Темекі тартудың баламалары: денсаулыққа зиянды төмендетудің жолы | Тәсілдерге шолу

Шылымқұмарға арналған баламалар: әдеттен бас тартпай-ақ зиянды азайтудың жолы

Темекі тарту, денсаулыққа қауіпті деген жалпыға белгілі мәлімет екендігіне қарамастан, күллі әлем бойынша миллиондаған адам үшін күнделікті өмірдің бір бөлігі болып қалып береді. Жыл сайын дәстүрлі темекі 8 млн адамның өмірін жалмайды екен, ал оған байланысты медициналық шығындар әлем бойынша $1 трлн жетіп отыр. Алайда қазіргі заманғы ғылым «зиянды азайту» тұжырымдамасы аясында өз шешімін ұсынады: егер адам никотиннен біржолата бас тартуға дайын болмаса, ол никотинді жеткізетін зияны айтарлықтай азырақ тәсілдерге ауыса алады.

Басты дұшпан — бұл түтін

Темекінің негізгі қаупі никотиннің өзінде емес, жану үдерісінде жатыр. Темекі түтінінің құрамында 7000 химиялық қосылыс кездеседі, олардың, кем дегенде, 70-і белгілі канцероген болып келеді. Өкпенің қатерлі ісігінен болатын өлім-жітімнің 90% және өкпенің созылмалы обструктивті ауруынан (ӨСОА) болатын өлімнің 80% дәл осы жану өнімдері тудырады. Корольдік дәрігерлер коллегиясының ғалымдары көрсетіп отырғандай, шылымқұмарлар никотинді түтінсіз алатын болса, темекі шегуден болатын зиянның басым бөлігіне жол бермеуге болар еді.

Қауіпсіз балама ретіндегі никотин паучтері

Ең жылдам өсіп келе жатқан балама нұсқалардың біріне никотин паучтері айналып отыр, бұл — еріннің астына салынатын кішкентай ақ пакеттер. Бұл жерде темекі жапырағы мүлдем жоқ, ал никотин синтетикалық, сол секілді өсімдіктерден бөліп алынған да болуы мүмкін.

Жақында американдық Азық-түлік және дәрі-дәрмектердің сапасын санитарлық бақылау басқармасы (FDA) никотин паучтерінің бірнеше брендін мақұлдаған, осылайша олардың қауіптілігі төмен деп расталған еді. Зерттеулер көрсеткендей, мұндай өнімдердің құрамындағы зиянды заттектер мөлшері темекімен салыстырғанда әлдеқайда төмен, ал көптеген канцерогендер мүлдем анықталмайды екен. Шылымқұмарлардың паучтерге толықтай ауысуы токсиндердің әсерін темекіден біржолата бас тартуға жақын деңгейге дерлік төмендетуге мүмкіндік беріп отыр.

Темекіні қыздыру жүйелері /хиттерлер

Тағы да бір кеңінен таралған өнертабыс — темекіні қыздыруға арналған жүйелер, хиттерлер. Шылыммен салыстырғанда олар темекіні жақпайды, тек никотин аэрозолінің бөлінуіне жеткілікті болатындай температураға дейін ғана қыздырады. ДДСҰ сақтық танытуға шақырып, аэрозольдердің құрамында уытты заттектердің бар екендігін көрсетіп отырғанымен, ұйым мұндағы кейбір зиянды құрамдастардың деңгейі қарапайым темекінің түтінімен салыстырғанда анағұрлым төмен екендігін мойындайды.

Әлемдік тәжірибе: Швецияның мысалы

Түтін шығармайтын балама нұсқаларға ауысудың тиімділігі тұтас елдер деңгейінде расталып отыр. Ересек адамдар паучтер мен басқа да жанбайтын өнімдерді белсенді түрде қолданып жүрген Швеция елінде күнделікті темекі тарту деңгейі Еуропадағы ең төмен көрсеткіштердің біріне айналған. Осыған ұқсас жолды Жаңа Зеландия да таңдап отыр, мұнда темекі эпидемиясына қарсы күрестің құралы ретінде қаупі әлдеқайда төменірек балама нұсқалар қарастырылып келеді.

Маңызды ескерту

Ғалымдар темекі түтініне қарағанда балама өнімдердің зияны азырақ деп мойындағанымен, олар мүлдем қауіпсіз болып есептелмейді. Никотин қатты әуестенуді тудырады, сондықтан аталмыш гаджеттердің кез келгені тек қана жасы кәмелетке толған, сондай-ақ әдетін алмастыруды көздейтін шылымқұмарларға арналады, әрі темекі шекпейтін адамдар немесе жасөспірімдер тарапынан қолданылмауы тиіс.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.