Жұлдыздар тұтатпайды
Атақты адамдар темекіні қалай тастаған
Музыканттар, актерлер және басқа да селебритис өздерінің жетістіктерімен мақтанады. Олар сұхбаттарында «кедейден» «ханзадаға» қалай көтерілгендері жайлы әңгімелеуді жақсы көреді. Ал өзге маңызды жеңістері туралы, мысалы, зиянды әдеттерінен құтылғандары жайында айта бермейді. Алайда тәуелділікті жеңу – өмірлік маңызы бар дағды. Әлемдік жұлдыздар темекіден қалай және неге бас тартты?
СӨС ДӘУІРІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР
1977 жылы Американдық онкологиялық қоғам қараша айының үшінші бейсенбісінде Темекі шегуден бас тартудың халықаралық күнін атап өту туралы шешімді қабылдаған. Сонымен бірге адамдар өткен ғасырдың 80-ші жылдарынан әлдеқайда бұрынырақ зиянды әдеттен құтылуға тырысқан. Ғалымдар көптеген зерттеулердің көмегімен зұлымдықтың тамыры темекінің өзінде емес, жану үдерісінде жатыр деген қорытындыға келеді. Темекі түтіні және оның құрамына кіретін шайыр мен уытты газ адам ағзасын баяу өлтіретін қауіп. Жану үдерісін болдырмайтын электронды темекі мен темекіні қыздыруға арналған жүйелерге ауысу аталмыш зиянды заттектердің ағзаға енуін 95% дейін төмендетуге көмектеседі.
Ал егер осыған дейін селебритис антиСӨС-ті (салауатты өмір салты) кереметтіліктің нышаны ретінде насихаттаған болса, енді олардың көбісі алкогольден бас тартып, спортпен шұғылдана бастап, смузи ішіп жүреді, әрі әлбетте, темекі шекпейді.
ЛЕОНАРДО ДИ КАПРИО: БАЛАМА НҰСҚАЛАР БОЙЫНША ГОЛЛИВУДТЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ТАҢДАУШЫСЫ
Көптеген қарапайым пенделер секілді жұлдыздар үшін де никотиннен бас тарту – нағыз сын-тегеурін болып саналады. Сондықтан оларды кәдімгі темекімен емес, қауіп-қатерлерді төмендететін құрылғымен жиірек көруге болады. Осылайша, Голливудтың басты «булаушысы» Леонардо Ди Каприо болып шықты.
Актер баламалы құрылғылардың барлығын дерлік байқап көрген іспетті. Ол девайстармен осыдан 10 жыл бұрын көзге көріне бастады, «Азат етілген Джанго» түсірілімдерінде-ақ темекі тарту үзілістеріне классикалық емес, электронды сигаретпен жүгіретін.
Дегенмен, егер де әлдебіреу Ди Каприодан үлгі алғысы келсе, онда оны ақылмен істеу керек екендігін ұмытпаңыз. 2016 жылы бұқаралық ақпарат құралдары АҚШ киноактерлер гильдиясы марапатын табыстаудың салтанатты рәсімінен актердің тап сол залдың ішінде электронды девайсты қолданып отырғандағы фотосуретін таратып жіберген еді. Осылайша, дәл сол жылы «Оскар» сыйлығының ұйымдастырушылары «Долби» театрының аумағында электронды темекіні пайдалануға тыйым салған болатын. Ал саны анағұрлым көбейген булаушылардың барлығын осыған арналған бөлмелерге жіберіп отырды.
ТОМ ХАРДИ ЖӘНЕ СЭМЮЭЛЬ Л. ДЖЕКСОН: АЭРОЗОЛЬ ЖАҒЫНДА
Ерте кезден темекі тұтатудың зиянды әдетіне дағдыланған Том Харди де балама нұсқаларды таңдаушылар тізіміне еніп отыр. Қазіргі таңда актерді бу аэрозолін шығаратын электронды девайспен жиі байқайды.
Классикалық темекі шегушілер қатарынан Сэмюэль Л. Джексон да қашып кеткен көрінеді. Ол бір кездері сәнді электронды девайстармен түскен фотосуреттерін, тіпті, твиттерге де салып жүрген болатын.
ЭНТОНИ ХОПКИНС: ТЕМЕКІ ТАРТПАЙДЫ, ӨЙТКЕНІ ІШІМДІК ІШПЕЙДІ
Бүгінде сэр Филипп Энтони Хопкинс әлеуметтік желілерде өзінің билеп тұрғанымен жанкүйерлерінің көңілдерін елжіретіп жүр. Ал бұрындары Хопкинстің кинодағы кейіпкері Ганнибал Лектер сияқты оны да «дұрыс жігіт» деп ешкім айтпас еді. Актер алкогольді шамадан тыс ішіп, әрине, темекі тартатын. Хопкинс ішімдікті тастағаннан кейін никотиндік тәуелділіктен де арылуға бел буады. Бұл жаңа салауатты өмірге деген алғашқы қадам болды.
«Мен төгілетін нәрселердің бәрін ішіп жүрген кездерім болған. Қазіргі таңда ешкім ішпейді, темекі тартпайды және көмірсуларды тұтынбайды. Бір қызығы, мен кезінде маскүнем болғаным үшін қуанамын. Әрине, басқалардың зардап шеккені үшін өкінемін», – деп БАҚ актердің өмір ережелерін келтіреді.
