Контраст па, әлде салқын себезгі ме: шынығу үшін нені таңдаған дұрыс және қалай бастау керек – Лайқос

Шынығу: контраст себезгі vs салқын себезгі – ағза үшін қайсысы пайдалырақ

Жылдар бойы шынығу денсаулықты нығайтудың ең қарапайым және қолжетімді тәсілдерінің бірі болып қалып отыр. Біреулер жұмсақ контраст себезгі қабылдауды таңдаса, басқалары бірден мұздай су құюға көшеді. Бұл нұсқалардың қайсысы тиімдірек әрі қауіпсіз? Лайқос су процедураларының тамырларға қалай әсер ететінін, олар иммунитетке көмектесе ме, әлде жоқ па және жаңадан бастаған адамға неге назар аударған жөн екендігін анықтады.

Шынығу ағзаға қалай әсер етеді

Суық әсер еткенде тамырлар тарылады, ал содан кейін қайтадан кеңейеді. Осындай табиғи жаттығу қантамырлар жүйесін сыртқы жағдайға тезірек бейімделуге үйретеді, жылуды реттеуді жақсартады және суықты әлдеқайда жеңілірек көтеруге көмектеседі.

Сондай-ақ тұрақты процедуралар:

  • жалпы жай-күйді жақсартады;
  • сергектік пен қуат деңгейін арттырады;
  • күйзеліске тиімдірек қарсы тұруға көмектеседі.

Шынығу иммунитетті нығайтатыны рас па?

Барлық вирустар мен бактериялардан шынығу ғана көмектеспейтіні хақ. Дегенмен зерттеулер көртсетіп отырғандай, шыныққан адамдар тұмаумен сирек ауырады, маусымдық жұқпаларды әлдеқайда жеңіл көтереді және айтарлықтай жылдам қалпына келеді. Мұндай әсер ағзаны суыққа деген бейімділігі мен жылуды реттеудің тұрақты жұмыс механизмдерінің арқасында қолжетімді болуы мүмкін.

Контраст па, әлде салқын себезгі ме: нені таңдаймыз?

Контраст себезгі – әлдеқайда жұмсақ және аялауыш нұсқа. Жылы және салқын суды кезектестіру тамырларды ұқыпты түрде жаттықтырады және баршаға дерлік жарамды болып келеді. Дәрігерлер шынығуға деген жолды дәл осыдан бастауға кеңес береді.

Салқын себезгі – адам ағзасы үшін елеулі соққы. Кенет пайда болған суық су тамырларды тарылтады, жүйке жүйесін белсендіре түседі және адреналиннің бөлінуін тудырады. Бұл мықты сергектік зарядын береді, дегенмен дайындықсыз адамға күшті күйзеліске айналуы әбден мүмкін. Суық сумен таныстықты мұндай процедуралардан бастамаған абзал.

Дұрыс шынығып бастаудың жолы қандай?

Басты ереже – біртінеп бастау. Бірінші күні-ақ кенет мұздай су құю турасында ұмытыңыз. Температураны бірнеше апта бойына бірсарынды төмендетіп отырыңыз:

  • Үйреншікті жылы себезгіден бастаңыз.
  • Соңында небәрі 15-30 секундқа ғана салқын суды қосыңыз.
  • Салқын кезеңнің ұзақтығын біртіндеп ұлғайтыңыз.

Маңызды: Экстримнен гөрі тұрақтылық әлдеқайда маңызды. Күн сайынғы бірқалыпты контраст себезгі айына бір рет жасалатын мұзды су құюға қарағанда айтарлықтай көп пайда тигізері сөзсіз.

Шынығу кезінде жиі кездесетін қателіктер

Нені жасамаған абзал:

  • ауру немесе әлсіздікті сезінген кезде шынығу;
  • дайындықсыз мұздай суға ауысу;
  • процедурадан кейін тоңу –өзіңізді міндетті түрде сүлгімен ысқылап, әрі құрғақ, жылы киімді киіп алыңыз.

Кімдерге шынығу қарсы көрсетілген?

Келесі жайттар бар болса, процедуралардан бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз:

  • бақыланбайтын күретамыр гипертониясы;
  • жүрек-қан тамырларының ауыр патологиясы немесе ырғақтың бұзылуы;
  • жіті жұқпа немесе жоғары темература;
  • асқыну кезеңіндегі созылмалы аурулар.

Егер себезгі қабылдаған кезде сіз қатты жайсыздықты, бас айналу немесе кеуде тұсындағы ауырсынуды сезінсеңіз, процедураны дереу тоқтатқаныңыз жөн.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.