
Неліктен шылымқұмарлар көбінесе жалғыз қалады: әдет пен оқшаулану арасындағы жасырын байланыс
Көпшілігіміз темекі тарту үзілісін нағыз «әлеуметтік желім» деп санауға әбден дағдыланғанбыз. Бұл кеңсенің қалыптасқан кертартпа тәртібінен құтылудың, әріптестермен танысудың немесе компания ортасында әшейін сырлы сұхбаттасуға болатындай тамаша мүмкіндігі болып көрінеді. Алайда өзгелермен жақындаудың тәсілі ретінде ойластырылған бұл әдет, шын мәнісінде, бізді олардан бірте-бірте алшақтатып жіберсе ше?
Заманауи зерттеулер мүлдем күтпеген және көңіл көншітпейтін заңдылықты көрсетіп отыр: ұзақ мерзімді болашақта темекі тартпайтын адамдармен салыстырғанда шылымқұмарлар жалғыздыққа әлдеқайда жиірек тап болады екен. Лайқос неліктен осылай болатыны мен тұйық шеңберді үзуге бола ма екендігін анықтады.
Сандар не дейді?
Imperial College London және University College London ғалымдарының тобы ауқымды зерттеуді өткізген еді. Олар 50 жастан асқан 8 780 ағылшынның өміріне талдау жасап, 12 жыл бойы олардың әдеттері мен әлеуметтік байланыстарын бақылаған.
Зерттеу нәтижесі өте көрнекі болып шықты. Зерттеудің басында-ақ шылымқұмарлар негізінен жалғыз тұратын, жақын достары айтарлықтай аздау болған және қоғамдық өмірге әлдеқайда сирек араласатын екен. Жылдар өте келе жағдай тек қана нашарлай түскен еді: әлеуметтік орта тарыла берген, ал оқшаулану сезімі тек күшейген. Айта кетсек, тіпті, табыс және жас шамасы тұрғысынан бірдей деңгей болғанның өзінде шылымқұмарлар темекі тарпайтын адамдарға қарағанда өздерін жалғыз сезінетін.
Себебі неде? Әлеуметтік қашықтықтың 4 факторы
Зерттеушілер темекі өздігінен адамдарды өмірден сызып тастайды дегенді растап отырған жоқ, дегенмен олар адам мен қоғам арасындағы тосқауылды бірте-бірте қалыптастыратын бірнеше механизмді бөліп көрсетеді:
- Физикалық тосқауыл. Темекі тарту азғаны қалжыратады: ентігу мен жылдам шаршап қалу ұзақ серуендерді, белсенді демалысты немесе күтпеген жерден пайда болатын шытырман оқиғаларды әлдеқайда тартымсыз етеді. Қуатқа толы достардың ортасында жайсыздықты сезінуден гөрі үйде қала салған әлдеқайда жеңіл.
- Эмоциялық жүктеме. Зерттеулер шылым тартуды мазасыздық пен депрессивті жай-күйлер қаупінің жоғарылауымен байланыстырады. Енжарлық пен нашар көңіл-күй — өзгелермен араласудағы нашар одақтас екендігі сөзсіз. Кей кездері адамның өзі де рухани күштің жетіспеушілігінен басқалармен араласудан қашқалақтай бастайды.
- Әлеуметтік нормалардың өзгеруі. Әлем өзгеріп келеді: темекі тарту барған сайын қоғамдық орындарда анағұрлым қолайсыз жайтқа айналып барады. Үнемі сыртқа шығу, темекі тарту үшін арнайы орын іздеу немесе темекі түтіні үшін үнемі кешірім сұрау көзге көрінбейтін қабырғаны қалыптастырады. Сіз ұдайы бір «осындамын, бірақ нақты емес» деген шекте тұрған сияқтысыз.
- Қарым-қатынас шеңберінің тарылуы. Шылымқұмарлар көбінесе қызығушылықтарға байланысты топтасады. Егер компаниядағы біреу темекі тартуды тастаса, өмір салтын өзгертсе немесе денсаулыққа байланысты түйткілдерге тап болып жатса, үйреншікті «шылым шегетін орта» біртіндеп ыдырай кетеді.
Тұйық шеңбер: одан шығудың жолы қандай?
Зерттеу авторлары шырғалаң шеңбердің бар екендігін болжап отыр: жалғыздық темекі тартуға итермелейді (күйзеліске төтеп берудің тәсілі ретінде), ал темекі тарту, өз кезегінде, оқшаулануды күшейте түседі. Темекі шегуден біржолата бас тарту – денсаулық үшін қауіптерді азайтудың ең тиімді әдістердің бірі. Алайда адам әзірге темекі шегуден толықтай бас тартуға дайын болмаса, онда қарапайым темекіден түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысуды байқап көруге болады. Мәселен, хиттерлер темекіні мүлдем жақпайды, тек қана қыздырады. Жану үдерісінің жоқтығы арқасында темекі түтіні түзілмейді, сонымен бірге шайыр, тұншықтырғыш газ және темекінің жануы кезінде пайда болатын басқа да көптеген уытты заттектердің түзілуі айтарлықтай азаяды.
Оның үстіне бұл жерде денсаулыққа деген зиянның төмендеуінен бөлек, әлеуметтік жайлылыққа да қосымша артықшылық үстемеленеді: көзді ашытатын темекі түтінінің жоқтығы компанияда қала беруге, айналадағыларға жайсыздықты тудырмау мен өзін үнемі сыртқа шыға беруге мәжбүр аластатылған біреу ретінде сезінбеуге мүмкіндік береді.
Тағы да не істеуге болады:
- Денсаулығыңызды күтіңіз. Физикалық белсенділіктің, тіпті, кішігірім артуы өзіңізді компания ортасында әлдеқайда сенімді сезінуге және шаршағандық салдарынан кездесулерден қашпауға көмектеседі.
- Араласудың жаңа форматтарын іздеңіз. Темекі тартуға байланысты емес кездесулерге бастамашылық жасауды байқап көріңіз: кофе ішу, саябақта серуендеу немесе киноға бару. Бұл назарды жаман әдеттен жанды әрекеттестікке ауыстыруға көмектеседі.
Қорытынды
Темекі тарту – бұл тек физикалық әдет қана емес, сонымен бірге бұл әлеуметтік тосқауыл. Британдық ғалымдардың зерттеуі растап отырғандай, адам темекіге қатысты қарым-қатынасын қайта қарастыруға неғұрым ертерек шешім қабылдаса, белсенді әлеуметтік өмірін сақтап қалу мен болашақта оқшауланудан аулақ болу мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болмақ. Сіздің денсаулығыңыз бен қарым-қатынастарыңыз – бұл ұзақ мерзімді болашақта есесі қайтатын инвестиция.