K-Beauty: теріге шын мәнінде не қажет, ал қайсысы әшейін маркетинг

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Корей косметикасы Азия нарығының шеңберінен әлдеқашан асып түскен: оны ерекше құрылымы, ойластырылған формулалары мен теріні ылғалдандырып, бал-бұл жайнату уәдесіне бола таңдайды. Алайда K-Beauty теріге деген үйреншікті күтімнен несімен ерекшеленеді және корейлік күтім баршаға бірдей қажет пе? Лайқос дәрігер-дерматокосметолог Лаура Әбдібаевамен бірге келесіні анықтады: K-Beauty саласының қандай трендтері шын мәнісінде жұмыс істейтіні, ал қайсысын елемеуге болатынын айтып береміз.

K-Beauty дегеніміз не және ол неге танымал болды

K-Beauty – бұл тері күтімінің тұтас бір мәдениеті. Оның танымалдылығы бірнеше қағидаттардың үйлесіміне негізделген: тұрақты ылғалдандыру, ұқыпты тазалау, қорғаныс тосқауылын қолдау және жайлы құрылымдар.

Негізгі назарды нақты түйткілге (мәселен, безеу, қара дақтар немесе әжім) аударатын әдіс-тәсілмен салыстырғанда корей индустриясы терінің жалпы сапасына ерекше екпін түсіреді. Бұл тұста айқын кемшіліктердің болмауы ғана емес, сонымен бірге терінің тегістігі, біркелкі реңкі, қабыршақтанудың болмауы мен табиғи жарқырау аса маңызды.

Неліктен көп сатылы күтім жасау енді міндетті емес

Оңтайлы күтім терінің түріне, оның күйі мен жеке қажеттіліктеріне байланысты болып келеді. Егер тері аурулары немесе айқын түйткілдер бар болса, құралдарды дерматолог маманымен бірге таңдаған дұрыс.

Қосымша тонерлер, патчтар, сарысулар және көз айналасындағы теріге арналған иісмайлар бәріне бірдей қажет бола бермейді. Егер негізгі күтім терінің қажеттіліктеріне сәйкес келсе, оны тек трендке бола кеңейтудің қажеті шамалы. Косметикалық химия мен биоинженерияның дамуы бірнеше белсенді ингредиенттердің бір уақытта жұмыс істейтін күрделірек формулаларды жасауға мүмкіндік берген. Мәселен, бір ылғалдандырғыш иісмайдың құрамында ылғалды сақтайтын глицерин, қорғаныс тосқауылын қолдайтын церамидтер және құрғақтықты азайтатын жұмсартқыш құрамдастар болуы әбден мүмкін.

Күтімнің негізі: тазарту, ылғалдандыру, SPF

  • Жұмсақ тазалау терінің қорғаныс тосқауылын зақымдамай, ластануды, артық тері майын және косметика қалдықтарын кетіруге көмектеседі.
  • Ылғалдандыру терінің су теңгерімін сақтауға, құрғақтықты азайту мен оның қорғаныс тосқауылын қолдауға септеседі.
  • Фотоқорғаныс терінің ультракүлгін сәулемен зақымдануына, қара дақтардың пайда болуы мен ерте қартаю белгілеріне жол бермеуге көмектеседі.

Қалған құралдарды жеке қажеттіліктерді ескере отырып таңдаған дұрыс. Безеу, айқын гиперпигменттену, фотоқартаю, тұрақты құрғақтық немесе жоғары сезімталдықпен бірге жүретін аурулар қосымша құралдарды немесе емдеуді қажет етуі мүмкін.

K-Beauty сәнді ингредиенттері: қайсысы пайдалы

Толыққанды қолданудың алдында әрбір жаңа құралды терінің шағын аймағында сынап көру және реакцияны бақылау ұсынылады. Әсіресе, аллергиясы, сезімтал және реактивті терісі бар адамдар сақ болуы керек. Мұндай жағдайда алдын ала дерматолог немесе косметолог маманымен кеңесіп алған абзал.

