
Түтінсіз баламалар темекі шегуден арылуға көмектесе ме: зерттеулерге шолу нені көрсетті
Темекі шегуді тастау кей кездері оңайға соқпайтыны рас. Никотин тәуелділікті тудырады, сондықтан кейде ерік-жігердің ғана өзі жеткіліксіз болады. Ғалымдар адамға темекіден бас тартуға көмектесетін әдіс-тәсілдерді іздестіруді жалғастырып келеді. Жаңа шолуда халықаралық ғалымдар тобы темекі тартудан құтылудың әртүрлі әдістерін салыстырды және қайсысы тиімдірек екендігін анықтады. Лайқос айтып береді.
Темекіден құтылудың ең тиімді тәсілдері қандай болып шықты
Никотинді алмастыратын терапияны – мысалы, жабыстырғыш, сағыз немесе кәмпит секілді құралдарды таңдаған адамдарға қарағанда түтін шығармайтын балама нұсқаларды пайдаланғандар әдеттегі темекіден 60%-ға жиірек бас тарта алған.
Неліктен түтінсіз баламалар темекіден арылуға жиірек көмектеседі
Никотинді электронды темекі де никотинсіз құрылғылардан және мінез-құлық терапиясының кейбір нұсқаларынан да тиімдірек болып шықты. Неге осылай болып жатады? Түтін шығармайтын балама нұсқалар, яғни, хиттерлер, бір мезгілде никотинді береді және үйреншікті қозғалыстарды – мәселен, ішке тарту үдерісінің өзін сақтайды. Бұл ретте адам бірте-бірте нақ осы кәдімгі темекіден бас тартады.
Никотин паучтері мен снюс темекіні тастауға көмектесе ме?
Әзірге олардың темекі шегуді тастауға көмектесетіні жайында жеткілікті дәлелдердің жоқтың қасы. Снюсты зерттеу нәтижелері қарама-қайшы, ал паучтер бойынша әзірге шағын жұмыстар ғана бар. Паучтер шынымен де құмарлықты және шегілетін темекі санын азайтуға септесе алады. Дегенмен олардың никотинді алмастыру терапиясы немесе кейбір дәрі-дәрмектер секілді тексерілген әдістерден гөрі темекі тартудан құтылуға көмектесетіні туралы сенімді деректер әзірге жоқ.
Қыздырылатын темекіге жүргізілген зерттеу нені көрсетті?
Зерттеулердің бірінде 211 шылымқұмар 12 апта бойы қыздырылатын темекі (хиттерлер) немесе қайта қолданылатын электронды темекіні қолданған. Барлық қатысушыларға темекі шегуден бас тартуда қолдау көрсетілген.
Зерттеу соңында қыздырылатын темекіні қолданған қатысушылардың 39,1% және электронды темекіні пайдаланған қатысушылардың 30,8% 4-ші аптадан 12-ші аптаға дейінгі аралықта кәдімгі темекіден үздіксіз бас тартып отырған. Екі өнімге ауысқаннан кейін физикалық жүктемелерге деген төзімділіктің айтарлықтай жақсарғаны байқалды. Авторлар қыздырылатын темекі шылымқұмарларға зиянды азайтудың бір нұсқасы болуы мүмкін және темекіден арылуға ықпал етуі ықтимал деп болжам жасады.
Зиянды азайту мен темекіден толықтай бас тарту: нәтижесі қандай
Зерттеулерде хиттерлер никотин алмастыратын терапияға қарағанда темекі шегуді тастауға көбірек көмектескен. Дегенмен темекі шекпейтін адамға бұл жайт оларды қолдана бастаудың себебі емес.
Егер адам әзірге темекіден біржолата бас тартуға дайын болмаса, зиянды азайту тәсілдердің біріне айналуы мүмкін. Хиттерлерде темекі жанбайды, тек қыздырылады, сол себептен шылымның жануы барысында пайда болатын түтін түзілмейді. Нәтижесінде зиянды заттектердің мөлшері дәстүрлі темекімен салыстырғанда 95% дейін төмендеуі мүмкін.
Темекіні қыздыру тәсіліне ауысу да кейбір шылымқұмарлар үшін шылымнан толықтай бас тартудың аралық қадамы болуы ықтимал. Никотин ағзаға түсуін жалғастырады, сондықтан алғашқы уақытта аса қатты құмарлық пен болдырмау нышанатының белгілеріне жол бермеуге болады. Бұл ретте денсаулық үшін түпкі мақсат – темекіден біржолата бас тарту.