Жазда жәндіктерден қалай қорғанамыз: 6 тиімді әдіс

Жазда жәндіктерден қалай қорғанамыз: таяқшалар, эфир майлары мен бордың пайдасы бар ма

Жаз маусымында жәндіктер жайсыздықтың ең жиі кездесетін себебінің біріне айналатыны белгілі – масалар ұйқы бермейді, шыбын-шіркей серуендерді құртады, ал кейде, тіпті, үйдің ішінде де күтпеген «қонақтар» пайда болады. Лайқос қорғаныстың қандай тәсілдері шынымен пайдаға асатынын, ал қайсысы тек уақытша ғана әсер беретінін анықтайды.

Базалық минимум

Негізгі қорғаныс ретінде бұрынғыдай москит торлары, үйдегі тазалық пен тері немесе киімге арналған репелленттерді қолдану болып қала бермек. Бұл әдістер ең сенімді болып есептеледі, өйткені жәндіктердің шағу санын шын мәнісінде азайтатын физикалық немесе химиялық тосқауылды қалыптастырады.

Масаға қарсы түтін таяқшалары мен спиральдар

Түтін таяқшалары мен спиральдарды көбінесе желсіз күндерде табиғат аясында немесе саяжайларда қолданады. Олар жәндіктерді үркітетін заттектерді бөліп шығарады және адамның айналасында уақытша қорғаныс аймағын құрайды. Олар толықтай қорғанысты қамтамасыз етпейді және тек шектеулі уақытқа ғана жарамды болып келеді. Оларды үй-жайлардың ішінде пайдаланудың қажеті жоқ, себебі түтін тыныс алу жолдарын тітіркендіруі және ауа сапасын нашарлатып жіберуі мүмкін.

Эфир майлары

Лаванда, цитронелла, эвкалипт пен шай ағашының эфир майлары негізінен химиялық репелленттердің табиғи балама нұсқасы ретінде қарастырылады. Олар шынымен де жәндіктерді қорқытады, дегенмен беретін әсері әлдеқайда әлсіздеу және уақыт бойынша қысқалау келеді. Мұндай құралдарды қосымша қорғаныс ретінде немесе жәндіктер белсенділігін қысқа мерзімге төмендету мақсатында қолданған абзал, мәселен, кешкі демалыс уақытында пайдаланыңыз.

Жәндіктерге қарсы бор

Бұл құрал жорғалайтын зиянкестерге, көбінесе құмырсқалар мен тарақандарға қарсы күреске арналған. Ол әртүрлі беттерге жіңішке сызық түрінде жағылады, ал құрт-құмырсқалар олардың үстінен өткенде инсектицид мөлшерлемесіне ие болады да, кейіннен бұл колонияның ішінде бірте-бірте таралады. Басты артықшылық – бор бірнеше күн немесе, тіпті, бірнеше апта бойы жұмыс істеуі мүмкін. Оларды плинтустардың бойынмен, тесіктер және жәндіктер жүретін басқа да жерлерде қолдану өте ыңғайлы. Ал кемшілігіне келер болсақ, оның әсері лезде болмайды, сонымен бірге шаң басқанда және ылғалды тазалау жасалғанда әсері төмендейді.

Масаға қарсы шам

Ол жәндіктерді ультракүлгін жарығының көмегімен тартады да, содан кейін электр разрядымен құртады немесе шамның үлгісіне байланысты, мысалы, өзінің жабысқақ бетінде ұстап тұрады. Мұндай шамдардың басты артықшылығы олардың химиясыз және қандай да бір иіссіз жұмыс істей алатынында жатыр, өйткені оларды бөлмелердің ішінде, әсіресе, түнгі уақытта қолдану өте қолайлы.

Фумигатор

Ол ауаға инсектицидті заттекті бөлетін арнайы пластина немесе сұйықтықтың қыздырылуы арқасында жұмыс істейді. Бұл заттек жәндіктерге әсер етеді және оларды үркітеді немесе бөлмедегі белсенділігін азайта отырып, құртып жібереді. Мұндағы басты артықшылық оның ұзақ уақыт жұмыс істейтінінде жатыр, оны розеткаға қоссаңыз болғаны. Алайда тым жиі қолданған кезде иіс пайда болуы мүмкін, ал химиялық заттектерге деген сезімталдығы бар адамдарға ол мүлдем жарамауы да ықтимал.

Ультрадыбыстық үркіткіш

Олар адамға естілмейтін жоғары жиіліктегі дыбыстарды таратады, әрі алғаш ойластырылғандай, жәндіктерді үркітуі тиіс. Оларды қолдану аса ыңғайлы: бар керегі розеткаға қосу немесе портативті үлгісін алу, сонымен бірге оларға химияның қажеті жоқ және иіс шығармайды. Дегенмен, шыны керек, көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, маса мен басқа да жәндіктердің ультрадыбысқа деген реакциясы онша қатты болмайды. Сондықтан мұндай құрылғыларды қорғаныстың қосымша құралы ретінде қарастырған абзал.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.