
Темекі обыр қаупін қалай арттырады
Нақты гендердің зақымдалуы қатерлі ісік дамуының басты себептерінің бірі болып есептеледі. Лайқос әрбір шегілген темекіден кейін ағзаға не болатынын анықтады.
Темекі ДНҚ-ны қалай өзгертеді?
Жалпы темекі түтінінің құрамында мыңдаған химиялық заттектер бар, әрі олардың арасындағы ондаған түрі канцероген деп танылып отыр. Ең қауіптілері ретінде көпоралымды хош иісті көмірсутектер мен нитрозаминдер болып саналады. Олар адам ағзасына түскен кезде ДНҚ жасушаларымен әрекеттеседі және ДНҚ-аддукт деп аталатын – генетикалық материалдың қалыпты құрылымын бұзатын қосылыстарды түзеді. Егер мұндай зақымдар дер кезінде жойылмаса, жасушалар бөлінгенде мутациялар пайда болуы мүмкін.
Осындай өзгерістердің басым бөлігін ағза ДНҚ-ның қалпына келу жүйесінің арқасында өз бетімен түзете алады. Алайда зақымдардың бір бөлігі сақталып, уақыт өте келе жинақталады.
Бұл несімен қауіпті?
Жасушадағы ақаудың әрбірі ауруға әкеліп соқтырмайтыны рас. Дегенмен жасушалардың бөлінуін басқаратын немесе тәртіпті бақылайтын бөлімдер зақымдалса, жағдай өзгере түседі. Мұндай қателер неғұрлым көп жиналса, жасушаның бұрыс өзгере бастауы мен ісіктің пайда болу ықтималдығы да соғұрлым жоғары болады.
Темекі тарту қанша мутацияны тудырады?
Ғалымдар санағандай, шамамен әрбір шегілген 50 темекіге шаққанда өкпеде бір артық ақау орын алады.
Егер адам күніне бір қорап темекіні (20 дана) шегетін болса, бір жылда өкпенің әрбір жасушасында осындай мутациялардың 150 жуығы жинақталуы мүмкін. Бұл тұста өкпе ғана зардап шекпейді: жыл сайын зақымдар көмекейдің, қуық пен бауырдың жасушаларында да пайда болады. Әлбетте, барлығы да денсаулық пен өтілге байланысты болып келеді, алайда сандар бәрін де айтып тұр.
Неліктен уақыт өткен сайын тәуекел тек арта түседі?
ДНҚ-дағы қателер ізсіз кетпейді, олар жылдар бойы жинақталады.
Зерттеу авторларының бірі, ғалым Людмил Александров мұны нағыз рулеткамен салыстырып отыр. Әрбір жаңа темекі – бұл сізді қатерлі ісіктен қорғайтын дәл сол генге «дөп тию» мүмкіндігін арттыратын тағы бір қадам.
Бәрін түзетуге бола ма?
Иә. Темекі шегуден бас тартқаннан кейін адам ағзасы бірте‑бірте канцерогендердің тұрақты ықпалынан арылады, ал көптеген аурулар қаупі азая түседі. Пайда болған мутациялар ешқайда жойылмағанымен, шылым шегуді тастау жаңа зақымдардың туындау ықтималдығын айтарлықтай кемітуге мүмкіндік береді және ағзаға жасушаларды қалпына келтіруді әлдеқайда тиімдірек жүргізуге септігін тигізеді.
Шылым шегуден біржолата бас тарту денсаулық үшін ең жақсы шешім болып қала бермек. Егер әзірге темекіден құтылу қолыңыздан келмесе, зиянды төмендету ісіндегі қазіргі заманғы әдіс-тәсілдер түтін шығармайтын балама нұсқаларға, мысалы, хиттерлерге ауысу мүмкіндігін қарастырады. Қарапайым шылыммен салыстырғанда олар темекіні жақпайды, сондықтан оларды пайдаланған кезде темекі түтіні түзілмейді, ал бұл – көптеген уытты жану өнімдерінің негізгі көзі. Нәтижесінде темекі түтініне қарағанда көптеген зиянды және ықтимал залалды заттектердің деңгейі әжептәуір төмен болып келеді.