Азиялық центелла: не үшін керек және кімдерге жарамды

Центелла терінің қызаруы мен тітіркенуін азайту арқылы оны тыныштандыруға көмектеседі. Ол қорғаныс тосқауылын қолдайды, ылғалды сақтауға септеседі және құрғақтық, сезімталдық, тіпті, айқын дерматит кезінде пайдалы болуы әбден мүмкін. Антиоксиданттық қасиеттерінің және коллаген синтезінің үдерістеріне ықтимал әсерінің арқасында центелла қартаюға қарсы күтімді толықтыра түседі.

Құрамында центелласы бар кез келген құрал бірдей тиімді бола бермейді: құрауыштың концентрациясы, басқа ингредиенттермен үйлесімі және дайын өнімнің қасиеттері өте-мөте маңызды. Оны иісмайларға, сарысуларға, тонерлер мен маскаларға қосып, тыныштандыратын әсер береді деп уәде етеді.

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Гиалурон қышқылы

Бұл құрамдас бөлік ылғалды сақтауға және тері бетінің ылғалдылығын жақсартуға көмектеседі. Осының арқасында тері тегіс, жұмсақ және ажарлы болып көрінеді. Алайда оның әсері құралдың құрамына байланысты және гиалурон қышқылының өзі терінің барлық түйткілдерін шешеді дегенді білдірмейді.

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Ұлу муцині

Ұлу муцині, ең алдымен, ылғалдандырғыш және жұмсартқыш құрамдас ретінде белгілі. Сонымен бірге оның әжімдерді немесе тыртықтарды айтарлықтай азайтатыны сияқты ауқымды әсері туралы көптеген мәлімдеменің дәлелділігі шектеулі. Сондықтан одан қандай да бір әмбебап әсер күтудің қажеті жоқ.

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Иісмайдағы церамидтер: теріге не үшін қажет

Церамидтер – терінің өзінде болатын және жасушалар арасындағы нағыз «цемент» ретінде жұмыс істейтін майлар: іштегі ылғалды ұстап тұрады, тітіркендіргіштерді ішке қарай өткізбейді. Олар жетіспеген жағдайда тері кебеді де, қабыршақтанады және кез келген нәрсеге реакция береді. Сол себептен иісмайдағы церамидтер тосқауылды қалпына келтіру мен теріге жайлылық сезімін қайтаруға көмегін тигізеді.

Олар терінің кез келген түріне жарамды болып келеді, әсіресе, тері тартылып, тітіркенетін болса. Церамидтер тосқауылды қорғау бойынша «әріптестерімен»: холестерин және май қышқылдарымен бірге әлдеқайда жақсырақ жұмыс істейді. Құрамында үш құрамдас та болса, әсері айқын болары сөзсіз.

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Ретинол және ретиналь: күтімге қалай енгізу керек

Ретиноидтар – А дәруменінің туындылары, олар безеуді емдеу, терінің тегіс емес текстурасын, қара дақтар мен фотоқартаю белгілерін түзету мақсатында қолданылады. Құрғақтық, қабыршақтану және тітіркену ықтималдығын азайту үшін құралды бірте-бірте енгізген маңызды. Оларды алғашқы күндерден бастап тым жиі қолдану нәтижеге жылдам жетуге кепілдік бермейді, алайда қорғаныс тосқауылының зақымдану қаупін арттырып жіберуі мүмкін. Егер қатты дызылдау, тұрақты қызару, ауырсыну немесе айқын қабыршақтану пайда болса, құралды қолдануды тоқтатып, терінің күйін бағалау қажет. Симптомдар сақталған жағдайда дерматолог маманына қаралған абзал.

