
Бүйрекке тас байлану: ол неліктен пайда болады
Несеп-тас ауруы – бұл несеп шығару жүйесінің ең кеңінен таралған ауруларының бірі. Бұл ретте тастар жылдар бойы өзін мүлдем танытпауы бек мүмкін, ал кейде кішігірім тас түйіршігі кенет қатты ауырсыну сезімін тудары алады. Олар неліктен пайда болады, қай уақытта өздігінен шығуы мүмкін және түйткіл қайтып оралса, не істеу керек? Лайқос дәрігер уролог-андролог, ультрадыбыстық диагностика маманы Бибігүл Исмағұловамен әңгімелесті.
Несеп-тас ауруы дегеніміз не?
Несеп-тас ауруы (НТА) – бүйректе немесе зәр шығару жүйесінің басқа мүшелерінде тұз кристалдары мен несептің құрамындағы басқа да заттардан тұратын тығыз құрылымдар қалыптасқанда болатын жай-күй. Әлем бойынша несеп-тас ауруының таралуы шамамен 5-15% құрап отыр. 2021 жылы 106 млн-ға жуық жаңа жағдай тіркелген еді, оның үштен екі бөлігінен астамы ер адамдарға тиесілі жайттар. Көбінесе бұл ауру 20 мен 50 жас аралығындағы адамдарда анықталады.
Тастар неге түзіледі?
Несептің құрамында органикалық және бейорганикалық қосылыстар, соның ішінде әртүрлі тұздар көптеп кездеседі. Қалыпты жағдайда олар еріген күйде болады және ағзадан табиғи жолмен шығарылады. Алайда белгілі бір жағдайларда кейбір компоненттердің концентрациясы артып, олар кристалдана бастайды да, бірте-бірте тасқа айналады.
Зәрдің ағып шығуының бұзылуы, бүйрек өзекшелерінің жұмысының нашарлауы және несеп шығару жүйесінің анатомиялық ерекшеліктері де тас түзілуіне әсер етеді. Егер несеп іркіліп қалса, кристалдардың өсуіне мінсіз жағдай туындайды.
Қауіп тобына кімдер кіреді?
Тас түзілу ықтималдығы келесі адамдарда жоғары:
- зат алмасуы бұзылған;
- қант диабеті мен эндокриндік жүйенің ауруларына шалдыққан;
- асқазан-ішек жолының дерттері бар;
- қышқылды-сілтілік тепе-теңдігі бұзылған;
- бүйректің қабынба аурулары бар;
- несеп шығару жүйесінің туа біткен ерекшеліктері бар.
Қосымша факторлар арасында:
- Ыстық климат пен сұйықтықты жеткіліксіз мөлшерде тұтыну (сусыздану).
- Су ішу мен тамақтану тәртібінің ерекшеліктері.
- Ұзақ уақыт төсек тарту, жарақаттар мен сынықтар.
- Әйелдерде – жүктілік кезіндегі гормондық өзгерістер.
- Ер адамдарда – несептің шығуын бұзатын қуықасты безінің созылмалы ауруы.
Несеп-тас ауруы тұқым қуалай ма?
НТА тікелей тұқым қуаламайды. Алайда тастардың пайда болуына бейімділік, мәселен, зат алмасу ерекшеліктері генетикалық тұрғыдан беріледі. Сондықтан жақын туыстарда бүйрек тасының бар болуы қауіп факторын арттыра түседі.
Бүйректе тас бар екенін қалай білуге болады?
Өзіне тән басты белгі – ауырсыну. Ол білінер-білінбес, мазасыздантыратын немесе адам өзін қоярға жер таппайтындай соншалықты қарқынды болуы мүмкін. Әсіресе, кішкентай тастың бүйректен несепағарға қарай қозғалып, зәрдің шығуын бөгейтін сәті аса ауыр сезіледі. Мұндай жай-күйді бүйректің шаншып ауруы деп атайды.
Ұстаманың шарықтау шегінде жүрек айнуы мен құсу қосылуы ықтимал. Егер қозғалыс кезінде тас тіндерді зақымдаса, несепте қан пайда болады. Тас түйіршігі қуыққа түскенде зәр шығару жиілейді және ауырлайды.
Дене қызуының көтерілуі инфекцияның қосылуын білдіреді және шұғыл түрде медициналық көмекті қажет етеді.
Қатты ауырсыну әркез бола бермейді. Ірі мүйіз тастар немесе маржан тәрізді тастар ұзақ уақыт бойы ешбір белгі бермей дамуы және УДЗ барысында кездейсоқ анықталуы мүмкін. Кейде емделуші тек бел аймағындағы жеңіл жайсыздықты ғана сезінеді. Ем алмаған жағдайда бүйректің қатты зақымдалу қаупі бар, ал зәр шығуының толық тоқтауы (әсіресе, екі жақтан) шұғыл жағдай болып есептеледі.
