Темекіні тастау жолындағы жалбыз ингаляторы: ол көмектесе ме?

Темекіні тастау жолындағы жалбыз ингаляторы: ол көмектесе ме?

Темекі шегуді тастау тек никотинге тәуелділіктен ғана емес, сонымен бірге әдеттен де арылу деген сөз: темекіні шығару, оны ауызға апару, ішке тарту. Кейде шешім қабылданғанның өзінде де ең қиыны — дәл осы бір рәсім. Бұл тұста жалбыз ингаляторы көмектесе алады. Жуырда бұл өнім Қазақстан нарығында пайда болған. Алайда ол шынымен де жұмыс істей ме, әрі одан қандай әсер күтуге болады? Лайқос бүге-шігесіне дейін анықтады.

Жалбыз ингаляторының құрамына не кіреді

Көптеген ингаляторларда пропиленгликоль, өсімдік глицерині және «ащы жалбыз» хош иістендіргіші бар. Осыған ұқсас келетін негіз электронды темекіге арналған сұйықтықтарда да қолданылады, дегенмен олардың құрамында әдетте никотин болады. Кейбір құрамдарда су және басқа да қоспалар кездеседі. Әртүрлі өндірушілер әртүрлі құрамдарды ұсынады, сондықтан сатып алмас бұрын таңбаламаны оқып, толық құрамын тексеріп алып, адал өндірушілерді таңдаңыз.

Келесі жайтты есте сақтаған маңызды: никотинсіз ингалятор ағзадағы никотиннің орнын толтырмайды. Жабыстырғыштар, сағыз бен басқа да никотин алмастырғыш терапияларға қарағанда ол физикалық тәуелділікті жеңуге көмектеспейді.

Ингалятор темекіден арылуға көмектесе ала ма?

Мұндай құралдың пайдасы негізінен мінез-құлыққа байланысты болып келеді. Шылымқұмар аузына темекі салып, ішке тартып, таныс рәсімді қайталауға әбден дағдыланып қалған: күйзеліс кезінде, көлік айдағанда, жұмыстағы үзіліс барысында. Ингалятор бұл әрекеттерді ішінара алмастырып, шылымға ұмтылыс сәтінде алдарқата алады.

Алайда ол тәуелділіктің өзін жоймайды. Темекі шегуді тастаудың дербес тәсілі ретінде жалбыз ингаляторының тиімділігі әзірге зерттелмеген.

Неліктен ингалятор қайтару нышанатын жоймайды

Адам шылым тартуды тастағанда никотин ағзаға түспейді. Бұл ретте ашуланшақтық, мазасыздық, зейін қоюға байланысты қиындықтар, ұйқыға қатысты түйткілдер және темекі шегуге деген қатты құштарлық пайда болады. Дәл осындай құмарлық пен қайтару нышынатының белгілері кезеңдерінде әдетке оралу қаупі ең жоғары болып келеді.

Жалбыздың хош иісі мен темекі тартуға ұқсайтын үйреншікті қимыл никотинді алмастырмайды және қайтару нышанатының физиологиясын өзгертпейді. Сол себептен темекісіз алғашқы күндері ингаляторды қолдансаңыз да, құмарлық аса күшті болуы мүмкін.

Қандай баламалар бар

Никотин алмастыратын терапия мен дәрігердің тағайындауы бойынша темекі шегуден бас тартуға арналған дәрілердің тиімділігі дәлелденген. Жетістікке жету мүмкіндігін маманның қолдауы мен мінез-құлық терапиясы арттыра түседі.

Егер сіз әзірге әдетіңізден құтылуға дайын болмасаңыз, зиянды азайту тәсілі ретінде хиттерлерді қарастыруға болады. Олар қарапайым темекімен салыстырғанда зиянды заттектерді, соның ішінде бірқатар улы қосылыстар мен канцерогендерді айтарлықтай азырақ бөледі. Сонымен бірге темекіден хиттерлерге ауысқанда қайтару нышанатының белгілері әлсіздеу болуы мүмкін: никотинсіз жалбыз ингаляторларына қарағанда никотин ағзаға түсуді жалғастыра береді. Никотиннің көбінесе нағыз тажал етіп көрсетілетініне қарамастан, шылым тартудың негізгі зияны темекі өнімдерінің жануымен байланысты болып отыр. Дәл осы заттектер көптеген аурулардың даму қаупін арттырады.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.