Егер тері қатты тітіркенсе, қабынып, қабыршақтанып кетсе, не болмаса, тіпті, қарапайым күтімнің өзін де көтере алмаса, оларды өз бетіңізше қолдануды бастамағаныңыз жөн. Мәселен, сыртқы ретиноидтарды әдетте жүктілік кезінде және оны жоспарлау кезеңінде пайдалануға кеңес бермейді.

Оларды ылғалдандырғыш және тыныштандырғыш құрамдастармен: церамидтер, пантенол, гиалурон қышқылы, ниацинамид және центелламен үйлестіруге болады. Ал қышқылдар мен басқа да ықтимал тітіркендіргіш заттарды, әсіресе, ретиноидтарды қолданудың басында терінің тітіркенуін тудырмау үшін сақтықпен енгізген жөн.

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Ниацинамид

Күтімде ниацинамидті тері тосқауылын қолдау және тегіс емес реңктің сыртқы түрін жақсарту мақсатында қолданады. Мұндағы нәтиже де, басқа белсенді құрамдастардағыдай, концентрацияға, формула мен жеке төзімділікке байланысты болып келеді.

Ол темекі түтінінің әсерінен беттің күңгірт реңкіне боялуы және ерте қартаю белгілеріне жиі ұшырайтын шылымқұмардың терісіне күтім жасаудың пайдалы құрамдас бөлігі болуы бек мүмкін.

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Темекі тартқанда теріні қалай күту керек

Шылым тарту денсаулықтың жалпы жағдайына ғана емес, сонымен бірге теріге де әсер етеді. Темекі түтіні бос радикалдардың түзілуіне және тотықтырғыш күйзелісіне ықпал етеді, тіндердің қанмен қамтамасыз етілуін нашарлатады және жазылуды баяулата түседі. Уақыт өте келе бұл әжімдердің ерте пайда болуына, күңгірт тартқан реңкке және терінің серпімділігінің азаюына әкеліп соқтыруы ықтимал.

Оның денсаулығын сақтау үшін негізгі күтім ережелерін ұстанған маңызды.

  • Темекі түтінінің ағза мен теріге одан әрі әсерін азайтудың ең тиімді бір жолы – темекі шегуден бас тарту. Косметикалық күтім терінің жай-күйін қолдай алады, дегенмен аталмыш қадамды алмастыра алмайды. Егер әдеттен бас тарту сіздің жоспарыңызға кірмесе, хиттерлерді қарастырып көруге болады. Олар жану үдерісі мен темекі түтінінің пайда болуына жол бермейді.
  • Антиоксиданттарды қолданыңыз. С дәрумені жасушаларды тотықтырғыш күйзелісінен қорғауға көмектеседі, коллагеннің синтезіне қатысады және терінің реңкін тегістеуге ықпал етуі мүмкін. Е дәруменінің де антиоксиданттық қасиеттері бар, ал ниацинамид қорғаныс тосқауылын сақтауға және ылғал жоғалтуды азайтуға септеседі.
  • Ылғалдандыруды ұмытпаңыз. Терінің қорғаныс тосқауылын сақтауға және артық ылғал жоғалтудың алдын алуға көмектесетін құралдарды таңдағаныңыз абзал.
  • Күннен қорғайтын құралды күнделікті жағыңыз. SPF 30 немесе одан да жоғары кең спектрлі әсерді қолданыңыз. Ультракүлгін сәуле де фотоқартаюға ықпал етеді, сол себептен темекі тартасыз ба, әлде жоқ па – бұған қарамастан, күн сәулесінен қорғанған аса маңызды.

Теріге шынымен де жарамды күтімді қалай таңдау қажет?

Терінің қажеттіліктері маусымға, климатқа, саяхаттарға, гормондық ауытқулар мен басқа да факторларға байланысты өзгеріп отыруы әбден мүмкін. Құралдарды таңдау кезінде бірнеше қағидатты ескеру керек:

Мифсіз K-Beauty: корей косметикасының қайсысы теріге шынымен қажет

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.