек кездеседі. Көбіне-көп олар өмір салтының бір бөлігіне, күйзеліске қарсы төтеп берудің тәсілі немесе, тіпті, адамның сәйкестілігінің бір бөлшегіне айналады. Жақын адамдар «Саған темекі тастау керек» деп айтқан кезде адам мүлдем басқаша: «Сен әлсізсің», «Сен жауапсызсың», «Саған бірдеңе болған сияқты» деген секілді сөздерді естиді. Дегенмен әңгімелесуші тіптен басқа нәрсені меңзеуі әбден мүмкін.
Психологтар мұндай реакцияны қарсыластық деп атайды. Адамға бұл кезде оған қысым көрсетіліп тұр немесе оның таңдауын біреу бақылағысы келеді деп көрінеді де, өзінің еркіндігін қорғауға деген табиғи құлшыныс пайда болатыны хақ. Кей кездері, тіпті, өз мүддесіне қарсы болса да. Әрі құрылымды әңгіменің орнына ашулану, реніш және өзара наразылықтар туындайды. Осының нәтижесінде ешкім де оны әлдебіреу естіп жатқанын сезбейді. Дәл осы себептен «Мені жақсы көргеніңде әдетіңді тастайтын едің» деген секілді сөздер алғаш күткендей әсер бермейтіні айқын.
«Егер сен мені жақсы көрсең, тастар едің» деген сөз қамқорлық сияқты көрінуі мүмкін, бірақ психологиялық тұрғыдан бұл көбінесе эмоционалды қысымның бір түрі. Онда махаббат шартқа айналады: адамға белгілі бір әрекет арқылы өз сезімдерін дәлелдеу ұсынылады. Бұл жағдайда назар мәселені талқылаудан бастап, өз сүйіспеншілігіңізді Ақтау және растау қажеттілігіне ауысады. Мұндай тұжырым кінәні, ұятты және қарым – қатынасты жоғалтудан қорқуды тудыруы мүмкін», – Юлия Джолтаева, кеңесші психолог.
Егер сізді темекі үшін үнемі қыспаққа алса
Түсінуді қажет ететін алғашқы жайт: жақын адамдардың алаңдауы көбіне-көп сізді бақылауға ұмтылысымен емес, қорқынышпен байланысты болып келеді. Сондықтан әңгімені екінші тараптың сезімін мойындаудан бастаған аса пайдалы.

Балаларға қалай жауап беруге болады

Сіз темекіні тастауға ниеттенсеңіз
Жақындарыңызға өз жоспарыңыз бен сізге қандай көмек керек болуы мүмкін екендігі жайында айтып беріңіз. Мәселен, темекі ұсынбауды, қасында тұрып шылым шекпеуді немесе бас тартудың алғашқы апталарында көбірек түсіністік танытуды сұраңыз.
Сонымен бірге іс-әрекеттер жоспарын алдын ала құрастып алғаныңыз пайдалы. Темекі шегуден бас тартудың қолайлы стратегиясын таңдау мақсатында дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Жақын адамдарыңыз сіздің мақсаттарыңыз турасында білгенде және қандай өткелді еңсеріп жатқаныңызды түсінінгенде дау-жанжалдар мен түсініспеушілік ықтималы да әлдеқайда азырақ болары шүбәсіз.
Сіз бас тартуға дайын болмасаңыз
Мүмкін ымыраларды талқылап алғаныңыз маңызды. Мысалы, шегілетін темекінің санын немесе тұтынылатын алкогольдің мөлшерін бірте-бірте қысқартып отыру. Шылымқұмарлар балама нұсқаларды, хиттерлерді қарастыра алады. Қарапайым темекімен салыстырғанда бұл жерде темекі жанбайды, тек қана қыздырылады. Жану үдерісі болмағандықтан, құрамында ондаған канцерогендері бар темекі түтініне қарағанда зиянды заттектердің мөлшері айтарлықтай азырақ түзіледі.
Басты ереже
Егер әңгіме барысында басқа адамның сезіміне деген құрметті сақтай отырып, сонымен бірге өз қажеттіліктеріңіз жайында айту мүмкін болса, тіпті, ең күрделі тақырыптың өзі де үнемі ұрыс-керістің себебіне айналуын тоқтатады.