Тас өздігінен шығуы мүмкін бе?
Иә, кішігірім тас түйіршіктер табиғи жолмен шығатыны жиі кездеседі. Бәрі де олардың мөлшері мен орналасуына байланысты болып келеді. Кей кездері олар дәрігерге барғанға дейін де шығуы мүмкін, ал басқа жағдайларда маман белгілерді алып тастайтын және тастың шығуын жеңілдететін емді тағайындайды.
Дегенмен тастың өздігінен шығуына үміттену өте қауіпті. Егер ол тұрып қалса, әрі несептің шығуын бұғаттаса, хирургиялық араласу қажет болуы ықтимал.
Тасты алып тастау НТА дертінен толықтай айығуды білдірмейді. Егер бастапқы себептері сақталса, уақыт өте келе жаңа тас түйіршіктерінің қалыптасуы әбден мүмкін. Қайталану жағдаяттарының алдын алу мақсатында дәрігер арнайы дәрілік емді таңдап береді.
Тастардың қайта түзілуіне жол бермеуге бола ма?
Алдын алудың басты ережесі – гидраттанудың қалыпты деңгейін сақтап отыру. Орташа есеппен алғанда күніне шамамен 1,5-2 литр сұйықтық ішу ұсынылады, алайда нақты мөлшер жеке түрде таңдалады, әрі климатқа, белсенділікке және денсаулыққа байланысты болады.
Сонымен бірге тұрақты физикалық жүктеме, дұрыс ұйқы мен алынған тастың химиялық құрамын ескере отырып түзетілген тамақтану тәртібі аса маңызды. Дәл осы құрамды талдау аурудың себебін түсінуге және тиімді түрде алдын алуға көмектеседі.
Сусындар мен жаман әдеттер НТА қаупіне әсер ете ме?
Тәтті сусындарды тұтыну тастардың түзілуіне бейім келетін адамдарға шынымен де қарсы көрсетілген. Әсіресе, бұл құрамында қант пен фруктоза мөлшері көптеп кездесетін сусындарға қатысты. Бұдан бөлек кейбір газдалған сусындардың құрамында фосфор қышқылы болады. Сондықтан кәдімгі су, әсіресе, ыстық күндерде және физикалық жүктеме кезінде ас үлесінің негізгі сусыны болып қала беруі тиіс.
Алкоголь сусыздануға әкеліп соқтыруы ықтимал, өйткені бұл сұйықтықты жоғалтуды арттырады. Су ағзаға жеткіліксіз мөлшерде түскенде бұл несептің құрамындағы кейбір заттектер концентрациясының жоғарылауына апарады мен кристалдардың түзілуі үшін жағдай туғызады. Сондықтан осыған дейін несеп-тас ауруына шалдыққан немесе бүйрегінде тасы бар адамдар сусызданудан ерекше сақ болғаны және ішімдіктерді тұтынуды шектегені абзал.
Темекі тарту қанайналым мен бүйректің қызметіне теріс ықпалын тигізеді және несеп-тас ауруының даму қаупі үшін қосымша фактор боулы мүмкін. Шылым шегетін адамдарда тастардың түзілу тәуекелі шамамен 30% жоғары болып келеді.
Сонымен бірге шылымқұмарларда несеп құрамының өзгерістері байқалуы ықтимал, соның ішінде кальций мен тастардың кейбір түрлерінің түзілуіне қатысатын оскалаттар концентрациясы арта түседі. Сол себепті темекі шегуден біржолата бас тарту бүйректің денсаулығын сақтау мен созылмалы аурулардың жалпы қаупін азайтудың ең жақсы шешімі болып қала бермек.
Егер әзірге темекіден толықтай бас тарту жоспарыңызға кірмесе, хиттерлерге ауысуды қарастырып көруге болады. Шылымға қарағанда олар темекіні жақпайды және темекі түтінін түзбейді, сондықтан темекі түтінімен салыстырғанда көптеген зиянды заттектердің деңгейі әлдеқайда азырақ болып келеді, әрі бұл бүйректің созылмалы қабыну мен қызметінің бұзылу қаупін айтарлықтай төмендетеді.
Емдемеген жағдайда тастар несімен қауіпті?
Тас түйіршіктерінің ұзақ уақыт бойы болуы зәрдің шығуын бұзады және пиелонефрит пен циститке әкеле отырып, созылмалы қабынуды сақтайды. Уақыт өте келе ұсақ тастар ұлғая түседі де, маржан тәрізді түзілімдерге айналады және бүйрек қуысын толықтай алып жатады. Ең ауыр асқыну түрлерінің бірі – бүйрек жеткіліксіздігі, бұл ретте бүйрек өзінің қан тазарту қабілетінен айырылады.