
Темекі түтіні ағзадағы дәрумендерге қалай әсер етеді
Адамдардың көбі темекі, ең алдымен, өкпеге әсер етеді деп ойлайды. Алайда шылым шегу мен дәрумендер арасындағы байланыс әлдеқайда кең: темекі тарту ағзадағы бірқатар дәрумендер мен антиоксиданттардың, атап айтқанда, С дәрумені мен кейбір микроэлементтердің концентрациясын азайтуы әбден мүмкін. Лайқос темекі түтінінің дәрумендерге нақты қалай әсер ететінін және бұл шығынның орнын толтыруға бола ма екендігін анықтады.
С дәрумені белсендірек жұмсалады
Жалпы С дәрумені – ағзадағы басты антиоксиданттардың бірі. Ол жасушаларды зақымданудан қорғауға көмектеседі және тіндердің қалпына келуіне атсалысады. Темекі түтіні тотығу күйзелісін күшейтеді, бұл үдеріс барысында ағзада бос радикалдар көбірек түзіледі. Оларға төтеп беру үшін ағза антиоксиданттарды, соның ішінде С дәруменін белсендірек жұмсайды. Сол себепті шылымқұмарлардың қанындағы аталмыш дәруменнің деңгейі темекі шекпейтіндерге қарағанда орташа есеппен төмен болып келеді.
АҚШ-тың Ұлттық денсаулық сақтау институтының (NIH) мәліметтері бойынша темекі тартатын және темекі түтінінің әсеріне үнемі тап болатын адамдар темекі шекпейтіндерге қарағанда С дәруменін күніне 35 мг көбірек қажет етеді.
Каротиноидтар да зардап шегеді
Шылымқұмарларда кейбір каротиноидтардың – альфа-каротин, бета-каротин, бета-криптоксантин, лютеин және зеаксантиннің деңгейі де төмен болуы бек мүмкін. Бұл заттектер антиоксиданттық қасиетке ие және жасушаларды бос радикалдардан қорғайды. Адам ағзасы каротиноидтардың бір бөлігін көру, иммунитет, тері мен шырышты қабықтардың денсаулығы, сонымен бірге тіндердің өсуі мен қалпына келуіне маңызды А дәруменін түзу үшін де пайдаланады.
E дәруменіне не болады?
Е дәрумені – жасуша жарғақтарын бос радикалдармен зақымданудан қорғайтын маңызды антиоксидант. Бір зерттеуде ғалымдар темекі тартатын және тартпайтын адамдарды салыстырып, олардың тамақтануын және басқа да факторларды барынша бақылаған. Шылымқұмарларда Е дәрумені шамамен 13% жылдамырақ жұмсалатыны анықталған екен.
Бір қызығы, қан талдауында Е дәруменінің деңгейі айтарлықтай өзгермеуі мүмкін еді. Ғалымдар ағзаның қандағы дәрумен концентрациясын тіндердегі қорлар арқылы сақтайтынын алға тартады. Осының салдарынан дәл осы тіндер, соның ішінде өкпе, Е дәруменін және оның қорғаныс қасиеттерін тезірек жоғалтуы ықтимал.
B тобындағы дәрумендер
Темекі тарту кейбір В тобының дәрумендеріне – атап айтқанда, В6, В12 және фолий қышқылының (В9) алмасуына да әсер етеді. Зерттеулер темекі тартатын адамдарда көбінесе фолат пен В тобының басқа да дәрумендерінің төмен деңгейін жиі көрсетеді. Бұл тұста әсіресе фолий қышқылы маңызды: ол жасушалардың бөлінуіне және ДНҚ түзілуіне қатысады. В6 дәрумені жүйке жүйесінің жұмысы мен ақуыздың алмасуы үшін, ал В12 дәрумені қан түзілу мен жүйке жасушаларының қалыпты жұмысы үшін қажет.
Мұны дәрумендермен толықтыруға бола ма?
Дәрумендерді қосымша қабылдау темекі түтіні мен оған байланысты улы заттектердің әсерін жоймайды. Бұл «темекіні С дәруменімен толтыру» жайында емес, бұл көкөністер, жемістер және басқа да дәрумендер көзі бар толыққанды тамақтану турасында болып отыр. Ағзаның антиоксиданттық қорғанысына түсетін салмақты азайтудың ең тиімді жолы – темекі шегуден біржолата бас тарту. Бұл тек шылымқұмардың өзіне ғана қатысты емес: зерттеулер көрсетіп отырғандай, тұрақты түрде пассивті темекі тарту да ағзадағы С дәруменінің деңгейін төмендете алады.
Егер сіз әзірге темекі шегуден толықтай бас тартуға дайын болмасаңыз, инновациялық балама нұсқалар – хиттерлерді қарастыруға болады. Темекімен салыстырғанда мұнда темекінің жану үдерісі болмайды, сондықтан құрамында 7000 астам химиялық заттек пен 70 канцероген бар темекі түтіні түзілмейді, әрі бұл зиянды азайтуға мүмкіндік береді.