Етеккірді жеңілдетудің жолы: хал-жайды жақсартуға арналған 8 қарапайым әдет

Етеккірді жеңілдетудің жолы: хал-жайды жақсартатын 8 қарапайым әдет

Етеккір іштің төменгі жағында болатын ауырсыну сезімі, іштің кебуі, шаршау мен көңіл-күйдің құбылуымен бірге жүруі мүмкін. Бұл күндері өз ағзаңызды тыңдап, жайсыздыққа шыдамағаныңыз маңызды. Лайқос қандай әдеттер өзіңізді жақсы сезінуге көмектесетіні мен дәрігерге қашан қаралу керектігін айтып береді.

Дәрігерге қашан бару керек

Келесі жағдайларда гинекологқа жазылыңыз:

  • етеккір әлдеқайда қатты ауырсынумен бірге жүрсе немесе көп болса;
  • ауырсыну әдеттегі істермен айналысуға кедергі келтірсе;
  • қан кету әдеттен тыс ұзақ уақытқа созылса;
  • етеккір арасында қанды бөліністер пайда болса.

Егер төсем немесе тампон шамамен бір сағаттың ішінде толық суланып, әрі бұл бірнеше сағатқа созылса, әсіресе, бас айналу, қатты әлсіздік немесе ентігу пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгініңіз.

Жайсыздықты азайтудың жолы

1. Гигиенаны сақтаңыз

Күн сайын себезгі қабылдаңыз, қажет болған жағдайда таңертең және кешкісін. Интимдік гигиена үшін жылы су мен хош иістендіргішсіз жұмсақ құралдардың өзі жеткілікті. Бүркіп жуу мен агрессивті тазартқыш заттардың мүлдем қажеті жоқ: олар теріні тітіркендіреді және табиғи микрофлораны бұзады.

2. Гигиена құралдарын уақытында ауыстырыңыз

Төсемдердің толып кетуін күтпей-ақ, оларды бірнеше сағат сайын ауыстырып тұрыңыз. Тампондарды әрбір 4-8 сағат сайын ауыстырып, сегіз сағаттан артық қолданбаңыз. Етеккір тостағанын нұсқаулыққа сәйкес босатып, тазалап тұрыңыз: көптеген үлгілер үшін шек 8-12 сағатты құрайды. Осылайша сіз ағып кету мен тітіркенуден құтыласыз.

3. Эмоциялық күйіңізді сақтаңыз

Етеккір алдындағы және алғашқы күндердегі ашуланшақтық, сезімталдықтың жоғарылауы мен көңіл-күйдің құбылуы гормондардың ауытқуына байланысты болып келеді. Мұндай күндері міндетті емес жүктемені азайтыңыз, жиі үзіліс жасаңыз және өзіңізден барынша өнімділікті талап етпеңіз. Босаңсуға көмектесетін нәрселерге уақыт бөлгеніңіз абзал: серуендеу, кітап оқу, жақындарыңызбен әңгімелесу, тыныс алу жаттығулары. Егер эмоциялық белгілер тұрақты түрде өте күшті болып, өмір сүруге кедергі келтірсе, мұны дәрігермен талқылап алыңыз.

4. Ас үлесіне құрамында темір бар өнімдерді қосыңыз

Ағза қанмен бірге темірді жоғалтады. Қорды толықтыру үшін ас үлесінде ет, балық, жасымық және басқа да бұршақ тұқымдастарды үнемі тұтынғаныңыз жөн. Өсімдік өнімдеріндегі темір С дәруменімен бірге жақсы сіңіріледі, сондықтан оған болгар бұрышын немесе цитрусты қосыңыз. Егер етеккір көп болса, ал әлсіздік пен шаршағандық қайталана берсе, дәрігерден гемоглобин мен ферритинді тексеруді сұраңыз.

5. Өзіңізді жақсы сезінсеңіз, қозғалыңыз

15-20 минутқа созылатын серуен, жай ғана керіліп-созылу жаттығулары немесе йога жайсыздықты азайтуға және көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Қарқынды түрде жасалатын жаттығулар тіптен қажет емес. Өзіңізді қалай сезініп тұрғаныңызға көңіл бөліңіз және қатты ауырсыну немесе әлсіздік болса, өзіңізді қинамағаныңыз абзал.

6. Жылуды пайдаланыңыз

Іштің төменгі жағына жылытқышты немесе жылу жабыстырғышын қою, жылы себезгі немесе ванна қабылдау спазмдарды азайтуға септігін тигізеді: жылу бұлшықеттерді босаңсытып, ауырсынуды жеңілдетеді.

Егер бұл аз болса, кейде стероидты емес қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер көмектеседі. Олардың қарсы көрсетілімдері бар, сол себептен созылмалы аурулар, асқазанға байланысты түйткілдер және басқа да шектеулер болса, алдымен дәрігер немесе фармацевттің кеңесін алғаныңыз дұрыс.

Егер ауырсыну оқуға, жұмыс істеуге немесе күнделікті істерге үнемі кедергі келтірсе, оны қалыпты жағдай деп санамаңыз. Қатты ауырсыну сезімі эндометриоз және дәрігердің тексеруін қажет ететін басқа да жағдайлармен байланысты болуы ықтимал.

7. Демалысқа немқұрайлы қарамаңыз

Етеккір кезінде күш-қуат аз болуы бек мүмкін, ал әдеттегі істер қиынға соғады. Егер шаршағаныңызды сезінсеңіз, жүктемені азайтып, ертерек ұйықтап, әрі демалуға уақыт қалдырыңыз.

8. Темекі тарту мен алкогольден бас тартыңыз

Темекі түтінінің құрамдастары қабыну үдерістеріне және репродуктивті жүйе жұмысының бұзылуына ықпал етуі мүмкін. Сондай-ақ зерттеулер темекі тарту мен эндометриоз қаупінің жоғарылауы арасындағы байланысты анықтап отыр – бұл ауру етеккір кезіндегі қатты ауырсынумен бірге жүруі ықтимал. Егер сіз көптен бері темекіні тастауды жоспарлап жүрсеңіз, бұл әдеттен арылу туралы ойлануға тағы бір себеп. Никотинге деген тәуелділік кезінде никотинді алмастыратын терапия мен мінез-құлықты қолдау көмектесе алады – олар темекіден бас тарту мүмкіндігін арттыра түседі.

Егер әзірге темекі шегуден құтылу жоспарыңызға кірмесе, бұл өз денсаулығыңыз жайлы ұмытуға себеп емес. Зиянды азайту мақсатында балама нұсқа ретінде хиттерлерді қарастырып көріңіз. Олар темекінің жану үдерісі мен құрамында шайыр, тұншықтырғыш газ және канцерогендер бар темекі түтінінің түзілуіне жол бермейді.

Сонымен бірге алкоголь ішуден де бас тартқан жөн. Ол ұйқының сапасын нашарлатып, бас ауруы мен шаршауды күшейтуі бек мүмкін, ал кейбір әйелдерде, тіпті, етеккір кезіндегі көңіл-күйдің құбылуын тереңдетеді. Етеккірдің өзі ішімдікті тұтынуға қарсы көрсетілім болып саналмаса да, алкогольдің мөлшерін азайту немесе одан уақытша арылу жағымсыз белгілерді әлдеқайда жақсырақ бақылауға көмектеседі.

Как вы оцените статью?
[Total: 0 Average: 0]

Оставить комментарий


The reCAPTCHA verification period has expired. Please reload the page.