«Оскар» сыйлығының иегері көп жылдан бері Аллен Карр кітабының нағыз насихатшысы екен. Дәл осы әйгілі тәсіл Хопкинске жағымсыз әдетінен біржолата құтылуға көмектескен еді. Темекіден бас тартуға көмектесетін осы және басқа да кітаптар біздің топтамамызда көрсетілген.
ЭШТОН КУТЧЕР: ТҮТІННІҢ ОРНЫНА ДЕМИ
Аллен Кардың «Темекі тастаудың оңай жолы» атты кітабының тағы бір тірі жақтаушысы актер Эштон Кутчер болып саналады. Шылымды шамадан тыс шеккен актер кітапты бір рет оқығаннан-ақ никотиндік тәуелділігінен арыла алды, осыған дейін Кутчер күн сайын 40 темекі тартқан екен.
Актер үшін басты ынталандырушы күш ретінде өзі шылым тартпайтын әрі темекі түтінін жек көретін бұрынғы ғашығы – Деми Мур болып шықты. «Көбелек әсері», «Бір күні Вегаста» және «Секстен де артық» фильмдерінің жұлдызы Демимен кездескеннен кейін айналадағы ауаны бүлдіруді қояды.
ШЭРОН СТОУН: НЕГІЗІНЕН – ИНСУЛЬТ
«Негізгі инстинкт» фильміндегі басты көрініс бәріміздің есімізде шығар. Стоун кейіпкері полиция учаскесінде отырып, бір аяғын екінші аяғының үстіне сексуалды түрде айқастыра салып, тыйым салынғанына қарамастан адуын әйел темекіні шеге бастайды. «Не істей аласыз? Мені сотқа бересіз бе?», – деп сұрайды ол полицейлерден.
Ер адамдар актрисаның сүйкімділігіне қарсы тұра алмайтыны хақ, алайда өз ағзасы оның сексуалды мәнеріне мән бермейді. Сондықтан Шэрон Стоун 46 жасында орын алған миға қан құйылу жағдайынан кейін өмірдің ұсынған: темекіні тарта беруді жалғастырып, қайтыс болу немесе шылымды қою секілді екі жолдың бірін таңдауға мәжбүр болады.
Америкалық ғалымдар егіздердің мәліметтер базасын талдағаннан кейін гемморагиялық инсульт, яғни, миға қан құйылудың даму қаупін үш есе арттырады деген қорытындыға келеді.
Осылайша, өмірінің жартысына жуық уақыт бойы темекі шеккен актриса «жарқын» жаққа ауысады. Қазіргі таңда ол никотиндік тәуелділігінен толық арылып, шараптың бірнеше бокалымен ғана шектеледі.
ДЖУЛИЯ РОБЕРТС: СҰЛУ ҚЫЗ ЖӘНЕ ЕКІ СЫЗЫҚ
Көп жылдар бойы актриса темекіден айырылмайтын, алайда бірнеше жыл бұрын ол жағымсыз әдетінен мүлдем бас тартқан екен. Бұл қадамды жасауға йога септігін тигізген. Шылымды тастау туралы шешімді қабылдау оңай болған жоқ. Ұзақ уақыт бойы Джулия Робертс бала сүйе алмай жүрді, оны тексерген дәрігерлер бір дауыстан денсаулығы жақсы екендігін айтады. Сонда бір ғана дәрігер Робертске тестідегі көптен күткен екі сызықты көру үшін темекі шегуді тастауға ұсыныс жасайды. Ана атануға деген ұмтылыс тәуелділіктен гөрі мықты болып шығады. Қазіргі таңда «Оскар» және «Алтын глобус» марапаттарының иегері үш баланың анасы.
Темекі тарту әйелдердің де, ер адамдардың да ұрықтылығына әсер етеді. Соңғыларында шәует жасушаларының саны азайса, ал болашақ аналарда бұл аналық жасушалардың тез жоғалуына әкеліп соқтырады. Жалпы алғанда зиянды әдеттен бас тартқандарға қарағанда, шылым шегетін адамдарда ұрықталуға байланысты түйткілдер 2 есе жиі кездеседі екен.
ГВИНЕТ ПЭЛТРОУ ЖӘНЕ ЖИЗЕЛЬ БЮНДХЕН: АРТЫҚ САЛМАҚПЕН «КҮРЕСТІ»
Актриса да, модель де көп жылдар бойы зиянды әдетпен күресуге тырысқан. Пэлтроу күніне екі қорап темекі шеге алатын, тіпті, өкпенің қатерлі ісігінен қайтыс болған әкесінің мысалы да оны тоқтата алмады. Жизель Бюндхен де никотинге тәуелді болған. Осы екі селебрити өкілдерін біріктіретін не десеңіз, екеуі де артық салмақ қосамыз деп қорыққандықтан темекіні тарта берген екен. Актриса таразыда «қосу» дегенді көрген сайын темекіге қол созатын, ал модель салмағын сол қалыпта ұстап қалу үшін шылым тартуды жалғастыра берген. Қиын жолдан өткен Гвинет Пэлтроу де, Жизель Бюндхен де бүгінде ақыры темекі түтінінен арылдым деп айта алады.
Сонымен қатар темекіден бас тарту мен артық салмақ қосудың арасындағы өзара байланыс әзірше соңына дейін зерттелген жоқ. Салмақ қосу, шынымен де болады. Алайда бұл көбінесе бұрынғы шылымқұмардың болдырмау нышанатының салдарынан пайда болатын мазасыздықты басу үшін артығымен тойып тамақ ішуіне байланысты болып отыр.
Аударған Рита Сәрсенова